«Экономист» лауазымына жұмыс туралы хабарландыру

Лауазымдық міндеттер

  • еңбек өнімділігін арттыруға, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының шығынын азайтуға бағытталған экономикалық жоспарлар мен іс-шараларды дайындауға және жетілдіруге қатысу;
  • ТОО «НПЦРХ»-ның экономикалық және әлеуметтік дамуының перспективалық және ағымдағы жоспарларын, штаттық кестесін және шығыстар сметасын әзірлеуге қатысу;
  • материалдық және еңбек шығындарын анықтау үшін қажетті экономикалық есептеулер жүргізу, жоспарлы көрсеткіштерді негіздеу және шығындарды нормалау;
  • анықтамалар мен негіздемелер дайындау, сондай-ақ ТОО «НПЦРХ» қызметінің экономикалық көрсеткіштері бойынша есептілікті жасауға қатысу;
  • шаруашылық қызметін талдау жүргізуге қатысу, жұмыс тиімділігін арттыру резервтерін айқындау;
  • өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге қатысу;
  • экономикалық көрсеткіштерді есепке алу және бақылау жүргізу, белгіленген есептілікті уақытылы тапсыру;
  • енгізілетін іс-шаралардың экономикалық бағалау әдістерін әзірлеуге қатысу, олардың тиімділігін талдау;
  • материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын үнемдеу режимін сақтау;
  • құзыреті шегінде басшылықтың тапсырмаларын орындау.

Біліктілік талаптары

  • жоғары экономикалық немесе инженерлік-экономикалық білім;
  • мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі  және квазимемлекеттік кәсіпорындардағы жұмыс тәжірибесі құпталады;
  • қазақ және орыс тілдерін білу;
  • заманауи бағдарламаларды (Excel, 1С, есептеу-талдау құралдары) меңгеру.

 

📧 Резюмелеріңізді мына электронды почтаға жолдаңыздар: info@fishrpc.kz

📞 Байланыс телефондары:

+7 776 033 3372 — Усембаев Данияр Жакипжанович

+7 707 878 4361 — Шингожина Салтанат Советжановна

«Бухгалтер» лауазымына жұмыс туралы хабарландыру

Міндеттері:

  • Мүлікті, міндеттемелерді және шаруашылық операцияларды (НҚ, ТМҚ, шығындар, жеткізушілер және тапсырыс берушілермен есеп айырысу) бухгалтерлік есепке алу.
  • Бастапқы құжаттарды қабылдау және тексеру, оларды өңдеуге дайындау, операцияларды бухгалтерлік есеп шоттарында көрсету.
  • НҚ, ТМҚ, жұмыстар мен қызметтер бойынша есептер жасау, шығындар мен тиімсіз жұмсалуларды анықтау, оларды азайту бойынша ұсыныстар дайындау.
  • Түгендеуге қатысу, бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және архивке уақытылы тапсыру.
  • Бухгалтерлік ақпараттың деректер базасын қалыптастыру және жүргізу, анықтамалықтар мен нормативтік деректерді жаңарту.
  • Қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып есеп регистрлерін жүргізу, шығындар сметаларының орындалуын бақылау.
  • Дебиторлар, кредиторлар және салықтар (мүлік, көлік және т.б.) бойынша жиынтық есептерді уақтылы ұсыну.
  • НҚ, ТМҚ, материалдар мен энергияның шығыны бойынша есептің дұрыстығын бақылау, есептіліктің дұрыстығын қамтамасыз ету.
  • Салықтарды есептеу (көлік, мүлік, жер және т.б.).
  • Еңбек тәртібін, еңбек қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі және санитарлық нормаларды сақтау.
  • Біліктілігін арттыру, бас бухгалтер мен басшылықтың тапсырмаларын орындау.

Талаптар:

  • Жоғары қаржылық-экономикалық білім.
  • Кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.
  • Қазақ және орыс тілдерін білу.
  • 1С:Бухгалтерия, Салық төлеуші кабинеті, СОНО, Excel/Word бағдарламаларын меңгеру.
  • Біліктілікті арттыру курстарынан өткен болса – артықшылық.

 

📧 Резюмелеріңізді мына электронды почтаға жолдаңыздар: info@fishrpc.kz

📞 Байланыс телефондары:

+7 776 033 3372 — Усембаев Данияр Жакипжанович

+7 707 878 4361 — Шингожина Салтанат Советжановна

«Кадрлар менеджері» лауазымына жұмыс туралы хабарландыру

Міндеттері:

  • Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, кадрлар деректер базасын жүргізу.
  • Кадрларға деген қажеттілікті болжау, оқу орындарымен, жұмыспен қамту орталықтарымен және ұқсас ұйымдармен байланыс орнату.
  • Үміткерлерді іріктеу, сұхбаттасу және жұмысқа қабылдауға ұсыну, бейімделу және стажировка процесін бақылау.
  • Кадрлық резервті қалыптастыру, қызметкерлерді аттестациялауды ұйымдастыру, нәтижелерін талдау және іс-шаралар әзірлеу.
  • Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, ауыстыру, жұмыстан шығару рәсімдерін дер кезінде жүргізу, кадрлық құжаттаманы және жеке істерді жүргізу.
  • Еңбек кітапшалары мен өзге де құжаттарды есепке алу, еңбек өтілі бойынша анықтамалар беру.
  • Демалыс есебін жүргізу, демалыс кестесін жасау және оның сақталуын бақылау, кадрлардың ауысу себептерін талдау.
  • Марапаттау, көтермелеу және тәртіптік шараларға арналған материалдарды дайындау.
  • Қызметкерлерді зейнетақы рәсімдеріне қатысты кеңес беру және қажетті құжаттарды дайындау.
  • Жас мамандардың стажировкасын ұйымдастыру, ғылыми кадрларды даярлау мәселелері бойынша ЖОО және ҒЗИ-мен жұмыс жасау.
  • Филиалдардағы кадр мамандарының жұмысын үйлестіру, еңбек заңнамасының және ішкі актілердің орындалуын бақылау.
  • Еңбек тәртібінің, ішкі еңбек ережелерінің сақталуын қадағалау, жұмыс уақыты есебін жүргізу.
  • Интеграцияланған менеджмент жүйелерін (ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001) енгізу және қолдауға қатысу.
  • Коммерциялық және қызметтік құпияны сақтау, корпоративтік этика мен еңбек шарттарын орындау.
  • Қызметтік іссапарларға дайын болу.

Талаптар:

  • ҚР еңбек заңнамасын, кадрлық іс жүргізу негіздерін білу.
  • Құжаттармен және кадрлық есеп жүргізу формаларымен жұмыс істей білу.
  • 3 жыл жұмыс тәжірибесі.
  • ISO жүйелерімен жұмыс тәжірибесі құпталады.
  • Жауапкершілік, ұқыптылық, үлкен көлемдегі ақпаратпен жұмыс істей алу қабілеті.

 

📧  Резюмелеріңізді мына электронды почтаға жолдаңыздар: info@fishrpc.kz

📞 Байланыс телефондары:

+7 776 033 3372 — Усембаев Данияр Жакипжанович

Балық қорларын есептеу және бағалау тақырыбындағы семинар

№ BR2359l095 БНҚ аясында, «Балықтардың санын есепке алу және шекті рұқсат етілген аулауды есептеу бойынша бағдарламалық кешенді және отандық әдістемелік ұсынымдарды әзірлей отырып, ішкі кәсіпшілік су айдындарындағы қорлардың жай-күйін модельдеу» жобасы бойынша «Компания системных исследований «Фактор» ЖШС балық қорларын есептеу және бағалау үшін ақпараттық жүйе әзірлеуде.

Бүгін «Компания системных исследований «Фактор» ЖШС-нің бас директоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты Габбасов Марс Беккалиевич «Балық ресурстары қорларын бағалаудың жылдық көптүрлі когорттық математикалық модельдері» тақырыбында онлайн-семинар өткізді.

Семинар барысында келесі мәселелер қарастырылды:

  1. Қорларды математикалық модельдеу;
  2. Шефердің біртүрлі айырмашылық моделі;
  3. Шефердің көптүрлі айырмашылық моделі;
  4. Жас топтарына арналған көптүрлі модель;
  5. Балықтардың әрбір жасына арналған көптүрлі когорттық модель;
  6. Балық түрлерінің өзара әсері;
  7. Жыртқыш балық түрлеріне арналған динамикалық модель теңдеулері;
  8. Жыртқыш балық түрлеріне арналған жартылай динамикалық модель теңдеулері;
  9. Қоршаған орта факторларының әсері.

2025 жылдың III тоқсанына арналған ҒЗЖ жүргізу бойынша жұмыс кеңесі

2025 жылғы 20 тамызда «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС орталық бөлімшесінде 2024–2026 жж. Бағдарлы нысаналы қаржыландыру аясында
«Аквакультураның инновациялық технологиялары мен жаңа нысандарын әзірлеу және енгізу».
«Су айдындарын сақтау және су биологиялық ресурстарын тұрақты пайдалану бойынша кешенді зерттеулер» бағдарламалары бойынша 2025 жылдың III тоқсанына арналған ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша жұмыс кеңесі өтті.
 
Кеңеске «БШ ҒӨО» ЖШС бас директордың орынбасары, биология ғылымдарының докторы, профессор Асылбекова Сауле Жангировна төрағалық етті. Ол ғылыми жобалардың Қазақстандағы балық шаруашылығын дамыту үшін практикалық маңыздылығын атап өтті.
 
Отырыс барысында жобалар жетекшілері мен қосалқы орындаушылардың баяндамалары тыңдалып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының орындалуы мен нысаналы индикаторлардың іске асырылуы бойынша аралық нәтижелер қорытындыланды. Талқылау қорытындысында зерттеулердің сапасы мен тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар беріліп, 2025 жылдың III тоқсанына арналған басым міндеттер айқындалды.
 
 

Көлсай көлдеріндегі жаздық кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстары

2025 жылдың 28-ші жұлдызынан 04-ші тамыз аралығында «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-ның мамандары «Көлсай Көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің (МҰТП) Ерекше қорғалатын табиғи аумағында (ЕҚТА) орналасқан Ортаңғы және Төменгі Көлсай көлдерінде төмендегідей кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді:  

-гидрохимиялық сынамаларды алу, далалық және зертханалық жұмыстар жүргізу;

-вегетациялық кезеңде (зоопланктон, фитопланктон және зообентос) гидробиологиялық сынамалар алу;  

-Көлсай көлдерінің таяз суларынан шабақтық сүзгі аумен құбылмалы бахтах балығының ұдайы өсуінің сынамасын алу;

-балықтардың кәсіптік қорларын бағалау үшін ау құру.    

Ортаңғы және Төменгі Көлсай көлдері Алматы облысында орналасқан. Көлсай көлдеріне кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстары «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығымен» 2017 жылдан бастап жүргізіп келеді.

Алакөл көлдер жүйесінде жазғы кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде

 2025 жылдың 14 шілдесінен бастап бастап қазіргі уақытқа дейін «БШ ҒӨО» ЖШС-нің ғылыми қызметкерлері Алакөл көлдер жүйесінде далалық зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Әр қызметкердің іссапар мерзімі атқаратын жұмысына байланысты 14-33 күнге дейінгі аралықты қамтыды.

Экспедициялық топтың жетекшісі – Қарлыбайұлы С., құрамында  эксп. отряд жетекшісі Минат А., ғылыми қызметкер Игілік Р., кіші ғылыми қызметкер Өтеген С., кіші ғылыми қызметкер Маратұлы Қ., аға ғылыми қызметкер Амирбекова Ф.Т. және лаборант-жүргізуші Абишев Н.Б.мамандары бар.

Жұмыстар — 021 бюджеттік бағдарламасы, Алакөл көлдер жүйесі бөлімі бойынша ғылыми бағдарламасы аясында атқарылуда.

Зерттеу бағыттары:

  • ихтиологиялық, гидробиологиялық және гидрохимиялық материалдар жинау;
  • Алакөл көлдер жүйесіндегі кәсіптік балық түрлерінің қазіргі жай-күйін бағалау;
  • зоопланктон, фитопланктон, зообентос және балықтардың қоректік базасына қатысты сынамалар алу;
  • су жануарларының тіршілік етуіне әсер ететін абиотикалық факторлар бойынша мәліметтер жинау;
  • балық ресурстарының шекті аулау мөлшерін ғылыми негіздеу.

Зерттеу жұмыстары «ҒЗЖ» бағдарламасының негізінде бекітілген маршруттар бойынша жүргізілуде. Экспедиция қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қажетті техникамен және байланыс құралдарымен жабдықталған. Қазіргі уақытта далалық және зертханалық жұмыстар жалғасуда.

Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы «БШ ҒӨО» ЖШС-не жұмыс сапарымен келді.

Бүгін Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы С. Сермағамбетов «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-не (БШ ҒӨО) жұмыс сапарымен келді. Іс-сапар барысында төраға «БШ ҒӨО» ЖШС-нің ұжымына орталықтың бас директоры лауазымына тағайындалған Суюбаев Алмат Сағынтайұлын таныстырды.

Төраға ұжым қызметкерлерімен мәжіліс өткізіп, орталықты 17 жыл басқарған Исбеков Қуаныш Байболатұлына алғыс білдірді. 

«Қуаныш Байболатұлы 30 жылға жуық уақыт еліміздің балық шаруашылығының дамуына, оның ішінде 17 жыл ғылыми-өндірістік орталықтың өсіп өркендеуіне үлес қосқан білікті қызметкер, тәжірибелі басшы. Орталықты басқарған уақытта, балық шаруашылығындағы ғылыми жобаларды қаржыландыру мәселелері оң шешімін тауып, мекеменің материалдық-техникалық базасы едәуір нығайды. Балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы жүйелі түрде іске асып, Қытай, АҚШ, Түркия сынды мемлекеттермен халықаралық ынтымақтастық нығайды» — деді Комитет төрағасы.

Ұжымға ғылыми орталықтың жаңа басшысын таныстырғаннан кейін төрағаның қосқаны:

«Алмат Сағынтайұлы мемлекеттік және халықаралық қызметтерде жемісті еңбек еткен білікті маман, тәжірибесі толысқан басшы. Жүктелген міндетті межелі уақытында орындайтын жауапты қызметкер. Әлеуеті жоғары кадр ретінде өз жұмысын кәсіби деңгейде атқарады деп сенемін» — деді С. Сермағамбетов.

Іс-сапар барысында Комитет төрағасы мен жаңадан тағайындалған бас директор орталықтың ағымдағы жұмыс барысымен танысып, зертханалар мен бөлімдерді аралап, балық шаруашылығы ғылымының өзектілігі, саладағы бірқатар мәселелер және балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған Бағдарламасын іске асыру барысын талқылады.

Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар суайдындарында жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстары

14 шілдеден бастап қазіргі уақытта «БШ ҒӨО» ЖШС-і мамандарымен (экспедициялық отрядтың жетекшісі – Игілік Р., ихтиология зертханасының меңгерушісі — Сансызбаев Е.Т. және әкімшілік-шаруашылық бөлімінің менеджері – Искаков А.Б.) 021 (бағд.тарм. 100) және 267 (бағд.тарм.101) бағдарламалар бойынша Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар су айдындарында кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Жұмыстың мақсаты – Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар суқойма акваториясы бойынша балық және өзге де су биологиялық қорларының таралуы мен кәсіптік қорларының жағдайын бағалау бойынша зерттеу жүргізу.

Қазіргі таңда экспедициялық жасақ келесідей кешенді (гидрохимиялық, гидробиологиялық, ихтиологиялық) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде:

— суайдындардың физико-географиялық және гидрологиялық сипаттамасы;

— гидрохимиялық режимді талдау;

— суайдындардың қоректік қорының жағдайын талдау;

— суқоймалардағы балықтарың түрлік құрамын анықтау.

Маңғыстау облысындағы Мегагрант аясындағы кездесу

17-18 шілдеде Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органымен бірге бас директордың орынбасары, б.ғ.д., «Балық ресурстары» блогының жетекшісі Асылбекова С.Ж. және Атырау филиалының директоры Кадимов Е.Л. Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасының басшысы Мулдашев А.Б., кәсіпшілік балық аулауды ұйымдастыру және басқа да су жануарларын реттеу бөлімі бастығы Өмірханова С.Б., акваөсіру және субсидиялау бөлімінің бас маманы Усербаева Р.К. және Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Базарбаев К.  2025 жылға арналған ҒЗЖ орындау бойынша кеңес өткізді. Кеңес ғылыми-техникалық бағдарлама BR21882122 «Жасыл даму контекстінде Батыс Қазақстан өңірінің табиғи-шаруашылық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерінің тұрақты дамуы: кешенді талдау, тұжырымдама, болжамдық бағалау және сценарийлер» «балық ресурстары» блогы аясында жүргізілді.

Балық ресурстарын және су айдындарының биологиялық әлеуетін пайдалану саласындағы Батыс Қазақстан өңірінің экологиялық-әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын сипаттайтын көрсеткіштер кешенін қалыптастыру туралы мәселелер талқыланды. Осы көрсеткіштер негізінде халықты балық өнімдерімен қамтамасыз ету деңгейін, биота үшін су ортасының сапасын бағалау, сондай-ақ құрылған деректер базасы мен тақырыптық карталарды пайдалана отырып, даму әлеуетін анықтау жоспарлануда.