«2025-2035 жылдарға арналған ҚР биоалуантүрлілігін сақтау және ұтымды пайдалану жөніндегі Концепциянының» мақсаттары мен міндеттерін талқылау бойынша дөңгелек үстел өтуде

Бүгін, 2024 жылғы 25 маусымда Астана қаласында Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен   Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (ПРООН) және Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы (АСБК) төрағалығымен «2025-2035 жылдарға арналған ҚР биоалуантүрлілігін сақтау және ұтымды пайдалану жөніндегі Концепциянының» мақсаттары мен міндеттерін талқылау бойынша дөңгелек үстел өтуде.

          «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-ның  Бас директоры, биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Қ.Б. Исбеков дөңгелек үстел жұмысына балық шаруашылығы саласындағы сарапшы ретінде қатысты.

           Концепцияны Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі бекітеді және ұлттың әл-ауқатының негіздерінің бірі ретінде елдің биологиялық ресурстарын сақтау, қалпына келтіру және басқару саласындағы Қазақстан Үкіметі үшін негізгі басқарушы құжат болады деп күтілуде.

Қазақстан Республикасының биоәртүрлілігін сақтау және орнықты пайдалану жөніндегі 2025-2035 жылдарға арналған тұжырымдамасын талқылау бойынша екінші онлайн кеңес өтті.

Бүгін, 24.06.2024 ж., «2025-2035 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының биоалуантүрлілігін сақтау және ұтымды пайдалану жөніндегі Концепциянының» мақсаттары мен міндеттерін талқылау бойынша екінші онлайн кеңес өтті.

«Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-ның  Бас директоры Қ. Б. Исбеков Концепцияға қатысты ұсыныстар берді.

Кеңеске: «ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті» РММ, «Гидробиология және экология институты» мекемесі,   «Qazaq balyk» республикалық балық шаруашылығы және акваөсіру қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі, Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы, мемлекеттік табиғи резерваттар және басқа да мүдделі тараптар өкілдері  қатысты.     Концепция ұлттың әл-ауқатының негіздерінің бірі ретінде елдің биологиялық ресурстарын сақтау, қалпына келтіру және басқару саласындағы негізгі нұсқаулық құжат болып табылады. 

Қазақстан Республикасының биоәртүрлілігін сақтау және орнықты пайдалану жөніндегі 2025-2035 жылдарға арналған тұжырымдамасын талқылау бойынша жұмыс кеңесі өтті.

Бүгін, 21.06.2024 ж. «Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС – нің бас директоры Исбеков К.Б., бас директордың орынбасары Асылбекова С. Ж. және бас ғылыми хатшысы Мухрамова А. А. «2025-2035 жылдарға арналған ҚР биоалуантүрлілігін сақтау және орнықты пайдалану жөніндегі тұжырымдаманың»мақсаты мен міндеттерін талқылау жөніндегі кеңеске онлайн қатысты.

Жобаны БҰҰДБ Жаһандық экологиялық қордың қаржылық қолдауымен жүргізеді, құжаттың бас әзірлеушісі биоәртүрлілікті сақтау Қазақстан қауымдастығы (АСБК) болып табылады.

«Балық шаруашылығы мен акваөсіруді дамыту туралы» тақырыбында тақырыптық отырыс

Бүгін, 2024 жылғы 12 маусымда сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілеттіктерін іске асыру жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес Аграрлық мәселелер жөніндегі комитет «Балық шаруашылығы мен акваөсіруді дамыту туралы» тақырыбында тақырыптық отырыс өткізді.

 

Отырыста «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Бас директоры, б.ғ. д., профессор, ҚР ҰҒА академигі Исбеков К. Б. «саланы ғылыми қамтамасыз етудің жай-күйі мен мәселелері» тақырыбында баяндама жасады.

 

Отырыс бағдарламасында келесі мәселелер талқыланды:

ҚР-дағы балық саласының ағымдағы жай-күйі, проблемалары мен даму перспективалары.

Балық ресурстарын қорғау мен молықтырудың жай-күйі мен проблемалық мәселелері.

Акваөсірудің дамуын тежейтін балық шаруашылығы кәсіпорындарының жай-күйі, жұмыс істеуінің негізгі проблемалары мен факторлары.

Кадрлық қамтамасыз ету саласының жағдайы мен проблемалары.

Балық шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын инспекторларды әлеуметтік қолдау мәселелері.

Балық өңдеу саласының, жабдықтар мен жоғары сапалы жемшөп өндірісінің өсуі мен даму проблемалары.

Саланы дамыту бойынша өзге де проблемалық мәселелер, жоспарлар мен ұсыныстар әзірлеу.

«Алдағы уақытта Қазақстан Республикасының табиғи суайдындарын балықтандыру үшін тұқының балық отырғызу материалының өсімін молайту, қолдан өсіру және сату»

Қазіргі уақытта «Ғылым қоры» АҚ қаржыландыратын «Алдағы уақытта Қазақстан Республикасының табиғи суайдындарын балықтандыру үшін тұқының балық отырғызу материалының өсімін молайту, қолдан өсіру және сату» коммерцияландыру жобасы аясында іске асырудан кейінгі кезең жалғастырылуда.

Аталған жұмыстар Алматы  облысында орналасқан «Қапшағай уылдырық шашшу – шабақ өсіру — 1973» ЖШС базасында жүзеге асырылуда.

«Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ғылыми қызметкерлер келесі жұмыстар жасалында:

1. Тұқы  балықтарының толықтырушы аналық үйірлерін бағалау;

2. Тұқының өндірушілерінен жыныс өнімдерін алу;

3. Ұрықтанған уылдырықтарды инкубациялау;

 

4. Тұқының дернәсілдерін өсіру

Қапшағай суқоймасы мен Іле өзеніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары

18 мамырдан бастап қазіргі уақытта «БШ ҒӨО» ЖШС-нің мамандарымен (экспедициялық отрядтың жетекшісі — Макамбетов С.Ж., ихтиология зертханасының меңгерушісі м.а. – Сансызбаев Е.Т., кіші ғылыми қызметкер м.а. — Игілік  Р., ғылыми қызметкер — Мұқатай А., аға лаборант – Маратұлы Қ. және лаборант — Абишев Н.Б.) 021 ББ «Балқаш-Алакөл бассейніндегі халықаралық, республикалық және ЕҚТА орналасқан балық шаруашылығы су айдындарын сонымен қатар жергілікті маңызы бар су айдындарының балық қорының жағдайын бағалау және/немесе олардың телімдерінде балық өнімділігін анықтау, балық және басқа да су жануарларының шекті аулау мөлшері бойынша және балық аулау ережесі мен тәртібін реттеу жөнінде биологиялық негіздемелер әзірлеу. Бөлім: Қапшағай суқоймасы және Іле өзені» бойынша Іле өзені мен Қапшағай суқоймасында көктем мерзіміндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстың мақсаты — іссапар кезеңінде мониторингтік нүктелер бойынша ихтиологиялық, гидробиологиялық және гидрохимиялық материалдар жинау.    

Жұмыстың мақсаты Қапшағай суқоймасында, құярлық аймақта, Іле өзенінде (жоғары ағысы) балық ресурстары мен өзге де су жануарларының рұқсат етілетін шектеулі ауланатын мөлшерін есептеу және кәсіпті тиімді жүргізу жөнінде ұсыныстар беру үшін басты кәсіптік балық түрлерінің популяцияларының қазіргі кездегі жағдайын бағалау болып табылады.

Қазіргі таңда экспедициялық отряд келесідей жұмыстар атқаруда:

— гидрохимиялық сынамаларды алу және талдау;

  — вегетациялық кезеңде (зоопланктон, фитопланктон және зообентос) гидробиологиялық сынамалар және жайылым кезінде балықтардың қорегі бойынша сынамаларды алу; 

 — кәсіптік ихтиофаунаның биологиялық талдауын жүргізу үшін кәсіптік балық аулайтын аудандар (биотоптар) бойынша ау құру.  

Қапшағай суқоймасында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу кезеңінде Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы (БАОББШИ)  Қапшағай балық инспекциясы бөлімінің бас маманы Шкуркин Н.В. қатысуда.

«Екінші және үшінші балық өсіру аймағында амур балығының осы жаздық шабақтарын жасанды түрде көбейту, өсіру және сату»

2024 жылдың 22 мамырынан қазіргі уақытқа дейін «Ғылым қоры» АҚ – ның қаржыландырылуымен № АР15573704 «Екінші және үшінші балық өсіру аймағында амур балығының осы жаздық шабақтарын жасанды түрде көбейту, өсіру және сату», коммерцияландыру жобасы аясында жұмыс жалғасуда.

Жоба грант алушы, яғни Шығыс Қазақстан облысындағы «Бұқтырма уылдырық шашу және өсіру шаруашылығы» ЖШС базасында жүзеге асырылуда.

«Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС қызметкерлерінің қатысуымен (аға ғылыми қызметкері Булавина Н.Б., ғылыми қызметкері Булавин Е.Ф.) келесі жұмыстар жасалуда:

  1. Амур балықтарының толықтырушы аналық үйірлерін бағалау;
  2. Амурдың өндірушілерінен жыныс өнімдерін алу;
  3. Ұрықтанған уылдырықтарды инкубациялау;
  4. Өсіруші тоғандарды амур дернәсілдерімен балықтандыру.

     Қазіргі уақытта дернәсілдер өсіріліп жатыр.

Алакөл көлдер жүйесін зерттеу

18 мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін «БШҒӨО» ЖШС қызметкерлерімен (экспедициялық жасақтың бастықтары Минат А., Қарлыбайұлы С., ғылыми қызметкер Жданко Л.А., кіші ғылыми қызметкер м.а. Баққожа Ж. М., кіші ғылыми қызметкер Өтеген С.А., зертханашы Сахарин. Н. К.) Алакөл көлдер жүйесінде «Балық ресурстарын басқару, сақтау мен дамытуды қамтамасыз ету» 021 бюджеттік бағдарламасы аясында, «Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын сақтауды, өсімін молайтуды және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету» 100 қосалқы бағдарламасы шеңберінде.ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Келесідей кешенді жұмыстар жүргілуде:

🔻 гидрохимиялық сынамалар алынып, далалық  және зертханалық жұмыстар жүргізілуде;

🔻гидробиологиялық сынамаларды іріктеу және өңдеу (зоопланктон, зообентос, фитопланктон, және нектобентос);

🔻 балық шабақтарының ұдайы өсуін бақылау мақстаныда шабақтық сүзгі аумен жұмыс жүргізілуде;

🔻балықтардың кәсіптік қорларын бағалау үшін ихтиологиялық құрма ау құрылды.

Су айдындарында ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізу кезеңінде Алакөл балық инспекциясы бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Н. Б. Сүлейменов қатысты.

Алакөл көлдер жүйесінде зерттеу жұмыстары жалғасуда.

«Бурабай «МҰТП жұмыстар жалғасуда

Қазіргі уақытта «Бурабай «МҰТП экожүйесін қалпына келтіру және сақтау» жобасын іске асыру шеңберінде 2024-2025 жылдарға арналған Щучье-Бурабай курорттық аймағының 7 су айдынында материалдар жинау жұмыстары жалғасуда.

Мәселен,2024 жылғы 20-27 мамыр аралығында Солтүстік филиал қызметкерлері «БШҒӨО» ЖШС бас бөлімшесі өкілдерінің қатысуымен тұз құрамын,биогендердің(аммоний азоты,нитраттар,нитриттер,фосфаттар),ауыр металдардың (атомдық-эмиссиялық талдау),фенолдық индекстің құрамын анықтау мақсатында 275 су сынамасын алды,ал сондай-ақ синтетикалық беттік белсенді заттарға (СББЗ).Іріктелген су сынамаларын зерттеу Қарағанды және Алматы қалаларында орналасқан сертификатталған зертханаларда жүргізіледі.

Студенттер балық өсіру шаруашылығымен танысты

2024 жылдың 26 мамырында аквакультура зертханасының ғылыми қызметкері Р.Т.Бараков және Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің студенттерінің кездесуі өтті. Кездесу барысында студенттерге «Қапшағай уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы-1973» базасында таныстыру экскурсиясы өткізілді. Студенттер шаруашылықта инкубациялық науқан кезіндегі негізгі өндірістік процестермен, балық өсіру жабдықтарының және шағын ТЖСҚ-ң жұмыс істеу принципімен, сонымен қатар жылуды жақсы көретін аквакультура объектілерінің – тұқы, ақ амур, дөңмаңдай, шабақтарын, балықтарын және тауарлық балықтарды өсіруге арналған тоғандарды ұйымдастырумен танысты.