



Ғылыми-зерттеу жобаларының қосалқы орындаушылары:


2025 жылдың 5 қыркүйегінен бастап бүгінгі күнге дейін «БШҒӨО» ЖШС қызметкерлері – С. Қарлыбайұлы, Ж. Баққожа, Б. С. Пангереев және Н. К. Сахарин – Алакөл көлдер жүйесінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
Зерттеулер бюджеттік бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылуда.
Қазіргі уақытта экспедициялық жасақ келесі бағыттар бойынша жұмыс істеуде:
Жұмыстар Алакөл балық инспекциясы бөлімінің бас маманы Ш. Күленованың қатысуымен жүргізілуде.
Алакөл көлдер жүйесіндегі зерттеу жұмыстары жалғасуда.


«Заманауи акваөсіру – бұл ғылыми жетістіктер мен өндірістік тәжірибенің интеграциясы арқасында белсенді дамып келе жатқан жоғары технологиялық сала. Балық шаруашылығының табысты және тұрақты дамуының негізгі факторларының бірі – өндірістік шаруашылықтар мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының жемісті ынтымақтастығы.
Балық шаруашылықтары мен ғылыми ұйымдардың бірлескен жобалары судың сапасын және балықтардың жағдайын бақылаудың заманауи әдістерін, биотехнологиялар мен озық инновациялар қолдана отырып, өсіру мен көбейту әдістерін енгізуге мүмкіндік береді. Әсіресе Қазақстан аквакультурасына жаңа объектілерді енгізу, дәстүрлі объектілерді өсіру технологияларын технологиялық даму тұрғысынан қайта қарау, сондай-ақ су айдындарымыздың биологиялық әртүрлілігін сақтау мәселелері бойынша әзірлемелер ерекше маңызды.
📍 Осы мақсатта «БШҒӨО» ЖШС-нің Ғылым жөніндегі бөлім басшысының орынбасары, б.ғ.д., профессор Асылбеков С.Ж., аквакультура зертханасының меңгерушісі Булавина Н.Б. және аквакультура зертханасының ғылыми қызметкері, PhD Маратова Г.М. «АгроАкваКомплекс» ЖШС-на барды.
«АгроАкваКомплекс» ЖШС-нің балық өсіру учаскесі Алматы облысы, Байдібек би ауылы мекенжайында орналасқан. Координаттары: ендік 43°31’34.67″С, бойлық 77°41’3.91″Ш.
«АгроАкваКомплекс» ЖШС-нің балық өсіру аумағында жоспарланған негізгі нысандар – сазан (Cyprinus carpio), ақ амур (Ctenopharyngodon idella), ақ дөңмаңдай (Hypophthalmichthys molitrix), албырт (Oncorhynchus mykiss) және бекіре тұқымдас балықтар (атап айтқанда сібір бекіресі – Acipenser baerii).
Балық өсіру аумағын сумен қамтамасыз ету – бұлақтар мен жерасты суларынан құралған шағын өзендер есебінен жүзеге асады. Сумен қамтамасыз ету ағынды су арқылы жүргізіледі. Балықтардың тоғандардан шығып кетпеуі үшін су беретін және су ағызатын жерлерге қорғаныш торлары орнатылған. Тоғандардағы су ағынын реттеуге мүмкіндік бар.
Тоғандардан суды ағызу арнайы су ағызу арналары арқылы жүргізіледі және ол шаруашылықтың төменгі бөлігінде орналасқан егістік алқаптарды суаруға пайдаланылады.
«АгроАкваКомплекс» ЖШС балық өсіру шаруашылығы аймағында қоршаған орта экологиясына теріс әсер ететін антропогендік көздер мен факторлар жоқ.
№ BR2359l095 БНҚ аясында, «Балықтардың санын есепке алу және шекті рұқсат етілген аулауды есептеу бойынша бағдарламалық кешенді және отандық әдістемелік ұсынымдарды әзірлей отырып, ішкі кәсіпшілік су айдындарындағы қорлардың жай-күйін модельдеу» жобасы бойынша «Компания системных исследований «Фактор» ЖШС балық қорларын есептеу және бағалау үшін ақпараттық жүйе әзірлеуде.
Бүгін «Компания системных исследований «Фактор» ЖШС-нің бас директоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты Габбасов Марс Беккалиевич «Балық ресурстары қорларын бағалаудың жылдық көптүрлі когорттық математикалық модельдері» тақырыбында онлайн-семинар өткізді.
Семинар барысында келесі мәселелер қарастырылды:




2025 жылғы 19 тамызда Қазақстан мен Иордания арасында онлайн-форматта IV Іскерлік кеңестің отырысы өтті. Кездесу барысында фармацевтика, сауда және логистика, ауыл шаруашылығы және туризм сияқты негізгі салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың келешегі талқыланды.
«Қазақстандағы балық шаруашылығы мен аквакультураны шолу: ағымдағы мәртебе және болашақ» тақырыбында аквамәдениет зертханасының аға ғылыми қызметкері Р.Т. Бараков баяндама жасады. өз сөзінде ол ғылымның саланы дамытудың стратегиялық драйвері ретіндегі рөлін атап өтіп, бизнес өкілдерімен бірлесіп іске асырылатын қолданбалы зерттеулер мен жобалардың маңыздылығын атап өтті.
Жаһандық сын — қатерлерді-азық-түлік қауіпсіздігін, су ресурстарының тапшылығын және климаттың өзгеруінің салдарын шешуде Қазақстан мен Иорданияның ғылымы мен бизнесін интеграциялау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кеңес әріптестік байланыстарды нығайтуға және тұрақты дамуға бағытталған бірлескен шешімдерді әзірлеуге арналған алаңға айналды.

2025 жылдың 28-ші жұлдызынан 04-ші тамыз аралығында «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-ның мамандары «Көлсай Көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің (МҰТП) Ерекше қорғалатын табиғи аумағында (ЕҚТА) орналасқан Ортаңғы және Төменгі Көлсай көлдерінде төмендегідей кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді:
-гидрохимиялық сынамаларды алу, далалық және зертханалық жұмыстар жүргізу;
-вегетациялық кезеңде (зоопланктон, фитопланктон және зообентос) гидробиологиялық сынамалар алу;
-Көлсай көлдерінің таяз суларынан шабақтық сүзгі аумен құбылмалы бахтах балығының ұдайы өсуінің сынамасын алу;
-балықтардың кәсіптік қорларын бағалау үшін ау құру.
Ортаңғы және Төменгі Көлсай көлдері Алматы облысында орналасқан. Көлсай көлдеріне кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстары «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығымен» 2017 жылдан бастап жүргізіп келеді.


2025 жылдың 14 шілдесінен бастап бастап қазіргі уақытқа дейін «БШ ҒӨО» ЖШС-нің ғылыми қызметкерлері Алакөл көлдер жүйесінде далалық зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Әр қызметкердің іссапар мерзімі атқаратын жұмысына байланысты 14-33 күнге дейінгі аралықты қамтыды.
Экспедициялық топтың жетекшісі – Қарлыбайұлы С., құрамында эксп. отряд жетекшісі Минат А., ғылыми қызметкер Игілік Р., кіші ғылыми қызметкер Өтеген С., кіші ғылыми қызметкер Маратұлы Қ., аға ғылыми қызметкер Амирбекова Ф.Т. және лаборант-жүргізуші Абишев Н.Б.мамандары бар.
Жұмыстар — 021 бюджеттік бағдарламасы, Алакөл көлдер жүйесі бөлімі бойынша ғылыми бағдарламасы аясында атқарылуда.
Зерттеу бағыттары:
Зерттеу жұмыстары «ҒЗЖ» бағдарламасының негізінде бекітілген маршруттар бойынша жүргізілуде. Экспедиция қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қажетті техникамен және байланыс құралдарымен жабдықталған. Қазіргі уақытта далалық және зертханалық жұмыстар жалғасуда.

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы С. Сермағамбетовтың бұйрығымен «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-нің басшысы қызметіне Суюбаев Алмат Сағынтайұлы тағайындалды.
Алмат Сағынтайұлы 1975 жылы дүниеге келген. Еңбек жолын 1997 жылы Каспий және өңірлік қарым-қатынас мәселелері жөніндегі бөлімнің референті, ҚР Сыртқы істер министрлігі Көп жақты ынтымақтастық департаментінде бастаған.
1997-2003 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінде референт қызметінен бірінші хатшы қызметіне дейін;
2003-2012 жылдары ҚР Түркия, Түркменстан Республикасыдағы Елшіліктерінде және Женева қаласында хатшы қызметтерін атқарған;
2012-2016 жылдары ҚР Стамбул қаласындағы бас консулдығының кеңесшісі;
2017-2019 жылдары Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары;
2020-2021 жылдары ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Түркістан және Алматы облыстарының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекция басшысының орынбасары және басшысы;
2021-2025 жылдары ҚР АШМ Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы қызметін абыроймен атқарды.
Бас директорға жаңа қызметінде толағай табыс тілейміз!
