Қазақстан мен Қытай: Усидегі кездесуде аквакультура және ғылым перспективалары

2025 жылғы 28–29 қазан аралығында «Балық шаруашылығы ғылыми- өндірістік орталығы» ЖШС делегациясының Қытай Ғылым академиясының Уси қаласындағы Тұщы су балық шаруашылығын зерттеу орталығына жұмыс сапары өтті. Кездесу барысында Қытай орталығының өкілдерімен өткен келіссөздерде бас директор Суюбаев А.С., ғылым бөлімі басшысының орынбасары, б.ғ.д., профессор Асылбекова С.Ж. және аға ғылыми қызметкер, PhD Бараков Р.Т. Қазақстан Республикасындағы балық шаруашылығының дамуы мен балық шаруашылығы ғылымының рөлі туралы баяндама жасап, сөз сөйледі. Қытай тарапынан кездесуге келесі мамандар қатысты: бас директор Bing Xuwen, аквакультура жөніндегі директор Wen Haibo, ғылыми зерттеулер жөніндегі директор Qiang-Jun, аквакультура және қоршаған орта менеджменті бойынша қауымдастырылған профессор Fan Limin, аквакультура профессоры Min Kuanhong, халықаралық ынтымақтастық және білім беру жөніндегі директор Jing Xiaojun, халықаралық ынтымақтастық және білім беру жөніндегі директордың көмекшісі Ye Wei, сондай-ақ бағдарламалық қызметкер Wang Yun.
 
Кездесу барысында Қытай орталығы мамандарының баяндамалары тыңдалып, аквакультураны дамыту саласындағы көпжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен ғылым мен бизнесті интеграциялау мәселелері талқыланды. Бұл саладағы басым және инновациялық бағыттар қарастырылды:
  • Тұщы су балық шаруашылығын зерттеу орталығы туралы кіріспе баяндама (проф. Bing Xuwen),
  • Жасыл аквакультураны дамыту (проф. Wen Haibo),
  • Технологияларды дамытудың жаңа бағыттары (проф. Qiang-Jun)
  • Су сапасын бақылау және аквапониканы дамыту туралы тақырыптар тыңдалды.
 
Сонымен қатар Қытай орталығының қызметкерлері делегация үшін биотехнология және генетика зертханасы бойынша таныстыру экскурсиясын өткізді. Кездесу өзара түсіністік пен ынтымақтастық рухында өтті, екі тарап та экономика және ғылым салаларында мемлекетаралық басымдықтарды айқындауға толық дайын екендіктерін білдірді. Аквакультура және балық шаруашылығының өзге де бағыттары бойынша оқыту, тренингтік бағдарламалар мен тағылымдамалар өткізу мүмкіндіктері талқыланды.Келіссөздер барысында екі зерттеу орталығы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум жобасы қаралды.
 
Аталған құжат ғылыми өзара іс-қимылды және бизнес интеграциясын одан әрі нығайтудың негізі болмақ.

Балық шаруашылығын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін марапат

Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 21 қазандағы Жарлығымен «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС бас директорының орынбасары, PhD Барақбаев Т.Т. балық шаруашылығын дамытуға қосқан елеулі үлесі және өз ісіне адалдығы үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Бұл марапат – көп жылдық еңбектің, кәсіби шеберліктің және саланы дамытуға қосқан баға жетпес үлестің мойындалуы.

Алдағы уақытта да табыстар, жаңа ғылыми жетістіктер және Қазақстан игілігі жолындағы шабыт тілейміз!
 

“Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы” ЖШС Орталық этикалық комиссиясының отырысы

“Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы” ЖШС бас бөлімшесінде Орталық этикалық комиссия төрағасының орынбасары С.Ж. Асылбекованың, “БШҒӨО” ЖШС ғылым жөніндегі бөлім басшысының орынбасары, б. ғ. д., профессор, ҚР ҰАҒА академигі төрағалығымен Орталық этикалық комиссияның отырысы өтті.
 
Комиссия құрамында:
  1. Қыдырманов А. И., “Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы” ЖШС вирустар экологиясы зертханасының меңгерушісі, в.ғ.д., профессор;
  2. Айтқалиева А. А., “ БШҒӨО “ЖШС сынақ орталығының басшысы;
  3. Булавина Н. Б., “ БШҒӨО”ЖШС аквамәдениет зертханасының меңгерушісі;
  4. Долгополова с. Ю., “ БШҒӨО” ЖШС гидроаналитика зертханасының меңгерушісі, PhD;
  5. Сансызбаев Е.Т., “БШҒӨО”ЖШС ихтиология зертханасының меңгерушісі;
 
Комиссияның қарауына 2026-2028 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа өтінімнің 2 (екі) жобасы және 2026-2028 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысу үшін өтінімнің 1 (бір) жобасы ұсынылды.
 
Барлық ұсынылған жобалар этикалық нормаларға сәйкес келеді, ғылыми зерттеулер қоршаған ортаға, зерттеу объектілеріне зиян келтірмей жүргізілетін болатындықтан Орталық этикалық комиссия жобаларды мақұлдады.
 

Қауымдастырылған профессор (доцент) лауазымына үміткер туралы хабарландыру – Барақбаев Т.Т.

    1.  СПРАВКА о соискателе
    2. Научные труды Баракбаев Т.Т.

 

«Қапшағай УӨШ-1973» базасында аквакультура және генетика зерттеулерінің екінші жылдың қорытындылары

Ғылыми-техникалық бағдарлама аясында «Қазақстанның әртүрлі өңірлерінің табиғи-климаттық жағдайларында экономикалық жағынан тиімді инновациялық технологиялар мен жаңа акваөсіру нысандарын әзірлеу және енгізу» тақырыбы бойынша «Қапшағай УӨШ-1973» ЖШС базалық балық шаруашылығында «Қазақстан балық шаруашылықтарында келешегі бар акваөсіру нысандарын өсірудің тиімді биотехникалық әдістерін сынақтан өткізу және енгізу, ДНҚ-маркерлерін қолдану арқылы олардың генетикалық сәйкестендірілуі» жобасы бойынша зерттеудің екінші жылы аяқталуға жақын.
 
Ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесінде табиғи популяциядан (Кырыккурдык көлі) ауланған оңғақ балығының жасанды ортаға бейімделуі – доместикациясы жүргізілді. Оңғақ балығы мен Розенберг тұщы су асшаянын өнеркәсіптік жағдайда өсірудің биотехникалық әдістері әзірленді, сондай-ақ оңғақ балығына ДНҚ-маркерлерін қолдану арқылы генетикалық сәйкестендіру жүргізілді. Жұмыстар аяқталған соң, зерттеу нысандары – оңғақ балығы мен Розенберг тұщы су асшаяны қысқы кезеңге «Қапшағай УӨШ-1973» ЖШС-нен «БШ ҒӨО» ЖШС-нің Балқаш филиалына жеткізілді.
 
16-18 қазан аралығында «БШ ҒӨО» ЖШС Балқаш филиалының балық өсіру учаскесінде ТЖҚ-да (тұйық жүйелі қондырғыда) бақылау аулау жұмыстары жүргізіліп, қысқы кезеңге ауыстырылған оңғақ балығы мен Розенберг тұщы су асшаянына бонитировка жасалуда. Жұмыстарға бағдарлама жетекшісі, ғылым жөніндегі бөлім басшысының орынбасары, б.ғ.д., профессор Асылбекова С.Ж., кешенді балық шаруашылығы зертханасының м.а. меңгерушісі Алтаева Ф.А., экспедициялық отряд жетекшісі Тағаев Д.О., Сатбек А.Т., аға лаборант Сейтпатқалов Ж.С. қатысуда.

Арал өңірінде балық шаруашылығының 100 жылдығы аталып өтті

     2025 жылғы 10 қазанда Қызылорда облысы, Арал ауданында Қазақстандағы балық өндірісінің негізін қалаған Арал мемлекеттік балық тресінің құрылғанына 100 жыл толуына орай ауқымды мерейтойлық іс-шара өтті.
     Іс-шараға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы С. Сермағамбетов, Арал ауданының әкімі А. Оңгарбаев, мемлекеттік органдардың өкілдері, сала ардагерлері мен мамандары, Халықаралық Аралды құтқару қорының өкілдері мен облыстық және аудандық мәслихаттың депутаттары, Астана, Алматы, Қызылорда қалаларынан, Ырғыз, Қазалы аудандарынан арнайы келген мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері мен балық шаруашылығы саласының мамандары қатысты.
     Мерекелік жиынға «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС бас директорының орынбасары, PhD Баракбаев Т.Т. арнайы қатысып, ғылыми орталықтың өңірлік балық шаруашылығын дамытуға қосып жатқан үлесі туралы баяндама жасады.
    Баяндамада «Өңіріміздегі тауарлы балық өсірудің қазіргі жағдайы және тауарлы балық өсірілетін су айдындарының жай-күйі» тақырыбы қамтылып, саланың ғылыми негізделген дамуы, су ресурстарының тиімді пайдаланылуы, сирек кездесетін балық түрлерін қолдан өсіру технологияларын енгізу мәселелері кеңінен қозғалды.
    Сонымен қатар, Арал қаласындағы Балықшылар аллеясында ағаш отырғызу рәсімі өткізіліп, өңір экологиясын жақсарту мен балықшылар қауымына құрмет көрсетуге бағытталған игі шара ұйымдастырылды.
     Қонақтар Арал ауданындағы бірқатар балық өңдеу кәсіпорындарының жұмысымен танысып, соның ішінде жылдық қуаттылығы 7 000 тонна болатын «Арал СДО» зауытының өндірістік процесін көріп, экспортқа бағытталған дайын өнім сапасына назар аударды.
 

Қауымдастырылған профессор (доцент) лауазымына үміткер туралы хабарландыру — Аубакирова М.

  1. СПРАВКА на соискание ученого звания ассоциированного профессора Аубакирова М.
  2. Список публикаций в международных рецензируемых изданиях Аубакирова М.

2024–2026 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламалар шеңберінде Ғылыми/Координациялық кеңестің отырысы

2025 дың 7–8 қазан аралығында  «Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС бас кеңсесінде 2024–2026 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламалар шеңберінде жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының 2025 жылға арналған есептерін қарау жөніндегі Ғылыми/Координациялық кеңестің отырысы өтуде.
 
Отырысты «БШ ҒӨО» ЖШС Бас директордың орынбасары, PhD Барақбаев Т.Т. жүргізуде.
 
Отырысқа келесі қатысушылар қатысуда:
  • Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінің өкілі — Кожаева З.С.;

Ғылыми-зерттеу жобаларының қосалқы орындаушылары:

  • Куанчалеев Жақсығали Батыргалиевич — С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің аңшылықтану және балық шаруашылығы кафедрасының аға оқытушысы;
  • Абдыбекова Аида Макеновна — ветеринария ғылымдарының докторы, профессор, «ҚазНИВИ» ЖШС Бас директордың орынбасары;
  • Қыдырманов Айдын Исағалиевич — ветеринария ғылымдарының докторы, PhD, профессор, «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС вирус экологиясы зертханасының меңгерушісі;
  • Габбасов Марс Беккалиевич — физика-математика ғылымдарының кандидаты, «Фактор» жүйелік зерттеулер компаниясы» ЖШС Бас директоры;
  • Баймуканов Мирғали Төлеуғалиұлы — биология ғылымдарының кандидаты, жоба жетекшісі, «Гидробиология және экология институты» мекемесі.
 
📑 Отырыстың күн тәртібі 2025 жылға арналған келесі ғылыми-зерттеу тақырыптары бойынша есептерді қарауды қамтиды:
1.«Қазақстанның әртүрлі өңірлерінің табиғи-климаттық жағдайларында экономикалық тұрғыдан тиімді инновациялық технологиялар мен аквакультураның жаңа нысандарын әзірлеу және енгізу»
(ЖТН: BR23591065, жоба жетекшісі — б.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі Асылбекова С.Ж.)
2.«Су айдындарының әлеуетін бағалау және қорлардың динамикасын модельдеу негізінде су биологиялық ресурстарын сақтау және орнықты пайдалану жөніндегі кешенді зерттеулер»
(ЖТН: BR23591095, жоба жетекшісі — б.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі Исбеков К.Б.)
 
Отырыстың нәтижелері бойынша 2025 жылға арналған есептер Ғылыми кеңесте мақұлданып, «БШ ҒӨО» ЖШС Бас директорына бекітуге және Тапсырыс берушіге белгіленген тәртіппен жолданатын болады.
 

Алакөл көлдер жүйесінің балық ресурстарын тұрақты дамыту бойынша жұмыстар атқарылуда

2025 жылдың 5 қыркүйегінен бастап бүгінгі күнге дейін «БШҒӨО» ЖШС қызметкерлері – С. Қарлыбайұлы, Ж. Баққожа, Б. С. Пангереев және Н. К. Сахарин – Алакөл көлдер жүйесінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Зерттеулер бюджеттік бағдарламалар шеңберінде  жүзеге асырылуда.

Қазіргі уақытта экспедициялық жасақ келесі бағыттар бойынша жұмыс істеуде:

  • Балықтардың негізгі биологиялық көрсеткіштеріне талдау жүргізіліп, ихтиологиялық материал жиналуда;
  • Су айдындарындағы кәсіптік маңызы бар ихтиофауна құрамы зерттелуде;
  • Бекітілген балық шаруашылығы учаскелерінде табиғат пайдаланушылардың кәсіптік аулау қызметі сарапталуда.

Жұмыстар Алакөл балық инспекциясы бөлімінің бас маманы Ш. Күленованың қатысуымен жүргізілуде.

Алакөл көлдер жүйесіндегі зерттеу жұмыстары жалғасуда.

 

Ғылым мен тәжірибенің синергиясы — Қазақстандағы аквакультураны дамытуға, өнім сапасын арттыруға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кілті.

«Заманауи акваөсіру – бұл ғылыми жетістіктер мен өндірістік тәжірибенің интеграциясы арқасында белсенді дамып келе жатқан жоғары технологиялық сала. Балық шаруашылығының табысты және тұрақты дамуының негізгі факторларының бірі – өндірістік шаруашылықтар мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының жемісті ынтымақтастығы.

Балық шаруашылықтары мен ғылыми ұйымдардың бірлескен жобалары судың сапасын және балықтардың жағдайын бақылаудың заманауи әдістерін, биотехнологиялар мен озық инновациялар қолдана отырып, өсіру мен көбейту әдістерін енгізуге мүмкіндік береді. Әсіресе Қазақстан аквакультурасына жаңа объектілерді енгізу, дәстүрлі объектілерді өсіру технологияларын технологиялық даму тұрғысынан қайта қарау, сондай-ақ су айдындарымыздың биологиялық әртүрлілігін сақтау мәселелері бойынша әзірлемелер ерекше маңызды.

📍 Осы мақсатта «БШҒӨО» ЖШС-нің Ғылым жөніндегі бөлім басшысының орынбасары, б.ғ.д., профессор Асылбеков С.Ж., аквакультура зертханасының меңгерушісі Булавина Н.Б. және аквакультура зертханасының ғылыми қызметкері, PhD Маратова Г.М. «АгроАкваКомплекс» ЖШС-на барды.

«АгроАкваКомплекс» ЖШС-нің балық өсіру учаскесі Алматы облысы, Байдібек би ауылы мекенжайында орналасқан. Координаттары: ендік 43°31’34.67″С, бойлық 77°41’3.91″Ш.

«АгроАкваКомплекс» ЖШС-нің балық өсіру аумағында жоспарланған негізгі нысандар – сазан (Cyprinus carpio), ақ амур (Ctenopharyngodon idella), ақ дөңмаңдай (Hypophthalmichthys molitrix), албырт (Oncorhynchus mykiss) және бекіре тұқымдас балықтар (атап айтқанда сібір бекіресі – Acipenser baerii).

Балық өсіру аумағын сумен қамтамасыз ету – бұлақтар мен жерасты суларынан құралған шағын өзендер есебінен жүзеге асады. Сумен қамтамасыз ету ағынды су арқылы жүргізіледі. Балықтардың тоғандардан шығып кетпеуі үшін су беретін және су ағызатын жерлерге қорғаныш торлары орнатылған. Тоғандардағы су ағынын реттеуге мүмкіндік бар.

Тоғандардан суды ағызу арнайы су ағызу арналары арқылы жүргізіледі және ол шаруашылықтың төменгі бөлігінде орналасқан егістік алқаптарды суаруға пайдаланылады.

«АгроАкваКомплекс» ЖШС балық өсіру шаруашылығы аймағында қоршаған орта экологиясына теріс әсер ететін антропогендік көздер мен факторлар жоқ.