Жарғы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушы 

2020 жылғы 10 желтоқсанда № 315-Ө бұйрығымен бекітілген

 

«Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 

ЖАРҒЫСЫ

 

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

  1. 1.«Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі — «БШҒӨО») осы Жарғысы (бұдан әрі — Жарғы) Серіктестіктің заңды тұлға ретіндегі құқықтық мәртебесін анықтайды. 
  2. 2.БШҒӨО-ның атауы: 

мемлекеттік тілде: 

толық – «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, қысқартылған — «БШҒӨО» ЖШС. 

орыс тілінде: 

толық – Товарищество с ограниченной ответственностью «Научно- производственный центр рыбного хозяйства», қысқартылған — ТОО «НПЦРХ». ағылшын тілде: 

толық – «Fisheries Research and Production Center» limited liability Partnership, қысқартылған — «FishRPC» LLP. 

3. БШҒӨО-ның Жалғыз қатысушысы Қазақстан Республикасы Үкімет арқылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті болып табылады: Нұр-Сұлтан қаласы, Жеңіс даңғылы, 11, БСН 980240000950, БСК KKMFKZ2A, ЖСК KZ92070101KSN0000000, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті» PMM. 

Серіктестіктің жарғылық капиталындағы мемлекеттік үлесті иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 558 қаулысына сәйкес және 2020 жылғы 12 қазандағы № 33 қабылдау-тапсыру актісі негізінде Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жүзеге асырады. «(Бұдан әрі — Жалғыз қатысушы), орналасқан мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 14 подъезд, БСН 190740009654, БСК KKMFKZ2A, ЖСК KZ92070101KSN0000000, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті» РММ. 

4. БШҒӨО-ның орналасқан жері — Қазақстан Республикасы, 050016, Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Сүйінбай даңғылы, 89 «А». 

5. БШҒӨО-ның қызмет мерзімі — шектелмеген. 

6. Серіктестік қызметі туралы ақпаратты жариялау үшін қолданылатын бұқаралық ақпарат құралдарының атауы: БШҒӨО ресми интернет-ресурсы. 

 

2. ЗАҢДЫ МӘРТЕБЕСІ

7. БШҒӨО мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап заңды тұлға мәртебесіне ие болады. 

8. БШҒӨО Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңды тұлға болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 сәуірдегі Заңына (бұдан әрі — Заңнама), сондай-ақ осы Жарғыға сәйкес жүзеге асырады (бұдан әрі — Жарғы). 

9. БШҒӨО-ның қаржылық-өндірістік қызметі экономикалық тәуелсіздік негізінде жүзеге асырылады. 

10. БШҒӨО-ның дербес балансы, банктік шоттары, мемлекеттік және орыс тілдерінде фирманың толық атауы көрсетілген мөрі бар. 

11. БШҒӨО-ның өзінің тауарлық белгісі бар және басқа да рәміздерге, сонымен қатар мемлекеттік, орыс тілдеріндегі мөртаңба, фирмалық бланкілерге және басқа деректемелерге ие бола алады, оның үлгілерін БШҒӨО-ның Бас директоры, белгіленген тәртіпке сай бекітеді. 

 

  1. 3.БШҒӨО ҚҰРЫЛТАЙШЫЛЫҚ ҚҰЖАТТАРЫ

 

12. Осы Жарғы құрылтай құжаты болып табылады. 

13. БШҒӨО-ның қызметіне қатысты құжаттар, оның қызметінің бүкіл мерзімі ішінде БШҒӨО-ның атқарушы органының орналасқан жері бойынша сақталуы керек. 

Сақтауға жататын құжаттар келесі: 

— БШҒӨО-ның Жарғысы, Жарғыға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар; 

— БШҒОО-ны заңды тұлға ретінде тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктер; 

— БШҒӨО-ның белгілі бір қызмет түрлерімен айналысуға және белгілі іс-әрекеттер жасауға арналған лицензиялар; 

— БШҒӨО-ның өз балансында тұрған (тұратын) мүлікке құқықтарды растайтын құжаттар; 

— БШҒӨО-ның филиалдары мен өкілдіктері туралы ереже; 

— БШҒӨО-ның Қатысушысы қабылдаған шешімдер; 

Өзге құжаттар, оның ішінде қаржылық-есептік құжаттар, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген мерзім ішінде сақталады. 

 

  1. 4.БШҒӨО ҚЫЗМЕТТІҢ МАҚСАТЫ МЕН ТҮРЛЕРІ

 

14. БШҒӨО-ның мақсаты — ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін нақты өндіріске енгізу және дербес шаруашылық қызметті жүзеге асыру барысында, таза табыс (пайда) алу жолымен балық шаруашылығын және акваөсіруді тиімді дамытуды ғылыми қамтамасыз ету. 

15. БШҒОО-ның қызметінің негізгі түрлері: 

1) балық шаруашылығы саласында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік конструкторлық жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз ету (ЭҚТЖЖ -74909); 

2) ғылыми-техникалық әзірлемелерді өндіріске енгізу (ЭҚТЖЖ — 72202);

3) балық шаруашылығы саласындағы білімді тарату және беру бойынша консультациялық қызметтер көрсету (ЭҚТЖЖ — 85599, 74909); 

4) балық шаруашылығында оқыту семинарларын, тренингтерді, дөңгелек үстелдерді, конференциялар мен өзге де іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу (ЭҚТЖЖ — 85599, 74909). 

Қызметтің негізгі түрлерін жүзеге асыру, сондай-ақ өз миссиясын, қойылған мақсаттары мен міндеттерін орындау шеңберінде серіктестік мынадай функцияларды жүзеге асырады: 

1) балық аулау (теңіз балығын аулау, тұщы су балығын аулау ЭҚТЖЖ 03110, 03120); 

2) акваөсіру (теңіз акваөсіруі, тұщы су акваөсіруі ЭҚТЖЖ 03210, 03220); 

3) құрттар, ұлулар, моллюскалар және т.б. өсіру жөніндегі фермалардың қызметі (ЭҚТЖЖ 01490); 

4) балықты, шаян тәрізділерді және моллюскаларды қайта өңдеу және консервілеу (ЭҚТЖЖ 10200); 

5) жаратылыстану ғылымдары және инженерия саласындағы өзге де зерттеулер (ЭҚТЖЖ 72199); 

6) авторлық құқықтармен қорғалған жұмыстарды қоспағанда, зияткерлік меншікті және ұқсас өнімді жалға алу (ЭҚТЖЖ 77400); 

7) концессиялық жобаларды және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық сүйемелдеу (ЭҚТЖЖ 70222). 

Лицензияның немесе заңнамада белгіленген тәртіппен алынуы қажет рұқсаттың өзге де түрінің болуын талап ететін қызмет түрлері тиісті лицензияларды немесе рұқсаттардың өзге де түрін алғаннан кейін жүзеге асырылады. 

 

  1. 5.БШҒӨО ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

 

16. БШҒӨО заңнамада көзделген барлық құқықтарға ие және барлық міндеттерді атқарады. 

17. БШҒӨО оның жалғыз қатысушысының мүлкінен оқшауланған мүлкі бар. БШҒӨО өзінің жалғыз қатысушысының міндеттемелері бойынша жауап бермейді. 

18. БШҒӨО-ның Жалғыз қатысушысы БШҒӨО-ның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жарғылық капитал шегінде БШҒӨО қызметіне байланысты тәуекел мен шығындарды көтереді. 

19. БШҒӨО өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауапты болады. 

20. БШҒӨО мемлекеттің міндеттемелері бойынша жауап бермейді, сол сияқты мемлекетте БШҒӨО-ның міндеттемелері бойынша жауап бермейді. 

21. БШҒӨО өз атынан мәмілелер (шарттар, келісімшарттар, келісімдер, меморандумдар және т.б.) жасай алады, сотта талапкер және жауапкер болу үшін мүліктік құқықтар мен міндеттерді алады, сондай-ақ Заңнамаға қайшы келмейтін басқа да әрекеттерді жүзеге асыра алады. 

22. БШҒОО қорғау құжаттарын, «ноу-хау» технологияларын және басқа да ақпаратты иелену және пайдалану құқығын иемденуші және ұсынушы бола алады. 

23. БШҒӨО-ғы Қазақстан Республикасында және шетелде өз филиалдары мен өкілдіктерін құра алады, оларға өз мүлкінің негізгі және айналым қаражатының есебінен қаражат бере алады және заңнамаға сәйкес олардың кызметінің тәртібін белгілей алады. Филиалдың немесе өкілдіктің мүлкі олардың жалпы БШҒӨО теңгерімінде есепке алынады. 

24. БШҒӨО филиалдардың немесе өкілдіктердің қызметіне басшылықты Бас директор тағайындайтын тұлғалар жүзеге асырады. Филиалдар мен өкілдіктердің директорлары БШҒӨО берген сенімхат негізінде әрекет етеді. 

25. БШҒӨО ғылыми, өндірістік қызметті жоспарлауға, қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуге, материалдық-техникалық жабдықтауға, әлеуметтік және экономикалық дамуға, табысты бөлуге, кадрларды іріктеуге, орналастыруға және қайта даярлауға байланысты барлық мәселелерді дербес шешеді. 

26. БШҒӨО белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерлерде орналасқан банктерде және басқа қаржы ұйымдарында ұлттық валютада да, шетел валютасында да шоттар ашуға құқылы. 

27. БШҒӨО заңнамаға сәйкес теңгемен және шетел валютасымен қарыздар алуға және кредиттерді пайдалануға құқылы. 

28. БШҒӨО ішкі нормативтік және техникалық құжаттаманы әзірлейді әне бекітеді. 

29. БШҒӨО бас директоры Жалғыз қатысушының жетекшілік ететін құрылымымен Бас директордың шетелдік іссапарларын келіседі. 

30. БШҒӨО заңнамада және Жарғыда көзделген басқа да құқықтарға ие болуы және басқа да міндеттерді атқаруы мүмкін. 

 

6. БШҒӨО ЖАЛҒЫЗ ҚАТЫСУШЫСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

 

31. БШҒӨО Жалғыз қатысушысы құқылы: 

1) Заңда және/немесе Жарғыда көзделген тәртіппен БШҒӨО істерін басқаруға қатысуға құқылы; 

2) БШҒӨО қызметінен табыс алуға; 

3) осы Жарғыда айқындалған тәртіппен БШҒӨО -ның қызметі туралы ақпарат алуға, оның ішінде БШҒӨО -ның қаржылық есептілігімен, бухгалтерлік және басқа құжаттарымен танысуға; 

4) Серіктестік таратылған жағдайда несие берушілермен есеп айырысудан кейін қалған мүліктің бір бөлігінің құнын немесе осы мүліктің бір бөлігін заттай түрде алуға; 

БШҒӨО қабылдаған шешімдерге сот тәртібімен дау айтуға құқылы;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оның үлесін иеліктен шығару арқылы серіктестікке қатысуды тоқтатуға; 

6) БШҒӨО органдарының олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында және БШҒӨО Жарғысында көзделген құқықтарын бұзатын шешімдерін сотта даулауға; 

7) аудиторлық ұйымның өз есебінен БШҒӨО-ға аудитін жүргізуін талап етуге құқығы бар; 

8) Жалғыз қатысушының құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға бастамашылық жасауға; 

32. Жалғыз қатысушының заңнамада және Жарғыда көзделген басқа да құқықтары болуы мүмкін; 

33. Жалғыз қатысушы міндетті: 

1) БШҒӨО-ның Жарғысының талаптарын сақтауға; 

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен, мөлшерде және мерзімде БШҒӨО-ның Жарғылық капиталына жарна салуға құқылы. 

3) БШҒӨО-ны коммерциялық, қызметтік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия деп жарияланғандығы туралы ақпаратты жарияламауға; 

4) атқарушы органға атауының, орналасқан жерінің, мекен-жайының, банктік деректемелерінің өзгергені туралы жазбаша хабарлауға. 

34. Жалғыз қатысушы сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Серіктестіктің Жарғысында көзделген басқа да міндеттерді орындай алады. 

7. БШҒӨО ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛЫ

 

35. БШҒӨО-ның жарғылық капиталы оның қызметін қамтамасыз ету үшін, Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен берілетін мүлік есебінен қалыптастырылады. 

Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, БШҒӨО жарғылық капиталына салым ақша, бағалы қағаздар, мүліктік құқықтар (оның ішінде жер пайдалану объектілеріне құқықтар және зияткерлік меншік объектілеріне құқықтар) және өзге де мүлік болуы мүмкін. 

36. Серіктестіктің жарғылық капиталы 310 115 001 (үш жүз он миллион бір жүз он бес мың бір) теңге 67 тиынды құрайды. Тіркеу кезінде серіктестіктің жарғылық капиталын қатысушы толығымен қалыптастырды. 

37. Жалғыз қатысушының шешімі бойынша БШҒӨО-ның жарғылық капиталы заңнамада көзделген тәртіппен өзгертілуі мүмкін. 

БШҒӨО Жарғылық капиталын ұлғайтуға жарғылық капиталын толық төленгеннен кейін жол беріледі және жалғыз қатысушы жүргізетін қосымша салымдар жолымен, жарғылық капиталдың мөлшерін БШҒӨО-ның меншікті капиталы есебінен ұлғайту, БШҒӨО құрамына жаңа қатысушылар қабылдау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. 

Жарғылық капиталды азайту заңнамаға сәйкес жалғыз қатысушы салымының мөлшерін азайту жолымен жүзеге асырылуы мүмкін. 

Жарғылық капиталды Заңда белгіленген ең төменгі мөлшерден азайтуға жол берілмейді. 

 

8. БШҒӨО МҮЛКІ

 

38. БШҒӨО мүлкі жарғылық капиталға мемлекет жарналары арқылы Жалғыз Қатысушы салған салымдар арқылы, БШҒӨО алған кірісі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған көздер есебінен қалыптастырылады. Қаржылық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін БШҒӨО Қазақстан Республикасында, шетелдік банктерде немесе басқа қаржы ұйымдарында теңгеде және / немесе шетел валютасында несие түрінде қаржыландыруды тартуға құқылы. 

Серіктестіктің заңнамалық актілерінде немесе құрылтай құжаттарында резервтік капиталды және басқа қорларды қалыптастыру көзделуі мүмкін. 

39. Мүлік Серіктестікке меншік құқығы болып табылып, оның балансында тіркеледі. 

 

9. ТАЗА ТАБЫСТЫ БӨЛУ

 

40. Есепті қаржы жылы үшін БШҒӨО алған таза пайда Заңнамаға және Жалғыз Қатысушының шешіміне сәйкес бөлінеді. 

41. Жалғыз қатысушының шешімімен айқындалған мөлшердегі таза пайданы төлеу шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүзеге асырылуға тиіс. 

42. Таза пайданы бөлуге жол берілмейді: 

1) БШҒӨО меншікті капиталының мөлшері теріс (жоқ) кезінде немесе егер меншікті капиталдың мөлшері таза пайданы бөлу нәтижесінде теріс (жоқ) болса; 

2) Егер БШҒӨО Қазақстан Республикасының Банкроттық туралы заңнамасына сәйкес төлем қабілетсіздігі немесе дәрменсіздік белгілеріне сай болса немесе көрсетілген белгілер БШҒӨО-да таза пайданы бөлу нәтижесінде пайда болса. 

 

10. БШҒӨО ОРГАНДАРЫ

 

43. БШҒӨО органдары болып табылады: 

1) БШҒӨО жоғары органы — Жалғыз қатысушы; 

2) Атқарушы орган — Бас директор. 

 

11. БШҒӨО ЖАЛҒЫЗ ҚАТЫСУШЫСЫНЫҢ АЙРЫҚША ҚҰЗЫРЕТІ 

 

44. Жалғыз қатысушының айрықша құзыретіне келесі мәселелер жатады: 

1) Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе оны жаңа редакцияда бекіту; 

2) Серіктестіктің жарғылық капиталын өзгерту туралы шешім қабылдау; 

3) БШҒӨО негізгі мақсаттары, міндеттері, және қызметтің басым бағыттарын айқындау; 

4) Серіктестіктің 5 жылға арналған даму жоспарын және оның орындалуы жөніндегі Есепті бекіту; 

5) Серіктестіктің филиалдары мен өкілдіктерін құру және жабу туралы шешімдер қабылдау, сондай-ақ олар туралы ережелерді бекіту; 

6) БШҒОО-ның басқа заңды тұлғаларды құруға немесе олардың қызметіне қатысуы туралы (коммерциялық емес жағдайларды қоспағанда), немесе активтердің БШҒӨО -ға тиесілі барлық жиырма бес және одан көп пайыз мөлшерінде активтердің бір бөлігін немесе бірнеше бөлігін беру (алу) жолымен басқа заңды тұлғалардың мүшелігінен шығу туралы шешім қабылдау; 

7) Серіктестік активтеріінің баланстық құнының жалпы мөлшерінің елу бір және одан көп пайызын құрайтын мүлікті сатып алатын немесе иеліктен шығаратын (сатып алуы немесе иеліктен шығаруы мүмкін) мәмілені немесе өзара байланысты мәмілелер жиынтығын БШҒӨО жасасуды мақұлдау туралы шешім қабылдау; 

8) Серіктестіктің қаржылық есептілігіне аудитті жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды және оның қызметтеріне ақы төлеу мөлшерін белгіленген тәртіппен айқындау; 

9) Серіктестіктің жылдық қаржылық есебін бекіту; 

10) есепті қаржы жылындағы БШҒӨО-ның таза табысын бөлу тәртібін бекіту; 

11) корпоративтік жан-жалдарды ретеуге және мүдделер қақтығыстарын реттеуге мониторинг жүргізу және қатысу; 

12) БШҒӨО-ның барлық мүлкін кепілге салу туралы шешім қабылдау; 

13) Жалғыз қатысушыға БШҒӨО қызметі туралы ақпарат беру тәртібін айқындау; 

14) БШҒӨО немесе оның қызметі туралы қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты айқындау; 

15) заңнамаға сәйкес қызметтік жеңіл автомобильдердің тиістілік нормативтерін және Серіктестіктің әкімшілік аппаратын орналастыру үшін алаңдардың нормаларын белгілеу болып табылады; 

16) Серіктестікті немесе оның мүлкін сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдау және беру шарттарын айқындау; 

17) БШҒӨО-ны ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату; 

18) заңнамаға сәйкес жалғыз қатысушы атынан БШҒӨО-ның Басдиректорымен еңбек шартын жасасуға уәкілетті адамды тағайындау; 

19) БШҒӨО -ң бас директорын тағайындау және оның өкілеттік мерзімін белгілеу; 

20) БШҒӨО-ң Бас директорының лауазымдық жалақысының мөлшерін, еңбегіне ақы төлеу шарттарын және әлеуметтік қолдауын айқындау; 

21) БШҒӨО -ң Бас директорының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдау; 

22) шешім қабылдау заңнамамен және (немесе) Жарғымен ерекше құзыретіне жатқызылған өзге де мәселелер. 

Жалғыз қатысушының құзыретіне жатқызылған кейбір мәселелер бойынша шешім «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV Заңының 177-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша белгіленген тәртіппен қабылданады. 

45. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, Жарғының 45-тармағымен шешім қабылдау Жалғыз қатысушының айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелерді басқа органдардың, лауазымды адамдардың және БШҒӨО қызметкерлерінің құзыретіне беруге жол берілмейді; 

46. Жалғыз қатысушы БШҒӨО -ның ішкі қызметіне қатысты мәселелер бойынша ұйымның заңсыз және мүдделеріне қайшы келетін шешімінің күшін жоюға құқылы. 

 

12. БАС ДИРЕКТОР

 

47. Ағымдағы қызметті басқаруды БШҒОО-ның Бас директоры жүзеге асырады; БШҒӨО Бас директоры Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен және Жарғымен Жалғыз қатысушының құзыретіне жатқызылмаған БШҒӨО қызметінің кез-келген мәселелері бойынша шешім қабылдауға құқылы, оның ішінде: 

1) жалғыз қатысушы шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады; 

2) БШҒӨО-ның қаржылық, инвестициялық, өндірістік-шаруашылық, ғылыми-техникалық және өзге де қызметін іске асыруды қоса алғанда, БШҒӨО- ның негізгі қызметінің жұмысын ұйымдастырады; 

3) Жалғыз қатысушыға бекіту үшін БШҒӨО-ның даму жоспарын әзірлеуді және ұсынуды қамтамасыз етеді; 

4) БШҒӨО-ның даму жоспарын іске асыруды жүзеге асырады, оның орындалуына жауапты болады, сондай-ақ жыл сайын Жалғыз қатысушыға БШҒӨО-ның даму жоспарын іске асыру туралы есеп береді; 

5) шартқа, кепілдікке қол қоюды қоса алғанда, үшінші тұлғалармен қарым-қатынастарында БШҒӨО-ның атынан сенімхатсыз әрекет етеді; 

6) Жарғының осы тармағының 7) тармақшасында көрсетілген мәмілелерді жасау жөніндегі құқықтарды қоса алғанда, үшінші тұлғалармен қатынастарда БШҒӨО -ның атынан әрекет етуге сенімхаттар береді; 

7) мүліктік емес сипаттағы мәмілелерді және осындай мәмілелерді жасау Жалғыз қатысушының құзыретіне жататын жағдайларды қоспағанда, нәтижесінде БШҒОО мүлікті сатып алатын немесе иеліктен шығаратын (сатып алуы немесе иеліктен шығаруы мүмкін) мәмілелерді жасайды; 

8) БШҒӨО банктік және басқа да шоттар ашады;

9) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, БШҒӨО -ның барлық қызметкерлері орындауға міндетті өкімдер береді; 

10) Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, БШҒӨО қызметкерлерін жұмысқа қабылдауды, ауыстыруды және босатуды жүзеге асырады, оларға көтермелеу шараларын және тәртіптік жазаларды қолданады, БШҒӨО штаттық кестесіне сәйкес, БШҒӨО қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларының мөлшерін белгілейді, БШҒӨО қызметкерлерінің сыйлықақыларының ережелері мен мөлшерін айқындайды; 

11) өзі болмаған жағдайда өз міндеттерін орындауды бұйрық негізінде орынбасарларға, лауазымды адамдарға, ал олар болмаған жағдайда басқа да жауапты адамдарға жүктейді; 

12) бас директор мен орынбасарлар арасында лауазымдық міндеттерді, сондай-ақ өкілеттіктер саласын және жауапкершілікті бөледі. 

13) БШҒӨО жұмыс режимін белгілейді; 

14) БШҒӨО-ның кадр саясатын іске асырады, оның ішінде еңбек тәртіптемесінің қағидаларын бекітеді; 

15) қажет болған жағдайда ғылыми және бизнес бағыттары бойынша БШҒӨО жанынан шығармашылық және жұмыс топтарын құрады және оларды таратады; 

16) БШҒӨО қызметкерлерін оқытуға, біліктілігін арттыруға қатысты мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды; 

17) БШҒӨО-ның жалғыз қатысушысы бекітетін құжаттарға жатпайтын, БШҒӨО қызметін ұйымдастыру мақсатында қабылданатын құжаттарды бекітеді; 

18) БШҒӨО қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, әлеуметтік қолдау көрсету және көтермелеу қағидаларын бекітеді; 

19) БШҒӨО-ның штат кестесін, құрылымын бекітеді, сондай-ақ филиалдар мен өкілдіктердің жалпы санын, құрылымын және штат кестесін бекітеді; 

20) БШҒӨО -ның есеп саясатын және салық саясатын бекітеді; 

21) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға сәйкес жыл сайынғы аудит өткізуге БШҒӨО атынан аудиторлық ұйыммен шарт жасасады»; 

22) Жалғыз қатысушыға БШҒӨО жылдық қаржылық есептілігін бекіту үшін құжаттарды дайындауды және ұсынуды жүзеге асырады; 

23) БШҒӨО жалғыз қатысушысына есепті қаржы жылы бойынша БШҒӨО таза табысын бөлу тәртібінін дайындап ол бойынша ұсыныстарды қарайды және ұсынады;

24) БШҒОО қызметінің жылдық қорытынды есебін дайындап БШҒӨО жалғыз қатысушысына бекіту үшін ұсынуды жүзеге асырады; 

25) жалғыз қатысушыға БШҒӨО филиалдары мен өкілдіктерін құру және жабу туралы ұсыныстар енгізеді; 

26) филиалдар мен өкілдіктердің жұмысын үйлестіреді. 

27) жалғыз қатысушының қарауына БШҒӨО -ның басқа ұйымдарды (коммерциялық емес ұйымдарды қоспағанда) құруға қатысуы, сондай-ақ Жалғыз қатысушының шешімдері негізінде сатып алынатын үлестер мен акцияларды иеліктен шығару туралы ұсыныстарды шығарады; 

28) БШҒӨО демеушілік (қайырымдылық) көмек көрсетуі туралы шешім қабылдайды; 

29) жалғыз қатысушыны БШҒӨО қызметіндегі барлық маңызды оқиғалар туралы хабардар етеді; 

30) жалғыз қатысушыға оның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешім қабылдау жөніндегі құжаттарды қарау үшін дайындайды; 

31) жалғыз қатысушы шешімдерінің, БШҒӨО жылдық қаржылық есептілігінің аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымдар ұсынымдарының орындалу мониторингін жүзеге асырады;

32) жалғыз қатысушы алдында БШҒӨО жұмысына жауапты болады; 

33) БШҒӨО ағымдағы қызметіне қатысты, БШҒӨО міндеттерін орындау үшін қажетті және жалғыз қатысушының айрықша құзыретіне жатпайтын барлық қалған мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды; 

34) БШҒОО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды ұйымдастыруға дербес жауапты болады; 

48. БШҒӨО Бас директорға Жалғыз қатысушы жазбаша сұрау салған күннен бастап, он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жалғыз қатысушыға БШҒӨО қызметі туралы, оның ішінде құпия сипаттағы ақпаратты уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді; 

49. Бас директор бухгалтерлік есеп пен есептіліктің жүргізілуіне және сенімділігіне тәртіптің сақталуына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауап береді. 

 

13. БШҒӨО ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ

 

50. БШҒӨО лауазымды тұлғалары Бас директор, Бас директордың орынбасарлары, бас Ғылыми хатшы, қаржы директоры, бас бухгалтер, бас экономист болып табылады: 

1) өздеріне жүктелген міндеттерді адал орындайды және БШҒӨО мен оның жалғыз қатысушысының мүдделеріне барынша сәйкес келетін басқару тәсілдерін пайдаланады; 

2) БШҒӨО мүлкін БШҒӨО Жарғысына, жалғыз қатысушының шешімдеріне қайшы келетін әрекеттерге жол бермеуге, сондай-ақ өзінің үлестес тұлғаларымен мәмілелер жасау кезінде өз мүмкіндіктерін асыра пайдаланбауы тиіс; 

3) тәуелсіз аудит жүргізуді қоса алғанда, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйелерінің тұтастығын қамтамасыз етуге міндетті; 

4) заңнама талаптарына сәйкес, БШҒӨО қызметі туралы ақпаратты беруді және ұсынуды бақылайды; 

5) егер БШҒӨО ішкі құжаттарында өзгеше белгіленбесе, БШҒӨО қызметі туралы ақпараттың құпиялылығын, оның ішінде БШҒӨО-да жұмыс тоқтатылған кезден бастап үш жыл ішінде сақтауға міндетті; 

51. БШҒӨО-ның лауазымды адамдары әрекеттерімен және/немесе әрекетсіздігімен БШҒӨО-ға келтірілген зиян үшін, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген заңнамаға сәйкес, жауапты болады; 

 

14.ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ЖӘНЕ АУДИТОР

 

52. БШҒӨО бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау тәртібі бір күнтізбелік жыл кезеңінде (1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп, қаржылық есептілік және халықаралық стандарттар саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады; 

53. БШҒӨО Бас директоры жыл сайын ағымдағы жылға келесі құжаттарды ұсынады: 1) қаржылық есептілік; 2) Қазақстан Республикасының аудит саласындағы заңнамасына сәйкес жүргізілген тексеру нәтижелері. 

54. БШҒӨО жылдық қаржылық есептілігін түпкілікті бекітуді жалғыз қатысушы айқындаған мекеме жүргізеді. 

55. БШҒӨО жылдық қаржылық есептілік аудитін жүргізе алады; 

56. БШҒӨО аудиті Бас директордың бастамасы бойынша БШҒӨО қаражаты есебінен немесе жалғыз қатысушының талабы бойынша оның қаражаты есебінен жүргізілуі мүмкін, бұл ретте жалғыз қатысушы аудиторлық ұйымды өз бетінше анықтауға құқылы. Аудит жалғыз қатысушының талабы бойынша жүргізілген жағдайда, БШҒӨО аудиторлық ұйым сұратқан барлық қажетті құжаттаманы (материалдарды) беруге міндетті. 

Егер Бас директор БШҒӨО аудитін жүргізуден жалтарса, аудит мүдделі тұлғаның талап-арызы бойынша сот шешімімен тағайындалуы мүмкін. 

 

15. БШҒӨО АҚПАРАТЫН АШУ. БШҒӨО ҚҰЖАТТАРЫ

 

57. БШҒӨО өз қызметі туралы ақпаратты БШҒӨО интернет-ресурсында жариялайды (fishrpc.kz). 

БШҒӨО жалғыз қатысушының назарына Заңда айқындалған корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты жеткізуге міндетті. 

Корпоративтік оқиғалар туралы ақпарат беру Заңға және Жарғыға сәйкес жүзеге асырылады. 

Сотта корпоративтік дау бойынша іс қозғалғаны туралы ақпарат, жалғыз қатысушыға, корпоративтік дау бойынша, азаматтық іс жргізу бойынша тиісті сот хабарламасын (шақыруын) алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде берілі тиіс. 

БШҒӨО қызметтік және/немесе коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратқа ие БШҒОО қызметкерлерінің тізімін міндетті түрде жүргізуді қамтамасыз етеді. 

58. Жалғыз қатысушының мүдделерін қозғайтын БШҒӨО қызметі туралы ақпарат беру Заңға және Жарғыға сәйкес жүзеге асырылады. 

БШҒӨО Жалғыз қатысушысының өзіне Жарғының осы бабында көрсетілген ақпаратты немесе құжаттардың көшірмелерін беру туралы сұрау салуы бойынша, БШҒӨО жазбаша сұрау салған күннен бастап, он жұмыс күнінен кешіктірмей, егер сұрау салуда өзге мерзімдер белгіленбесе, оларды белгіленген тәртіппен өтініш сураушыға, беруге міндетті. 

59. БШҒӨО-ның қызметіне қатысты құжаттар оның қызметінің бүкіл мерзімі ішінде БШҒӨО-ның орналасқан жері бойынша немесе өзге жерде, БШҒӨО Бас директорының шешімі бойынша сақталуы тиіс. Құрылтай құжаттары, мүлікке құқық белгілейтін құжаттар, лицензиялар және қызметтің белгілі бір түрлерімен айналысуға өзге де рұқсат түрлері, БШҒӨО филиалдары мен өкілдіктері туралы ереже сақталуы тиіс. 

60. Жарғының 59-тармағында көрсетілмеген өзге де құжаттар, оның ішінде БШҒӨО қаржылық есептілігі заңнамаға сәйкес белгіленген мерзім ішінде сақталады. 

61. БШҒОО жалғыз қатысушысының талабы бойынша, оған Заңда және жарғыда көзделген құжаттардың көшірмелерін беруге міндетті. Жалғыз қатысушыға мәлім болған «құпия», «қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар БШҒӨО қызметі туралы ақпарат, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын қоспағанда, олардың құзыретіндегі мәселелер бойынша үшінші тұлғаларға жазбаша немесе өзге нысанда берілмейді. Өзге тұлғаларға құпия ақпаратты ашу БШҒӨО Бас директорының келісімі бойынша ғана мүмкін болады. 

62. БШҒОО-ның лауазымды тұлғалары, үлестес тұлғалар туралы мәліметтерді, үлестес болған күннен бастап, он күнтізбелік күн ішінде БШҒӨО- ға ұсынады. 

63. Бұрын жалғыз қатысушы немесе үлестес ретінде БШҒӨО-ның лауазымды тұлғасы көрсетілген тұлға, үлестес тұлғасы болуы тоқтатылған жағдайда, жалғыз қатысушы немесе БШҒӨО-ның лауазымды тұлғасы бұл туралы бес күнтізбелік күн ішінде БШҒОО -ны хабардар етеді. 

 

16. БШҒӨО МҮЛКІН ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУ

 

64. БШҒӨО мүлкін және оған тиесілі құқықтарды құқықтық қорғау Заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

 

17. БШҒӨО ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ

 

65. БШҒӨО Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер бойынша қайта ұйымдастырылуы және таратылуы мүмкін. 

БШҒӨО қайта ұйымдастыру және тарату тәртібі Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі. 

 

18. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

66. Егер осы Жарғының қандай да бір ережесі заңнамадағы өзгерістер немесе өзге де себептер салдарынан күшін жойса, онда бұл қалған ережелердің қолданысын тоқтата тұруға себеп болмайды. Жарамсыз ереже құқықтық қатынаста жол берілетін және мағынасы жағынан ауыстырылғанға жақын Ережемен ауыстырылуға тиіс. 

67. Жарғы, сондай-ақ Жарғыны орындауға байланысты туындайтын барлық құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және түсіндірілуге жатады. 

68. Жарғымен регламенттелген тәртіппен жасалған қосымшалар, толықтырулар оның ажырамас бөлігі болып табылады. 

 

 

Қазақстан Республикасы Экология,  геология және табиғи ресурстар министрлігі  

Балық шаруашылығы комитеті  төрағасының міндетін атқарушы

2021 жылғы 25 тамызында № 30-4-8/83 бұйрығымен бекітілген

 

«Балық шаруашылығы ғылыми-ондірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғысына өзгерістер

 

1.Серіктестіктің Жарғысының 3-тармағы төмендегі редакцияда жазылсын: «БШҒӨО-ның Жалғыз қатысушысы Қазақстан Республикасы Үкімет арқылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті болып табылады: Нұр-Сұлтан қаласы, Жеңіс даңғылы, 11, БСН 980240000950, БСК KKMFKZ2A, ЖСК KZ 92070101KSN0000000, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті» РММ. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 955 қаулысына сәйкес және 2021 жылғы 10 наурыздағы №6 Қабылдау — тапсыру актісінің негізінде БШҒӨО — ның жарғылық капиталындағы мемлекеттік қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті (бұдан ары — Жалғыз қатысушы) жүзеге асырады. Орналасқан жері — Нұр-Сұлтан, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер Үйі, 1 кіреберіс, БЕН 210240006811, БСК ККMFKZ2A, ЖСК KZ92070101KSN0000000, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті» РММ». 

1.Серіктестіктің Жарғысының 9 — тармағы алынып тасталсын. 

1.Серіктестіктің Жарғысының 13-тармағының сегізінші абзацы төмендегі редакцияда жазылсын: 

«-БШҒӨО-ның Жалғыз қатысушысы қабылдаған шешімдер». 

2.Серіктестіктің Жарғысының 24-тармағы төмендегі редакцияда жазылсын: 

«24) БШҒӨО филиалдардың немесе өкілдіктердің қызметіне басшылықты Жалғыз қатысушысының келісімімен Бас директор тағайындайтын тұлғалар жүзеге асырады. Филиалдар мен өкілдіктердің директорлары БШҒӨО берген сенімхат негізінде әрекет етеді. 

1.Серіктестіктің Жарғысының 47-тармағының 17)тармақшасы төмендегі редакцияда жазылсын: 

«17) Серіктестікті ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату;».

1.Серіктестіктің Жарғысының 47-тармағының 28) тармақшасы төмендегі редакцияда жазылсын: 

«28) БШҒӨО Жалғыз қатысушысының келісімімен демеушілік (қайырымдылық) көмек көрсетуі туралы шешім қабылдайды;». 

1.Серіктестіктің Жарғысының 47-тармағының 31) тармақшасы төмендегі редакцияда жазылсын: 

«31) Жалғыз қатысушы шешімдерінің, БШҒӨО жылдық қаржылық есептілігінің аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымдар ұсынымдарының орындалу мониторингін жүзеге асырады;». 

1.Серіктестіктің Жарғысының 56-тармағы төмендегі редакцияда жазылсын: 

«56) «БШҒӨО аудиті Бас директордың бастамасы бойынша БШҒӨО қаражаты есебінен немесе Жалғыз қатысушының талабы бойынша жүргізілуі мүмкін. Аудит Жалғыз қатысушының талабы бойынша жүргізілген жағдайда, БШҒӨО аудиторлық ұйым сұратқан барлық қажетті құжаттаманы (материалдарды) беруге міндетті». 

Устав_2a22

Жарғы_00c0