Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Жақып Қажманұлы Асанов Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында жұмыс сапарымен болды.

Сапар барысында Жақып Қажманұлы балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының қызметкерлерімен мемлекеттік қызметтегі тәжірибесімен бөлісіп, бірнеше көрнекті тәжірибелік істерге тоқталды. Ол негізделген басқару шешімдерін қабылдау үшін ғылыми зерттеулер жүргізудің және аналитикалық деректерді пайдаланудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, Жақып Қажманұлы заманауи технологиялар мен ғылыми негізделген тәсілдерді енгізу ұлттық және мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін арттыруға, соның ішінде қоршаған ортаны бақылауға, табиғи ресурстарды ұтымды басқаруға, аквашаруашылық дамытуға ерекше ықпал ететінін айтап айтты.

Жақып Қажманұлы мемлекеттік органдардағы практикалық міндеттерді шешу үшін де, агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы үшін де деректерді талдаудың заманауи әдістері мен инновациялық технологияларды қолдануға қабілеті жоғары білікті мамандарды дайындаудың маңыздылығына тоқталып, мемлекеттік даму стратегияларын жоспарлау мен іске асыруда ғылыми білімді интеграциялауға баса назар аударды.

Мұндай бастамаларды ұйымдастыру мемлекеттік секторды басқарудағы болашақ көшбасшыларды дамытуда шешуші рөл атқарады. Мұндай іс-шараларға қатысу жас мамандардың ой-өрісін кеңейтуге, тәжірибе алмасуға, әрі қарай кәсіби өсу мен кәсіби әлеуетін іс жүзінде жүзеге асыру үшін алдыға жылжуға және ынталандыруға көмектеседі.

Аквашаруашылықты мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде инвестициялық салымдарды субсидиялау тетігі жұмыс істейді.

Инвесторларға өндірістік қуаттарды құру немесе кеңейту кезінде нақты жұмсалған шығындардың 25% — на дейін өтеу қарастырылған. Қолдау келесі бағыттарға қолданылады:
* балық азығын өндіретін зауыттар құру және кеңейту;
* сумен қамтамасыз етудің тұйық циклі бар балық өсіру шаруашылықтарын құру және кеңейту (УЗВ);
* торлы балық өсіру шаруашылықтарын құру және кеңейту;
* тоған балық өсіру шаруашылықтарын, сондай-ақ балық питомниктерін құру және кеңейту;
* көл-тауарлық балық шаруашылығы (ОТРХ)жабдықтары мен техникасын сатып алу;
* балық өңдеу объектісін құру және кеңейту.

Инвестициялық субсидиялау шарасы инвестициялық жүктемені азайтуға, жобалардың тартымдылығын арттыруға және аквашаруашылық саласында жаңартылған технологияларды енгізуге бағытталған. Бағдарламаны іске асыру тауарлы балық және балық өнімдерін өндіру көлемін ұлғайтуға, азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және өңірлерде жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Бағдарлама кеңейтуді жоспарлап отырған жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға да, аквашаруашылық жобаларын жүзеге асыруға дайын жаңа инвесторларға да бағытталған.

Инвестициялық субсидиялау инвесторлардың қаржылық тәуекелдерін азайтуға, жобалардың өтелуін жеделдетуге және аквашаруашылыққа жеке капиталды тартуға бағытталған, бұл саланың тұрақты өсуіне және өндірістерді технологиялық жаңғыртуға жағдай жасайды.

«Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-і мен «Zaisan See» ЖШС-гі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

 Аталған құжат аквашаруашылық саласындағы бірлескен жобаларды дамытуға, сондай-ақ Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы тарапынан міндетті ғылыми сүйемелдеумен бағалы балық түрлерін жасанды жолмен көбейтудің заманауи технологияларын енгізуге бағытталған.

Ынтымақтастық аясында еуропалық инвесторлардың қатысуымен жылына 6,0 миллион данаға дейін жобалық қуаты бар бағалы балық түрлерінің (көксерке, алабұға және шортан) шабақтарын өсіруге арналған шабақ шаруашылығын салу бойынша инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда.

Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы жобаны ғылыми-әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз етеді, оның ішінде қытай және еуропа елдерінде қолданылатын көксерке, алабұға және шортанды көбейту мен өсіру технологияларын Қазақстан Республикасының табиғи-климаттық жағдайларына бейімдеу және енгізу көзделген. Жобаны іске асыру Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы аумағында жоспарланып отыр. Инвестициялардың жалпы көлемі 10,0 миллион еуроны құрайды. «Zaisan See» ЖШС — еуропалық серіктестердің қатысуымен жаңадан құрылған және аквашаруашылық саласында озық технологияларды енгізуге бағытталған компания болып табылады. Меморандумға қол қойылуы Қазақстан Республикасында аквашаруашылықты дамытудағы маңызды қадам болып, жаңа жұмыс орындарын құруға және бағалы балық түрлерін жасанды жолмен көбейту көлемін арттыруға мүмкіндік береді.

Аквакультура объектілерінің биологиясын зерттеу нәтижелері

18–21 желтоқсан аралығында бас бөлімнің аквакультура зертханасы мен Балқаш филиалының кешенді балық шаруашылығы зертханасының қызметкерлері «Қазақстанның балық өсіру шаруашылықтары жағдайында перспективті аквакультура объектілерін өсірудің тиімді биотехникалық тәсілдерін апробациялау және енгізу, оларды ДНҚ-маркерлерді қолдана отырып генетикалық сәйкестендіру» атты ғылыми-зерттеу жобасы аясында тұйық жүйелі сумен қамтамасыз ету қондырғысында өсірілетін оңғақ қара балығы дарақтарын ұстау жағдайлары бойынша деректер жинау жұмыстарын жүргізді. Аталған жұмыстар оңғақтың (Tinca tinca) биологиялық сипаттамаларын зерттеуге бағытталды. Барлық жұмыстар қолданыстағы ҒЗТКЖ кестесіне қатаң сәйкес орындалды.

Сонымен қатар, жұмыстардың жеке бағыты ретінде Балқаш филиалының тұйық жүйелі сумен қамтамасыз ету қондырғысы жағдайында өсірілетін Арал пілмайына ультрадыбыстық сканерлеу жүргізілді. Балық өсіру-биологиялық көрсеткіштер алынып, сондай-ақ генетикалық талдау жүргізу үшін үлгілер жиналды.

Ультрадыбыстық диагностика жыныс бездерінің даму сатысын бағалау және жынысын анықтау мақсатында инвазивті емес әдіс ретінде қолданылды.

Жүргізілген өлшеулер мен ультрадыбыстық сканерлеу нәтижелері Арал пілмайының (Acipenser nudiventris) биологиясы мен репродуктивтік әлеуетін тереңдете зерттеуге бағытталған жаңа ғылыми жобаны әзірлеуге негіз болды. Жиналған ақпарат пілмай популяцияларын сақтау және мониторинг бойынша ғылыми негізделген ұсынымдар дайындау үшін пайдаланылатын болады.

Халықаралық немесе республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін конкурссыз бекітудің ерекше тәртібі

Кім үшін?
ҚР заңды тұлғаларына ғана қолжетімді, егер «Аквашаруашылық туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес келсе су айдындарын конкурс өткізілмей бекітіліп беріледі

Қандай жобалар үшін?
• Минималды инвестициялық шегі 150 000 АЕК болатын жаңа өндірістер құру.
• Ең аз инвестициялары 100 000 АЕК болатын жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту және жаңғырту.

Бекітуге қойылатын талаптар:
✔️ Жобаның бизнес-жоспары және жұмыс бағдарламасы
✔️ Жобада көрсетілген сомаға банктегі қаражаттың болуы
✔️ Салық берешегінің болмауы
✔️ Орындалған шарттық міндеттемелер

Компанияның міндеттері:
* Жоспар бойынша балық өсіру
* Бизнес-жоспарды сақтау
* Қуаттарды салу немесе жаңарту
* Табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін төлем
Толық ақпарат алу үшін «Аквашаруашылық туралы» ҚР Заңының 11-бабын қараңыз немесе ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетіне және облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекцияларына хабарласыңыз болады.

Балық ресурстарын басқару бойынша ғылыми кеңестің отырысы өтті

2025 жылдың 24–25 қарашасында Алматы қаласы, «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-нің бас бөлімшесінде 021-бaғдарлама, 100-қосалқы бағдарлама – «Жануарлар дүниесі ресурстарын сақтау, молайту және ұтымды пайдалану» бойынша биологиялық негіздемелерді қарастыру және бекіту жөніндегі Ғылыми кеңестің отырысы өтуде. Жұмыс Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің тапсырысы бойынша жүзеге асырылды.

Алғы сөзді ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Сермагамбетов С. С. сөйлеп, жыл сайын балық және басқа да су жануарларын аулаудың шекті рұқсат етілген көлемдерін анықтайтын болжамдық зерттеулердің маңыздылығын атап өтті. Аталған көлемдер негізінде кейін Ауыл шаруашылығы министрінің су биоресурстарын алу лимиттері туралы бұйрығы бекітіледі. Бас директор Суюбаев А. С. өз сөзінде Ғылыми кеңеске дейін халықаралық және республикалық маңызы бар барлық балық шаруашылығы су айдындары, сондай-ақ резервтік су айдындары мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша институт жүргізген ауқымды зерттеу жұмыстары туралы айтып өтті және БШК техникалық ерекшеліктерінде көрсетілген талаптарға назар аударды. Сондай-ақ ол НҚА енгізілуі қажет практикалық ұсынымдар, толықтырулар және өзгерістердің балық ресурстарын қорғау, молайту және ұтымды пайдалану саласындағы жұмысты нақтылауға және жетілдіруге бағытталғанын атап өтті. Отырысты «БШ ҒӨО» ЖШС бас директордың бірінші орынбасары, биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰАҒА академигі Асылбекова С. Ж. жүргізді. Бұдан әрі ғылыми зерттеулердің жетекшісі, «БШ ҒӨО» ЖШС бас директордың орынбасары, PhD Баракбаев Т. Т. Бағдарлама бойынша жалпы таныстырылым жасады.

Отырысқа ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Сермагамбетов С. С., Комитеттің балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу басқармасының басшысы Калмуратов М. К., Комитеттің бас сарапшысы Какимжанов Е. М., «Qazaq balyk» республикалық балық шаруашылығы және акваөсіру қауымдастығы» ЗТБ басқарма төрағасы Рысбаев А. Ж., сондай-ақ өңіраралық бассейндік балық шаруашылығы инспекцияларының басшылары: Қумашев Р. Т. (Балқаш-Алакөл), Налибаев П. М. (Арал-Сырдария), Рахимжанов Т. Т. (Зайсан-Ертіс), Қауашев Н. А. (Есіл), Ғайсин Н. А. (Жайық-Каспий), Тогаев Б. Б. (Тобыл-Торғай), Кабдугалиев А. А. (Шу-Талас) және Бейсимбаев С. Ж. (Нұра-Сарысу) жеке қатысты.

Онлайн форматында Балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу басқармасының бас сарапшысы Махметов И. С., Балық ресурстарын молайту және ғылыми қамтамасыз ету басқармасы басшысының міндетін атқарушы Кожаева З. С., сондай-ақ осы басқарманың сарапшысы Дүйсенбай Б. Б. және ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің өңіраралық бассейндік инспекцияларының қызметкерлері қатысты.

Отырыс барысында кешенді ғылыми зерттеулердің нәтижелері ұсынылып, талқыланды. Оларға балық қорларының жай-күйін бағалау, су айдындарының балық өнімділігін анықтау, биоресурстар динамикасын талдау, шекті рұқсат етілген аулаудың биологиялық негіздемелерін әзірлеу, сондай-ақ балық аулауды реттеу шаралары бойынша ұсыныстар енгізілді. Ерекше назар халықаралық және республикалық маңызы бар су айдындарына, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы су айдындарына, сондай-ақ жергілікті маңызы бар резервтік су айдындарының жай-күйіне және оларды болашақта пайдалану мүмкіндіктеріне аударылды.

Ғылыми кеңестің жұмысы қорытындыланған соң әзірленген биологиялық негіздемелер 2026 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге арналған балық шаруашылығы су айдындарындағы лимиттерді бекіту үшін ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетіне жолданады.

Қауымдастырылған профессор (доцент) лауазымына үміткер туралы хабарландыру — Туменов А.Н.

  1. Справка о соискателе — Туменов А.Н.
  2. Список опубликованных работ — Туменов А.Н.
  3. Список публикаций в международных изданиях — Туменов А.Н.

«Гидрохимиялық зерттеулердің заманауи әдістері және есептік құжаттаманы біріздендіру» тақырыбында ғылыми-ақпараттық семинар

2025 жылғы 5 қарашада «БШ ҒӨО» ЖШС-нің бас бөлімінде «Гидрохимиялық зерттеулердің заманауи әдістері және есептік құжаттаманы біріздендіру» тақырыбында ғылыми-ақпараттық семинар өткізілді.

Семинарды сынақ орталығы мен гидроаналитика зертханасы офлайн және онлайн форматтарда ұйымдастырды.Семинарға «БШ ҒӨО» ЖШС филиалдарының қызметкерлері қатысты.

Семинар спикерлері:

Долгополова С.Ю. – гидроаналитика зертханасының меңгерушісі, PhD.

Мұқатай А.А. – гидроаналитика зертханасының ғылыми қызметкері.

Семинар бағдарламасы:

  • «БШ ҒӨО» ЖШС аккредиттеу саласына сәйкес гидрохимиялық зерттеулерді жүргізу хаттамасы;
  • Гидрохимиялық зерттеулерді жүргізудің заманауи әдістері;
  • Гидрохимиялық зерттеулер деректері үшін бірыңғай форматты әзірлеу.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

Қазақстан аквакультурасын дамыту: «Future» шаруашылығына сапардың нәтижелері

2025 жылдың 1–2 қарашасында «БШ ҒӨО» ЖШС қызметкерлері аквакультура жабдықтарын өндіру және осы саладағы технологиялар трансферіне маманданған кәсіпорындарды аралады. Миссияның маңызды бөлігі ретінде Қытайда кеңінен дамып келе жатқан тұқы тұқымдас — тұқы, ақ амур және ақ дөңмаңдай сияқты балықтарды көбейту шаруашылықтарымен бірлескен тренингтік бағдарламалар ұйымдастырылды. Бұл іс-шаралар Қазақстанда балық өнімдері өндірісінің көлемін арттыруға бағытталған.
 
Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін делегация тұқы тұқымдас балықтарды өсіруге маманданған Future (қыт. Wei Loi) шаруашылығын аралап, сондай-ақ жойылып кету қаупі төніп тұрған River Bus (Mesocottus trachidermus) түрімен танысты. Future шаруашылығы тұқы тұқымдас балықтарды өсіру саласында көпжылдық тәжірибеге ие және 1 жаздық шабақ өндірісінің ең жоғары көлеміне – 1,2 миллиард дана шабаққа қол жеткізеді. Бұл шаруашылық Ганьсу және Синьцзян провинцияларының, сондай-ақ Шанхай қаласының ішкі нарығының сұранысын табысты қамтамасыз етіп отыр.
 
Кең көлемді өндірісті қамтамасыз ететін негізгі факторлар – шаруашылықтың аквакультуралық жабдықтарды өздігінен өндіруі және конверсия коэффициенті 1,2–1,5 болатын жемдердің қолжетімділігі. Бұл көрсеткіштер балықтың қарқынды өсуіне және өндірістің жоғары экономикалық тиімділігіне ықпал етеді.
 
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қытай арасында балық шаруашылығы саласында ғылым мен бизнесті жүйелі түрде интеграциялау жөнінде ортақ келісімге қол жеткізілді. Басты мақсат – Қазақстан Республикасында балық өндірісі мен балық өсіру биотехнологиясы үшін тұрақты инфрақұрылым қалыптастыру, сондай-ақ қытайлық озық технологияларды өндіріске енгізу арқылы тәжірибе мен білім алмасуды қамтамасыз ету болып табылады.

Қазақстан мен Қытайдың аквакультурадағы ынтымақтастығы: «Paganda»-ға сапардың нәтижелері

2025 жылдың 30–31 қазанында профессор Min Kuanhong мен оқу бағдарламасының жетекшісі Wan Yun бастаған «БШ ҒӨО» ЖШС делегациясының аквакультура және балық өсіру саласына арналған аэрациялық жүйелерді өндіретін Paganda компаниясына сапары жалғасуда.
Сапар барысында делегация тауарлық қара тұқы (Mylopharyngodon piceus) және қытай түкті қол шаянын (Eriocheir sinensis) өсіруге маманданған Kong компаниясының озық тәжірибесімен танысты. Сонымен қатар, фугу (Tetraodon maccallii), үнді тенуалозасы (Tenualosa ilisha) және американдық шад (Alosa sapidissima) сияқты жергілікті емес балық түрлерін экспортқа бағытталған өндірісімен танымал Three Fish балық шаруашылығына барды.
 
Кездесу барысында тараптар интеграциялық өзара іс-қимыл бағыттарын және Қазақстандағы балық өсіру кәсіпорындарында заманауи аквакультуралық жабдықтарды енгізу арқылы өндірісті қарқындату мүмкіндіктерін талқылады. Негізгі назар ішкі және сыртқы нарықтарға арналған балық өнімін өндіру көлемін арттыру стратегияларына аударылды.
 
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жабдықтарды жеткізу, орнату және Қазақстандағы балық өсіру шаруашылықтарының қызметкерлерін оқыту саласындағы ынтымақтастықты дамытуға өзара ниет білдірді.