«Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» медалімен марапаттау

«Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-нің ұжымы Солтүстік филиалдың аға ғылыми қызметкері, құрметті қызметкер Ольга Ивановна Кириченконы мерейлі 70 жасымен шын жүректен құттықтайды!

Ольга Ивановна 40 жылдан астам өмірін балық шаруашылығы ғылымын дамытуға арнап, саланың түрлі қызметтерінде еңбек етіп, бай кәсіби жолдан өтті. Әр жылдары ол балық шаруашылығы саласының дамуына елеулі үлес қосты, соның ішінде Алтай филиалын табысты басқарды.

Ғылыми қызметі барысында Ольга Ивановна 150-ден астам ғылыми жарияланымның және өнертабыстарға берілген 15 патенттің авторы атанды. 2018 жылдан бастап бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясындағы ғылыми жобаларға табысты жетекшілік етіп, олардың жүзеге асырылуы отандық балық шаруашылығы ғылымының дамуына зор үлес қосты.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А. Сапаровтың 2026 жылғы 6 маусымдағы бұйрығына сәйкес, көп жылғы жемісті еңбегі, жоғары кәсібилігі және Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы саласын дамытудағы ерекше еңбегі үшін Ольга Ивановнаға «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» құрметті атағы берілді. Салтанатты жағдайда оған осы жоғары марапаттың белгісі саналатын төсбелгі табысталды.

Сонымен қатар, Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының басшылығы атынан Ольга Ивановнаға өз ісіне адалдығы, жоғары кәсіби шеберлігі және балық шаруашылығы саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Алғыс хат» табыс етілді.

Құрметті Ольга Ивановна! Сізді 70 жас мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Сізге зор денсаулық, бақыт, бақ-береке, сарқылмас күш-қуат, жаңа ғылыми жетістіктер, әріптестеріңіздің құрметі мен жақындарыңыздың ыстық ықыласын тілейміз. Мол тәжірибеңіз, даналығыңыз және мамандығыңызға деген адалдығыңыз алдағы уақытта да отандық ғылым мен балық шаруашылығы саласының өркендеуіне қызмет ете берсін!

 

Ашық есік күні

Балық шаруашылығы қызметкерлері күніне орай «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттеріне арналған ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шара барысында болашақ мамандар гидробиология, аквакультура және ихтиология зертханаларының жұмысымен танысып, ғылыми зерттеулердің заманауи бағыттары туралы мәлімет алып, практикалық сабақтарға қатысты.

Зертханалық тәжірибе барысында студенттер:

  • фитопланктонды, зоопланктонды және зообентосты зерттеу әдістерін меңгерді;
  • гидробиологиялық сынамаларды өңдеудің негізгі тәсілдерімен танысты;
  • Орталық мамандарының жетекшілігімен зертханалық құрал-жабдықтармен жұмыс істеу бойынша тәжірибелік дағдыларға ие болды.

Мұндай іс-шаралар студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруға, ғылыми қызметтің ерекшеліктерімен танысуға және болашақ кәсіби жолына сенімді қадам жасауға мүмкіндік береді. Іс-шараға қатысқан барлық студенттерге қызығушылық танытқандары үшін алғыс білдіреміз, сондай-ақ болашақ кәсіби қызметтеріне табыс тілейміз!

Қапшағай суқоймасында және Іле өзенінде жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстары

2026 жылғы 12 мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін экспедициялық жасақ құрамында экспедициялық отрядтың жетекшісі С.Ж. Макамбетов, ихтиология зертханасының меңгерушісі Е.Т. Сансызбаев, ғылыми қызметкерлер Б.С. Пангереев пен Л.А. Жданко, әкімшілік-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі Е.Ж. Кошербаев, сондай-ақ жүргізушілер Н.К. Сахарин және А.Ж. Сазанбаев 021 бюджеттік бағдарламасы (100 бағдарламалық тармақ) және 267 бюджеттік бағдарламасы (101 бағдарламалық тармақ) аясында Қапшағай су қоймасы мен Іле өзенінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Жұмыстың мақсаты – Қапшағай суқоймасында, құярлық аймақта, Іле өзенінде (жоғары ағысы) балық ресурстары мен өзге де су жануарларының рұқсат етілетін шектеулі ауланатын мөлшерін есептеу және кәсіпті тиімді жүргізу жөнінде ұсыныстар беру үшін басты кәсіптік балық түрлерінің популяцияларының қазіргі кездегі жағдайын бағалау, сонымен қатар, биологиялық әртүрлілік динамикасын талдау және оны сақтау жөніндегі шараларды әзірлеу.

Қазіргі таңда экспедициялық отряд төмендегідей кешенді (гидрохимиялық, гидробиологиялық, ихтиологиялық) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде:
– Мониторингтік станциялардан гидробиологиялық, гидрохимиялық және ихтиологиялық сынамалар алынуды.
– Балық популяцияларының биологиялық көрсеткіштерін талдау, оның ішінде өлшемдік-салмақтық сипаттамаларын, сондай-ақ жынысы мен жетілу сатысын анықтау;
– Қапшағай су қоймасы мен Іле өзеніндегі негізгі кәсіптік балық түрлерінің тұқымдылығын анықтау үшін сынамалар алу;
– Алдын ала белгіленген нүктелерде эхолоттық түсірілім жүргізу және зерттеу аймағындағы кәсіптік жағдайды талдау;
Қапшағай суқоймасында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу кезеңінде Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы (БАОББШИ) Қапшағай балық инспекциясы бөлімінің бас маманы Советхан Ш.С. қатысуда.

 Кешенді зерттеу жұмыстары 2026 жылдың 13 маусымына дейін жалғасады.

 

Алакөл көлдер жүйесіндегі ғылыми зерттеулер

2026 жылғы 8 мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін экспедициялық жасақ құрамында экспедициялық отрядтың жетекшісі С. Қарлыбайұлы, ғылыми қызметкер Д.С. Бектуров, ғылыми қызметкер м.а. Р. Игилик, кіші ғылыми қызметкер С.А. Өтеген және лаборант-жүргізуші Н.Б. Абишев 021 бюджеттік бағдарламасы (100 бағдарламалық тармақ) және 267 бюджеттік бағдарламасы (101 бағдарламалық тармақ) аясында Алакөл көлдер жүйесінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Жұмыстың мақсаты – Алакөл көлдер жүйесінде балық ресурстары мен өзге де су жануарларының рұқсат етілетін шектеулі ауланатын мөлшерін есептеу және кәсіпті тиімді жүргізу жөнінде ұсыныстар беру үшін басты кәсіптік балық түрлерінің популяцияларының қазіргі кездегі жағдайын бағалау, сонымен қатар, биологиялық әртүрлілік динамикасын талдау және оны сақтау жөніндегі шараларды әзірлеу.

Қазіргі таңда экспедициялық отряд төмендегідей кешенді (гидрохимиялық, гидробиологиялық, ихтиологиялық) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде:
– Мониторингтік станциялардан гидробиологиялық, гидрохимиялық және ихтиологиялық сынамалар алынуды.
– Балық популяцияларының биологиялық көрсеткіштерін талдау, оның ішінде өлшемдік-салмақтық сипаттамаларын, сондай-ақ жынысы мен жетілу сатысын анықтау;
– Алакөл көлдер жүйесінде негізгі кәсіптік балық түрлерінің тұқымдылығын анықтау үшін сынамалар алу;
– Алдын ала белгіленген нүктелерде эхолоттық түсірілім жүргізу және зерттеу аймағындағы кәсіптік жағдайды талдау;

Алакөл көлдер жүйесінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу кезеңінде Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы (БАОББШИ) Алакөл балық инспекциясы бөлімінің бас маманы Куленова Ш.Б. қатысуда. Кешенді зерттеу жұмыстары 2026 жылдың 16 маусымына дейін жалғасады.

Қиғаш өзенінде кешенді мониторинг жүргізу

2026 жылғы 19-31 мамыр аралығында «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС қызметкерлері «Магистральдық су құбыры» ЖШС-мен жасалған келісімшарт аясында трансшекаралық Қиғаш өзенінде кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге кірісті. Зерттеу тақырыбы: «Астрахань–Маңғышлақ» магистральдық су құбырының «Қиғаш» бас су айдау сорғы станциясының су тарту құрылысының шаруашылық қызметі нәтижесінде Қиғаш өзенінің балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін залалдың өтемақы мөлшерін бағалау (есептеу), сондай-ақ балық қорғау құрылғысының тиімділігін анықтау».

Маусымдық мониторинг аясында «БШҒӨО» ЖШС бас бөлімшесінің ғалыми қызметкерлер Асылбекова С.Ж., сондай-ақ Атырау филиалының мамандары Кадимов Б.Л., Сүлейменов С.Б. және Абдошова М.М. балық ресурстарының және олардың қоректік базасының, соның ішінде зоопланктон мен фитопланктонның жай-күйін бағалауға бағытталған гидробиологиялық сынамалар алуда. Сонымен қатар жұмыстар барысында су тарту құрылыстарында орнатылған балық қорғау құрылғыларының шабақтардың қырылуын болдырмау мақсатындағы тиімділігі зерттелуде.

Қиғаш өзені трансшекаралық су нысаны болып табылады. Жүйелі ғылыми бағалау осы стратегиялық маңызы бар өңірдегі биоалуантүрлілікті сақтау, балықтардың көші-қон жолдарын және олардың табиғи көбею жағдайларын қорғау бойынша тиімді шараларды әзірлеуге мүмкіндік береді.

ҚазҰАЗУ-дың «Орман шаруашылығы және жер ресурстары» факультеті дәстүрлі бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді

2026 жылғы 13 мамырда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «Орман шаруашылығы және жер ресурстары» факультетінің ұйымдастыруымен түлектерге арналған дәстүрлі «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өтті. Іс-шараның басты мақсаты – студенттер мен жұмыс берушілер арасындағы байланысты нығайту, жас мамандарды еңбек нарығына бейімдеу және олардың кәсіби даму мүмкіндіктерін кеңейту болды. Жәрмеңкеге еліміздің түрлі салаларындағы жетекші компаниялар мен ұйымдар қатысып, студенттерге бос жұмыс орындары, өндірістік тәжірибе, тағылымдамадан өту және мансаптық өсу бағыттары бойынша толық ақпарат ұсынды. «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС атынан Инновациялар және өндірістік қызмет жөніндегі бас директордың орынбасары, PhD Баракбаев Тынысбек Темирханович қатысып, баяндама жасады. Іс-шара барысында студенттер жұмыс берушілермен тікелей кездесіп, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Ал компания өкілдері болашақ мамандардың кәсіби дайындық деңгейімен танысып, әлеуетті қызметкерлерді іріктеу мүмкіндігіне ие болды. Жәрмеңке аясында ашық диалог алаңы қалыптасып, бірқатар студенттер тәжірибеден өту және жұмысқа орналасу бойынша алдын ала ұсыныстар алды.

Қызылорда облысында «Қуатты өңірлік ғылым – қуатты өңір» тақырыбындағы көшпелі отырыс жүргізілді

2026 жылы 5 — 6 мамырда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы президиумның Қызылорда облысындағы «Қуатты өңірлік ғылым – қуатты өңір» тақырыбындағы көшпелі отырысы жүргізілді.
Жиын барысында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Д.Е. Жаналиновтың төрағалығымен облыстың әртүрлі салалары бойынша баяндамалар жасалды. Аталған шарада «БШҒӨО» ЖШС инновациялар және өндірістік қызмет жөніндегі бас директордың орынбасары, PhD Барақбаев Тынысбек Темірханұлы «Арал–Сырдария бассейні негізінде Қызылорда облысында тауарлы балық өсіру технологияларын жетілдірудің ғылыми-техникалық негіздерін қалыптастыру» тақырыбында баяндама жасады. Баяндама барысында өңірдегі аквакультураны дамытудағы ғылыми орталық тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар, саладағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары бойынша ұсыныстар баяндалды.

«Kazakh Osseter»-дің алғашқы жетістігі: Маңғыстауда балықты тірі қалдыру әдісімен тұңғыш қара уылдырық алынды

Маңғыстау облысының Әкімдігімен және «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-мен бірлесіп іске асырылатын, тағамдық уылдырықты тірідей алу әдісімен бекіре тұқымдас балықтардың аналық табынын қалыптастырудың инновациялық технологияларын енгізу жөніндегі 019 бюджеттік бағдарламасы аясында, «Kazakh Osseter» ғылыми-өндірістік кәсіпорны» ЖШС базасында жұмыстың алғашқы кезеңі сәтті өткізілді.

Жоба өңірдегі заңды бекіре өнімдерінің ассортиментін кеңейтуге, сондай-ақ оның экспорттық және ішкі әлеуетін арттыруға бағытталған.


акваөсіру зертханасының ғылыми қызметкері Гүлдана Маратованың және шақырылған технолог-балық өсіруші Жасұлан Орынбаевтың қатысуымен келесідей негізгі іс-шаралар кешені орындалды:

  • PIT-белгілерді пайдалана отырып, уылдырық беретін аналықтарды таңбалау жүргізілді;

  • Бонитировка жасалып, болашағы зор аналық табын іріктеп алынды;

  • Монтаждау жұмыстары орындалып, қыстату кешені дайындалды;

  • Балықтарды бейімдеу және кейіннен қыстатуға отырғызу жұмыстары жүргізілді;

  • Тағамдық уылдырық тірідей алу әдісімен сәтті алынды.


бұл кезең Маңғыстау облысында өнімнің экологиялылығына, сапасына және жоғары қосылған құнына бағытталған тұрақты әрі заманауи акваөсіруді дамытудағы маңызды қадам болды.

Іле өзенінің ихтиофаунасына кешенді зерттеу жүргізу

Балқаш филиалының қызметкерлері 021 (100) бюджеттік бағдарламасын іске асыру аясында 18-25 сәуір аралығында Іле өзенінің Тасмұрын магистральдық арнасы мен Бақанас ауылы ауданында кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізді. Бірлескен жұмыстарға Төменгі Іле балық инспекциясы бөлімінің бас маманы А.А. Асылбек қатысты.

Жұмыс барысында мамандар гидрологиялық көрсеткіштерді анықтады, гидрохимиялық және гидробиологиялық сынамалар алды, балықтарға биологиялық талдау жасады және уылдырық шашу алдындағы жағдайды бағалады. Ықпа торлардың көмегімен ақ балығының (жерех) уылдырық шашу алдындағы өрісі анықталды. Сондай-ақ, сүзекі ауымен бөтен және сор балық түрлерін аулау және оларға кейіннен морфологиялық талдау жұмыстарын жасау жүзеге асырылды.

Ашық есік күні!

Бүгін, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Орман шаруашылығы және жер ресурстары» факультетінің 6В08402-«Аквакультура және судың биологиялық ресурстары» білім беру бағдарламаларының студенттерінің өндірістік практикадан аяқталуына байланысты Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында ашық есік күніне қатысты. Бұл шараға 6В08402-«Аквакультура және судың биологиялық ресурстары» мамандығының 2, 3 және 4 – курс студеттері қатысты.
 
Экскурсия барысында олар біздің жетекші зертханаларымызбен танысты:
  • Ихтиология зертханасы
  • Аквакультура зертханасы
  • Гидроаналитика зертханасы
Студенттер балық шаруашылығын зерттеу мен сақтау саласындағы заманауи ғылыми зерттеулер мен практикалық әдістермен танысты.
 
Біз алдыңғы қатарлы білім беру мекемелерімен тығыз қарым-қатынас орнатуды және болашақ мамандармен білім алмасуды мақтан тұтамыз!