«БШҒӨО» ЖШС «Современное состояние сообществ гидробионтов основных рыбохозяйственных бассейнов Республики Казахстан» атты монографиясын шығаруда

Қазақстанның барлық дерлік балық шаруашылығы су айдындарының ихтиофаунасы қайта құрылымдаудан өтті, нәтижесінде ішкі су айдындарының кәсіпшілік балықтарының негізгі бөлігі 50-90% акклиматизацияланған балықтардан тұрады. Сондықтан балық ресурстарын тұрақты пайдалану мәселелері басым болып табылады, бұл дәстүрлі балық аулау объектілерінің көбею әлеуетін ғана емес, сонымен қатар биологиялық әртүрлілікті барынша сақтауды және инвазивті (бөтен) балық түрлерінің енуі мен таралуын болдырмауды қамтамасыз етеді.

Қазіргі әлемде табиғи ресурстар мен биологиялық әртүрлілікті сақтау үлкен маңызға ие. Биологиялық әртүрлілікті талдау қандай түрлерге қауіп төніп тұрғанын және қорғауды қажет ететінін түсінуге көмектеседі. Бұл экожүйелерді сақтау және олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

Су экожүйелерінің биологиялық әртүрлілігінің құрылымы мен динамикасын кешенді талдау биоресурстарды басқарудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл пайдалануды оңтайландыру, пайдаланылатын қауымдастықтардың өнімділігін арттыру және оларды қорғау мен сақтау тәсілдерін көрсетеді.

Осы мәселелерді зерттеуге Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің тапсырысы бойынша орындалған «Биологиялық әртүрлілікті талдау, бөтен текті түрлерді молекулярлық-генетикалық сәйкестендіру және балық шаруашылығы су қоймаларының гидробиоценоздарының сыртқы әсерлерге тұрақтылығын бағалау» жобасы арналған. Жоба «Су биологиялық русурстарын сақтау және орнықты пайдалану үшін су айдындарының әлеуетін бағалау және қордың динамикасын модельдеу негізінде кешенді зерттеу» ғылыми-техникалық бағдарламасы аясында жүзеге асырылды (Грант № BR23591095). Осы жобаны жүзеге асыру барысында » Современное состояние сообществ гидробионтов основных рыбохозяйственных бассейнов Республики Казахстан » ұжымдық монографиясы шығарылады.

Ұжымдық монографияда Қазақстанның негізгі балық шаруашылығы бассейндері — Жайық-Каспий, Арал-Сырдария, Ертіс және Балқаш-Алакөл бассейндерінің жай-күйі мен тұрақтылығын зерттеу нәтижелері ұсынылған. Жұмыс ғалымдарға, балық шаруашылығы мамандарына және биологиялық, экологиялық және ауылшаруашылық мамандықтары бойынша студенттерге арналған. Монография 2025 жылғы қыркүйекте шығарылады деп жоспарланған.

«БШҒӨО» ЖШС-нің қызметкерлері мен серіктестерін құттықтау және марапаттау

Жыл сайын шілденің екінші жексенбісінде атап өтілетін Балық шаруашылығы қызметкерлері күні қарсаңында, «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-нің Бас директоры, биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰАҒА академигі Исбеков Қуаныш Байболатұлы институт ұжымын келе жатқан кәсіби мерекемен құттықтады.

Құттықтау барысында — Бас кеңсенің және филиалдардың қызметкерлеріне, сондай-ақ арнайы шақырылған қонақтарға – ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, Балықшылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы және балық аулау кәсіпорындарының өкілдеріне алғыс хаттар табысталды.

Қазақстан Республикасында Балық шаруашылығы қызметкерлері күні 2017 жылы ресми кәсіби мереке ретінде бекітілген.

Бұл күн – балықшы мамандығының маңыздылығын, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және су биоресурстарын сақтауға қосқан үлесін мойындаудың белгісі болып табылады.

Мегагрант аясындағы кездесу және тұрақты даму жолдарын анықтау бойынша далалық зерттеу жұмыстары

2 шілде күні BR21882122 ғылыми-техникалық бағдарламасы аясында, «Жасыл даму контекстінде Батыс Қазақстан өңірінің табиғи-шаруашылық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерінің тұрақты дамуы: кешенді талдау, тұжырымдама, болжамдық бағалау және сценарийлер» кешенді жобаның «Балық ресурстары» блогы бойынша, жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жұмыс шеңберінде БҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында кездесу өтті. Кездесуге басқарма басшысының орынбасары Закарин Дархан Әмірханұлы, БҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының су ресурстары және қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің бас мамандары Толемис Есбол Айбарұлы, Есқалиева Фариза Жұмабайқызы, Айтқалиев Аманғали Ерболұлы, сондай-ақ «БШҒӨО» ЖШС атынан Асылбекова С.Ж. – б.ғ.д., бас директордың орынбасары, «балық ресурстары» блогының жетекшісі және Туменов А.Н. – PhD докторы, Батыс Қазақстан филиалының директоры қатысты.

Кездесу барысында Батыс Қазақстан облысының тұрақты даму жолдарын ағымдағы (базалық) және баламалы даму нұсқалары бойынша су айдындарының табиғи капиталы мен экожүйелік қызметтерінің құнын бағалау, балық шаруашылығы саласында жоспарланып отырған іс-шараларды жүзеге асырудың шығындары мен пайдасын құндық бағалау, сонымен қатар климаттың өзгеруі мен шаруашылық қызмет жағдайында биоресурстарды пайдалану мен қайта өндіруді оңтайландыру мәселелері талқыланды. 

Су айдындарын мониторингтік зерттеу жалғасуда, Жайық өзенінде бақылау желілері орнатылуда, Батыс Қазақстан облысының ақпараттық-бағалау карталарын жасау мақсатында гидрология, гидрохимия, токсикология және балықтардың қоректік базасы бойынша сынамалар алынуда.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін талқылау туралы хабарландыру

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет «Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін талқылау жүргізудің басталғаны туралы хабарлайды. Талқылау 2025 жылдың 8 шілдесінде сағат 15:00-де өтеді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілер туралы мәліметтер, сондай-ақ талданатын саланы жетілдіру бойынша ұсыныстар, талдау объектісінің қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер болған жағдайда ақпаратты электрондық поштаға жіберуді сұраймыз yu_romashov@mail.ru, құпиялылық пен анонимділікке кепілдік беріледі.   Келіп түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.

Хабарландыру

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы хабарландыру

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін талқылау туралы хабарландыру

Протокол собрания работников 25 февраль 2025

Протокол обсуждения результатов внутреннего анализа коррупционных рисков от 08.07.2025г.

Протокол собрания работников 17 июнь 2025

Аналитическая справка по результатам внутреннего анализа коррупционных рисков деятельности ТОО НПЦ РХ с правкой

Протокол собрания работников 10 декабря 2025

Протокол собрания работников 11 марта 2026

Протокол собрания работников 27 марта 2026

План мероприятии по противодействию коррупции

Балықшылар күніне арналған Ашық есік күні!

Бүгін Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен «Аквакультура және су биологиялық ресурстары» мамандығының студенттері Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында ашық есік күніне қатысты. Экскурсия барысында олар біздің жетекші зертханаларымызбен танысты:

  • Ихтиология зертханасы
  • Аквакультура зертханасы
  • Гидробионттар генетикасы зертханасы
  • Гидроаналитика зертханасы
  • Гидробиология зертханасы

Студенттер балық шаруашылығын зерттеу мен сақтау саласындағы заманауи ғылыми зерттеулер мен практикалық әдістермен танысып, зертханаларда өткізілген экскурсия барысында су ресурстарын тұрақты пайдалану туралы маңызды мәліметтер алды.

Біз алдыңғы қатарлы білім беру мекемелерімен тығыз қарым-қатынас орнатуды және болашақ мамандармен білім алмасуды мақтан тұтамыз!

Мегагрант аясындағы кездесу

Бүгін ғылыми-техникалық бағдарлама жобасы: BR21882122 «Жасыл даму контекстінде Батыс Қазақстан өңірінің табиғи-шаруашылық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерінің тұрақты дамуы: кешенді талдау, тұжырымдама, болжамдық бағалау және сценарийлер» блок: «балық ресурстары» аясында, жұмыс бойынша Ақтөбе облысы бойынша Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының РММ-мен балық ресурстарын ұтымды пайдалану және Батыс Қазақстан өңірінің орнықты дамуы бойынша ғылыми негізделген іс-шараларды талқылау мақсатында кездесу өтті.

Кездесуге инспекция басшысының орынбасары Тоғаев Б.Б., инспекция бөлімінің бастығы Н.Құлыбекұлы, бас мамандар Б.Сарбас, А.Утеньязов, В.Гончарюк, А.Султанов және «БШҒӨО» ЖШС-нен б.ғ.д., бас директордың орынбасары, «Балық ресурстары» бөлімінің жетекшісі Асылбекова С.Ж. және Батыс Қазақстан филиалының директоры, PhD Туменов А.Н. қатысты.

Сол күні Ақтөбе облысында кларии жайыны мен бахтах өсіретін ірі зауыттардың бірі – «Мурагер 22» ЖШС-нің жұмысымен таныстық. Зауытта инкубациялық цех, аналық және шабақ бассейндер, биологиялық су тазартуға арналған арнайы су дайындау қондырғысы бар. Зауыттың жобалық қуаты – жылына 2700 тонна балық өсіру. Кездесуде акваөсіру саласындағы бірлескен қызмет мәселелері талқыланды және «Мурагер 22» ЖШС базасында әртүрлі бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстар енгізілді.

Батыс Қазақстан өңірінің балық ресурстарын Мегажоба аясында зерттеу

2023-2025 жылдары «БШ ҒӨО» BR21882122 «Жасыл даму контекстінде Батыс Қазақстан өңірінің табиғи-шаруашылық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерінің тұрақты дамуы: кешенді талдау, тұжырымдама, болжамдық бағалау және сценарийлер» ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда, блок: балық ресурстары.

Мегажобаның негізгі идеясы – балық ресурстарын және су айдындарының биопотенциалын пайдалану саласындағы Батыс Қазақстан өңірінің экологиялық-әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын сипаттайтын көрсеткіштер кешенін қалыптастыру. Осы көрсеткіштер негізінде халықтың балық өнімдерімен қамтамасыз етілуін, биота үшін су ортасының сапасын бағалау, сондай-ақ құрылған дерекқорлар мен тақырыптық карталарды пайдалана отырып, даму әлеуетін анықтау болып табылады.

2025 жылға арналған Күнтізбелік жоспарға сәйкес келесі міндеттерді шешу жоспарланған:

  1. Ақпараттық-бағалау карталарының сериясын жасай отырып, Батыс Қазақстан өңірі су айдындарының биоресурстық әлеуеті мен аумақтардың шаруашылық-ресурстық әлеуетінің қазіргі жай-күйіне болжамдық баға беру.
  2. Батыс Қазақстан өңірінде балық және балық өнімдері бойынша тұрақты дамуды және азық-түлік тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін болжамдық-ұсынымдық карталар сериясымен балық ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі ғылыми-негізделген іс-шараларды әзірлеу.
  3. Климаттың өзгеруі және шаруашылық қызмет жағдайында Батыс Қазақстан өңірі су айдындарының табиғи капиталын және экожүйелік қызметтерінің құнын бағалау негізінде аумақтардың орнықты даму жолдарын ағымдағы (базалық) және баламалы даму нұсқалары бойынша айқындау.

23-24 маусымда Ақтөбе су қоймасында су айдындарына мониторингтік зерттеулер (қоршаған орта сапасына су сынамаларын алу, қоректік базасы және тор қою) жалғасуда. Зерттеулерге Бас директордың орынбасары, б.ғ.д., «Балық ресурстары» блогының жетекшісі — Асылбекова С.Ж., сондай-ақ Батыс Қазақстан филиалының қызметкерлері – PhD докторы, Батыс-Қазақстан филиалы директоры — Туменов А.Н., аға ғылыми қызметкер — Пилин Д.В., аға ғылыми қызметкер — Тулеуов А.М, экспидициялық жасақ басшысы — Булеков Н.У., ғылыми қызметкер — Днекешев А.К. және жүргізуші — Б.Ж. Жунусов Б.Ж. қатысуда.

Қазақстандағы OPIM модальділігі бойынша ФАО тренингі

Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) Қазақстан Республикасындағы байланыс және әріптестік жөніндегі бюросы серіктес ұйымдар үшін 2025 жылғы 23-24 маусымда Алматы қаласында өтетін бағдарлық тренинг ұйымдастырды.

Іс-шара ФАО-ның жобаларды әріптес ұйымдардың күшімен жүзеге асыру тетігі (Operational Partners Implementation Modality — OPIM) аясында жобаларды іске асыруға дайындық шеңберінде ұйымдастырылған. Бұл механизм серіктес ұйымдарға өз жүйелері мен рәсімдерін пайдалана отырып, ФАО атынан жобалық іс-шараларды іске асыру мүмкіндігін береді, ал ФАО тарапынан техникалық сүйемелдеу және үйлестіру қамтамасыз етіледі.

OPIM тетігі ұлттық және өңірлік әріптестердің институционалдық әлеуетін арттыруға және жобалардың нәтижелерінің орнықтылығын қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Тренингке:

  • қаржы-экономикалық бөлімінің басшысы / бас бухгалтері — Улдаханова А.К.,
  • бас экономист — Баяндина А.М.
  • «БШ ҒӨО» ақпараттық-инновациялық бөлімінің басшысы, PhD — Болатбекова З.Т. қатысуда.

Тренингтің мақсаты – әлеуетті және қазіргі серіктестерге ФАО-ның мандаты мен құрылымы, сондай-ақ OPIM тетігі арқылы жобаларды іске асырудың негізгі рәсімдері туралы шолу ұсыну.

Қытайлық HITIDE Biotech компаниясы өкілдерінің «БШ ҒӨО» ЖШС-не сапары

2025 жылғы 23 маусымда «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-не жұмыс сапарымен су жануарларын қорғауға арналған биотехнологиялық құралдардың жетекші әзірлеушісі болып табылатын Қытайдың Jiangsu Hitide Biotechnology Co., LTD (HITIDE Biotech) компаниясының өкілдері келді.

Сапардың мақсаты — акваөсіру саласындағы аурулардың алдын алу және HITIDE Biotech компаниясының инновациялық биотехнологияларын Қазақстандағы балық шаруашылықтарына енгізу мүмкіндіктерін талқылау.

Делегация құрамында:

  • Доктор Линь Сюйе – HITIDE Biotech негізін қалаушы, жануарларды вакцинациялау саласында 30 жылдан астам тәжірибесі бар сарапшы;
  • Доктор Фрэнк Ли – жетекші америкалық ғалым, компанияның халықаралық жобаларының техникалық жетекшісі;
  • Компанияның ғылыми-зерттеу және өндірістік тобының мүшелері.

Кездесуді «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Бас директор, б.ғ.д., профессор, ҰАҒА академигі Исбеков Қ.Б. жүргізіп, акваөсіру саласындағы биологиялық қауіпсіздік пен балық шаруашылығының тұрақты дамуы мақсатында халықаралық ғылыми-өндірістік компаниялармен әріптестіктің маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, кездесуге «ҚазҒЗВИ» ЖШС бас директорының орынбасары, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Абдыбекова А.М. қатысты.

Кездесу барысында қытай тарапы компанияның келесі негізгі технологиялық платформаларын таныстырды:

  • су жануарларына арналған пероральді вакциналар платформасы (қорғау деңгейі 70%-дан жоғары),
  • антимикробтық препараттарға арналған кері орау технологиясы платформасы (пайдалану тиімділігі 98%-ға дейін),
  • инновациялық ақуыздық вакциналар мен вирус/бактерия байланысатын ақуыздар платформасы.

Сонымен қатар, жаңа вакциналарды бірлесіп зерттеу, клиникалық сынақтар өткізу және пилоттық жобаларды іске асыру мүмкіндіктері талқыланды.

Сапар нәтижесінде ұзақ мерзімді әріптестікті дамытуға өзара қызығушылық білдіріліп, ынтымақтастық туралы ниеттестік меморандумына қол қойылды.