Балық шаруашылығы саласын цифровизациялау

Балық саласын eFish жүйесі арқылы цифрландыру табиғи ресурстардың сақталуын қамтамасыз етеді, процестердің ашықтығын арттырады және нарықтың барлық қатысушыларының жауапкершілігін күшейтеді.

eFish — Қазақстанның балық шаруашылығының тұрақты болашағына жасаған қадамы.

Балық шаруашылығына арналған мемлекеттік қолдау

Балық өсіру саласында қызмет атқаратын кәсіпкерлердің назарына төмендегіні хабарлаймыз.
2026 жылы Аквашаруашылық өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялауға жергілікті бюджеттен 1,9 млрд теңге қарастырылған және де, Аквашаруашылық саласындағы инвестициялық салымдар бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялауға жалпы сипаттағы трансферттер есебінен 3,4 млрд теңге көзделгенін атап өтеміз.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін кредиттеу кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға, сондай-ақ техника мен жабдықтарды сатып алуға арналған лизинг бойынша жалпы сипаттағы трансферттер есебінен 1,0 млрд теңге қарастырылған.
Осылайша, бүгінгі таңда балық шаруашылығы мен аквашаруашылық субъектілері үшін елеулі мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылуда

Қапшағай суқоймасында жүргізіліп жатқан қыстық ғылыми-зерттеу жұмыстары

«Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-нің 2026 жылғы 06 ақпандағы № 8-К бұйрығына сәйкес, 10 ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін экспедициялық жасақ құрамында: зертхана меңгерушісі Сансызбаев Е.Т., экспедициялық отрядтың жетекшісі Макамбетов С.Ж., ғылыми қызметкерлер Пангереев Б.С. және Бектуров Д.С., әкімшілік-шаруашылық бөлімінің менеджері Кошербаев Е.Ж., сондай-ақ зертханашы Сахарин Н.К. 021 бағдарламасы (100 кіші бағдарламасы) аясында Қапшағай су қоймасында қысқы кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
* Қапшағай суқоймасында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу кезеңінде Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы (БАОББШИ) Қапшағай балық инспекциясы бөлімінің бас маманы Советхан Ш.С. қатысуда.
* Іс-сапар барысында мониторингтік нүктелер бойынша ихтиологиялық, гидробиологиялық және гидрохимиялық материалдар мен сынамалар жиналуда, эхолот арқылы балықтың қыстау орындарын және кәсіптік тұрғыдан балық аулайтын балықшылар ауларын бақылау мен талдау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
* Кешенді зерттеу жұмыстары 2026 жылдың 23 ақпанына жейін жалғасатын болады.
 
 
 
 

PhD диссертациясын сәтті қорғау

«Балық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығы» ЖШС ұжымы Батыс Қазақстан филиалының аға ғылыми қызметкері, Тулеуов Асылан Мұхамбетұлы 6D120200 — Ветеринариялық санитария мамандығы бойынша «Батыс Қазақстан облысының су айдындарындағы ұзынқысқышты өзен шаянының сапасы мен тағамдық қауіпсіздігіне ветеринариялық-санитариялық бағалау» тақырыбында философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертациясын сәтті қорғауымен құттықтайды.
 
Диссертациялық жұмыс «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Батыс Қазақстан филиалының кешенді балық шаруашылығы зертханасында және Жәңгір-Хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің Ветеринария және агротехнология институтының ихтиология және аквакультура зертханасында орындалды.
 
 

Алакөл көлдер жүйесінде (АКЖ) жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстары

2026 жылғы 10 ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-нің қызметкерлері: экспедициялық отряд жетекшісі -Қарлыбайұлы С. және ғылыми қызметкер – Игілік Р., кіші ғылыми қызметкерлер – Өтеген С., Маратұлы Қ., зертханашы – Абишев Н. 021 бағдарлама (100 бағдарлама тармағы) және 267 БҚЖ бойынша Алакөл көлдер жүйесінде (АКЖ) қыстық кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
• Алакөл көлдер жүйесінде (Алакөл, Қошқаркөл, Сасықкөл) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу кезеңінде Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы (БАОББШИ) Алакөл балық инспекциясы бөлімінің бас маманы Куленова Ш.Б. қатысуда.
• Іссапар барысында мониторингтік нүктелер бойынша ихтиологиялық, гидробиологиялық және гидрохимиялық материалдар мен сынамалар жиналуда, эхолот арқылы балықтың қыстау орындарын және кәсіптік тұрғыдан балық аулайтын балықшылар ауларын бақылау мен талдау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
• Кешенді зерттеу жұмыстары 2026 жылдың 06 наурызына жейін жалғасатын болады.
 
 

Акваөсіру саласын жеңілдікпен қаржыландыру

     «Акваөсіру туралы» Заң нормаларын қолданысқа енгізу шеңберінде Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларды кредиттеу қағидаларына өзгерістер енгізілді (ҚР АШМ 2023 жылғы 31 тамыздағы № 322 бұйрығы).
Енді жылдық 2,5 % мөлшерлемемен өндірістік қуаты жылына 25 тоннадан кем емес аквашаруашылық объектілерін өсірумен айналысатын жаңа шаруашылықтарды құруға және жұмыс істеп тұрған шаруашылықтарды кеңейтуге арналған жобаларға бюджеттік кредит беру көзделген.
      Аталған шара акваөсіру саласын дамытуға ынталандыруға, саланың инвестициялық тартымдылығын арттыруға және балық өнімдерінің отандық өндіріс көлемін ұлғайтуға бағытталған.Жеңілдікті қаржыландыру балық шаруашылығы саласындағы жобаларды іске асыруға және елдің агроөнеркәсіптік кешенінің тұрақты дамуына мүдделі кәсіпкерлер үшін қосымша мүмкіндіктер ашады.

Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар суайдындарында жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстары

      2026 жылғы 10 ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-нің қызметкерлері: экспедициялық отряд жетекшісі -Баққожа Ж.М. және ғылыми қызметкерлер — Бектуров Д.С., Халелов А.Т. 021 бағдарлама (100 бағдарлама тармағы) аясында Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар су айдындарында қыстық кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
Жұмыстың мақсаты – Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар су қоймалары акваториясы бойынша балық және өзге де су биологиялық ресурстарының таралуын, сондай-ақ олардың кәсіптік қорларының жағдайын бағалау мақсатында зерттеу жүргізу.
    Қазіргі таңда экспедициялық отряд төмендегідей кешенді (гидрохимиялық, гидробиологиялық, ихтиологиялық) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда:
— су айдындарының физика-географиялық және гидрологиялық сипаттамалары;
— гидрохимиялық режимін талдау;
— су айдындарының қоректік қорының жай-күйін бағалау;
— су қоймаларындағы балықтардың түрлік құрамын анықтау.
 

Балық шаруашылығын дамыту мәселелері

Балық шаруашылығын дамыту мәселелері бойынша “ Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы” ЖШС бас директорының орынбасары, PhD Барақбаев Т.Т. 24KZ каналына берген сұхбаты.

Аквашаруашылық субъектілеріне арналған азыққа 30% субсидиялау

        Мемлекеттік қолдау шеңберінде аквашаруашылық субъектілеріне аквашаруашылық объектілерін өсіру кезінде пайдаланылатын азықты сатып алуға жұмсалған шығындардың 30 % мөлшерінде субсидиялар алу мүмкіндігі қарастырылған.
       Өтінім берілгенге дейін өтініш беруші қажетті инфрақұрылымның бар екенін және субсидиялау шарттарына сәйкестігін растайтын мамандар тобының оң қорытындысын алуға міндетті. Мамандар тобы жергілікті атқарушы органдармен қалыптастырылады, осыған байланысты оларды шақыру үшін өтініш беруші тиісті жергілікті атқарушы органға жүгінуі қажет. Субсидия алу үшін шаруашылықтар «электрондық үкімет» веб-порталы немесе АӨК СМАЖ (ГИСС АПК) арқылы белгіленген нысан бойынша өтінім ұсынуы тиіс.
      Азықты сатып алу фактісі АӨК СМАЖ бен электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу жөніндегі ақпараттық жүйе (ЭСФ АЖ) арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы, тиісті электрондық шот-фактуралар болған жағдайда расталады.
      Негізгі талаптардың бірі – аквашаруашылық өнімінің алдыңғы және (немесе) ағымдағы жылдағы өндіріс көлемін АӨК СМАЖ және ЭСФ АЖ деректері негізінде растау болып табылады. Бұл азыққа субсидияларды өнім өткізілгенге дейін алу мүмкіндігін болдырмайды және сатып алынған азықтың өндірістік үдерісте мақсатты әрі тиімді пайдаланылғанын дәлелдейді.
      Сондай-ақ «e-Agriculture» ақпараттық жүйесі арқылы ветеринариялық құжаттарды міндетті түрде растау көзделген: отандық өндірушілерден азық сатып алынған жағдайда – ветеринариялық анықтама, ал импортталған азық бойынша – ветеринариялық сертификат. Бекіре тұқымдас балық түрлерін және олардың будандарын өсірумен айналысатын шаруашылықтар үшін CITES Конвенциясының I және II қосымшаларына енгізілген түрлерді жасанды өсіру жөніндегі мәліметтерді «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасының деректері негізінде растау талап етіледі.
      Аталған шараларды іске асыру аквашаруашылық саласының тұрақты дамуына, өнім сапасын арттыруға және мемлекеттік қолдау көрсету тетіктерінің ашықтығын цифрландыру арқылы қамтамасыз етуге бағытталған. Субсидияларды беру шарттары мен тәртібі, сондай-ақ қызмет алушыларға қойылатын талаптар туралы толығырақ ҚР АШМ 2025 жылғы 1 қарашадағы № 412 «Аквашаруашылық өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығынан ресми құқықтық ресурстарда ашық қолжетімді түрде танысуға болады.