Міндеттері:
- Мүлікті, міндеттемелерді және шаруашылық операцияларды (НҚ, ТМҚ, шығындар, жеткізушілер және тапсырыс берушілермен есеп айырысу) бухгалтерлік есепке алу.
- Бастапқы құжаттарды қабылдау және тексеру, оларды өңдеуге дайындау, операцияларды бухгалтерлік есеп шоттарында көрсету.
- НҚ, ТМҚ, жұмыстар мен қызметтер бойынша есептер жасау, шығындар мен тиімсіз жұмсалуларды анықтау, оларды азайту бойынша ұсыныстар дайындау.
- Түгендеуге қатысу, бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және архивке уақытылы тапсыру.
- Бухгалтерлік ақпараттың деректер базасын қалыптастыру және жүргізу, анықтамалықтар мен нормативтік деректерді жаңарту.
- Қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып есеп регистрлерін жүргізу, шығындар сметаларының орындалуын бақылау.
- Дебиторлар, кредиторлар және салықтар (мүлік, көлік және т.б.) бойынша жиынтық есептерді уақтылы ұсыну.
- НҚ, ТМҚ, материалдар мен энергияның шығыны бойынша есептің дұрыстығын бақылау, есептіліктің дұрыстығын қамтамасыз ету.
- Салықтарды есептеу (көлік, мүлік, жер және т.б.).
- Еңбек тәртібін, еңбек қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі және санитарлық нормаларды сақтау.
- Біліктілігін арттыру, бас бухгалтер мен басшылықтың тапсырмаларын орындау.
Талаптар:
- Жоғары қаржылық-экономикалық білім.
- Кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.
- Қазақ және орыс тілдерін білу.
- 1С:Бухгалтерия, Салық төлеуші кабинеті, СОНО, Excel/Word бағдарламаларын меңгеру.
- Біліктілікті арттыру курстарынан өткен болса – артықшылық.
📧 Резюмелеріңізді мына электронды почтаға жолдаңыздар: info@fishrpc.kz
📞 Байланыс телефондары:
+7 776 033 3372 — Усембаев Данияр Жакипжанович
+7 707 878 4361 — Шингожина Салтанат Советжановна