Көңіл айту

«Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС ұжымы Данько Елена Константиновнаның дүниеден өтуіне байланысты оның туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Біздің әріптесіміз, ихтиолог-балық өсіруші Данько Елена Константиновна өмірден өтті. Бұл біз үшін орны толмас қаза. Мәңгілік жадымызда сақталады!

Туғандарының қайғысына ортақтасамыз.

Елена Константиновна 1947 жылдың 6 қаңтарында дүниеге келген. 1971 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің биология факультетін «ихтиология-гидробиология» мамандығы бойынша бітірген.

Ұйымдағы еңбек жолын 1973 жылдың тамыз айынан бастаған. Балық генетикасы және селекциясы зертханасына кіші ғылыми қызметкер болып қабылданды. Ол қазақстандық балық шаруашылығы ғылымы ғалымдарының қазақстандық жергілікті тұқыны шығару, балық селекциясының генетикалық әдістерін (химиялық және радиациялық мутагенез) әзірлеу, өсімдікпен қоректенуші балықтарды екі тізбекті өсіру және өнеркәсіптік будандастыру, дөңмаңдайды өнеркәсіптік технологияға бейімдеу, бахтахтың әртүрлі формаларының жоғары өнімді аналық үйірін қалыптастыру, тұқы тізектерінің генетикалық құрылымын үдету және перспективалы тізбекаралық комбинацияларды алу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсене қатысты.

1992-1997 жылдары Данько Е.К. тоған және өнеркәсіптік балық шаруашылығы зертханасының меңгерушісі болды. Бұл кезеңде зертхана жұмыстары көп бағытты және кешенді сипатта болды. Тоған шаруашылығы бойынша зерттеулер Сырдария, Қарағанды, Шелек, Тасөткел тоған шаруашылықтарында және Қапшағай уылдырық шашу-өсіру шаруашылығында жүргізілді. Елена Константиновнаның басшылығымен аймақтық тұрғыда тұқы мен өсімдікпен қоректенуші балықтарды өнеркәсіптік өндірудің биотехникасын әзірлеу, тоған экожүйесінің биоөнімділік процестеріне су ашытқыларының әсерін зерттеу, жылу электр орталығының тастанды жылы суларын және жылы суларды пайдалана отырып, балық отырғызу материалы мен тауарлы балық өсіру биотехнологиясын жетілдіру және тағы басқа жұмыстар атқарылды.

▪️Соңғы жылдары Данько Елена Константиновна ихтиология зертханасында аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді, Балқаш-Алакөл бассейні бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын басқарды.

▪️Оның жетекшілігімен және қатысуымен Алакөл көлдер жүйесіндегі сирек және бағалы балық түрлері мен тұқымдарының генофондын сақтау және тұрақты пайдалану бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Жергілікті сазанмен көлдерді жасанды жолмен балықтандыру бойынша биологиялық негіздеме дайындалды. Бесағаш кентінде сазанды өсіретін инкубациялық цех салынып, алғашқы 30 млн дернәсіл алынды.

▪️Данько Е.К. генетика зертханасындағы әріптестерімен бірге Балқаш алабұғасы популяциясының Алакөл және Балқаш көлдерінде генетикалық оқшаулануын анықтау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Генетикалық зерттеулер екі көл алабұғасының шығу тегі бір, бірақ кейін ұзақ уақыт оқшауланған деген қорытынды жасауға мүмкіндік берді.

▪️Елена Константиновна ғылым кәсіподағы Орталық Комитеті төралқасының мүшесі, сондай-ақ «БШҒӨО» ЖШС кәсіподақ комитетінің тұрақты төрағасы қызметін атқарды.

Оңғақ қара балық пен Розенберг асшаянын өсіру кезіндегі био-техникалық тәсілдердің тиімділігін зерттеу

2024–2026 жылдарға арналған «Қазақстанның әртүрлі аймақтарының табиғи-климаттық жағдайларында инновациялық, экономикалық тиімді технологиялар мен жаңа аквакультура нысандарын әзірлеу және енгізу» атты ғылыми-техникалық бағдарлама аясында «Қазақстанның балық өсіру шаруашылықтары жағдайында перспективалы аквакультура нысандарын өсірудің тиімді биотехникалық тәсілдерін сынақтан өткізу және енгізу, ДНҚ-маркерлерін қолдану арқылы оларды генетикалық сәйкестендіру» жобасы жүзеге асырылуда. Зерттеулер «Қапшағай уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы-1973» ЖШС базасында индустриялық жағдайда Розенбергтің асшаяны мен оңғақ қара балық өсіру бағытында жүргізілуде.

«Балық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығы» ЖШС аквакультура зертханасының қызметкерлері — аға ғылыми қызметкер Н.С. Бадрызлова, ғылыми қызметкерлер Г.М. Маратова мен А.Т. Халелов — зерттеу нысандарына бонитировка жүргізіп, өлшемдерін тіркеді. Асшаян мен оңғақ қара балық бассейндерге, тұйық жүйелі сумен қамтамасыз етілген қондырғы жүйесіне, ағынды науаларға және тоғандарға отырғызылды. Артезиан ұңғымасынан алынған және тоған суын пайдалану арқылы тірі және жасанды қорекпен қоректендіру тәжірибелері басталды. Генетикалық талдау жүргізу үшін оңғақ қара балықтарынан сынамалар алынды.

Пайдалы модельдерге патенттер алынды

2024–2026 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бағдарламалары аясында келесі тақырыптар бойынша пайдалы модельдерге патенттер алынды:
BR23591095 – «Су биологиялық ресурстарын олардың әлеуетін бағалау және қорлар динамикасын модельдеу негізінде сақтау үшін су айдындарын кешенді зерттеу»,
және BR23531065 – «Қазақстанның әртүрлі өңірлерінің табиғи-климаттық жағдайларында экономикалық тиімді аквамәдениет технологиялары мен нысандарын әзірлеу және енгізу».

  1. Пайдалы модельге патент №10490 – Бахтах өсірудің аралас тәсілі.
    Бұл пайдалы модель балық өсіру саласына жатады және оны форельді балық өсіретін шаруашылықтарда өсіруде қолдануға болады.
  2. Пайдалы модельге патент №10491 – Ихтиофаунаның биологиялық әртүрлілігін зерттеу әдісі.
    Бұл пайдалы модель балық шаруашылығы саласына жатады және ихтиофаунаның биологиялық әртүрлілігін зерттеу кезінде қолданылуы мүмкін.
  3. Пайдалы модельге патент №10492 – Ихтиопатологиялық зерттеулер кезінде балықты ұстауға және бекітуге арналған құрылғы.
    Ұсынылған пайдалы модель балық шаруашылығы саласына жатады және оны су айдындарында ихтиопатологиялық зерттеулер жүргізу кезінде қолдануға болады.

Бұл зерттеулер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қаржыландыруымен жүзеге асырылады.

 

Қиғаш өзеніндегі кешенді гидробиологиялық және ихтиологиялық зерттеулер жалғасуда

«Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-нің Атырау филиалы BR21882122 «Жасыл даму контекстінде Батыс Қазақстан өңірінің табиғи-шаруашылық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерінің тұрақты дамуы: кешенді талдау, тұжырымдама, болжамдық бағалау және сценарийлер» бағдарламасы аясында ғылыми зерттеулерді жалғастыруда.

Экспедициялық жасақ құрамында: Атырау филиалының директоры Е. Л. Кадимов, аға ғылыми қызметкер Т. А. Өтеулиев және кіші ғылыми қызметкер Н. М. Батырбек Жайық өзені бойындағы, Индер және Махамбет аудандарындағы бақылау станцияларында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін сапарға шықты.

Нәтижесінде гидрохимиялық, токсикологиялық, гидробиологиялық және ихтиологиялық сынамалар іріктеліп алынды, сондай-ақ зерттеу жүргізілген аумақтардың метеорологиялық жағдайлары тіркелді.

Қазіргі уақытта іріктелген сынамалар зертханалық жағдайда зерттелуде.

Жайық пен Қиғаш өзендеріндегі кәсіптік балықтардың ихтиопатологиялық зерттеулері

“Қазақстанның негізгі балық кәсіпшілігі су айдындарындағы балық түрлерінің ихтиопатологиялық зерттеулері және балық жұқпалы ауруларының жаппай таралу қаупін азайту бойынша кешенді іс-шараларды әзірлеу” тақырыбы бойынша іске асыру шеңберінде “Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы” ЖШС Атырау филиалының қызметкерлері мен “Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринариялық институты” ЖШС және “микробиология және вирусология ҒОӨ” ЖШС мамандарымен бірлесіп 2025 жылғы 22-30 сәуір аралығында Жайық және Қиғаш өзендерінде Ихтиологиялық сынамалар жинау жұмыстары орындалды.

Зертханалық зерттеулер үшін аталған су айдындарында мекендейтін кәсіпшілік балықтардың барлық түрлерін қамтитын 108 сынама берілді.

Каспий теңізі зообентосын зерттеу бойынша гидробиологиялық семинар аяқталды

2025 жылдың 25 сәуірінде БШҒӨО Гидробиология зертханасы ұйымдастырған «Каспий теңізі зообентосының омыртқасыздар қауымдастығын түрлік сәйкестендіру» және «Гидробиологиялық сынамаларды өңдеу әдістемесі және Сынақ орталығының белгісі бар хаттамаларды ресімдеу» тақырыптарында төрт күндік гидробиологиялық семинар (22-25 сәуір) аяқталды.

Семинар барысында қойылған мақсаттар мен міндеттер орындалды. Гидробиологиялық зерттеу әдістері біріздендірілді. Семинар қатысушыларына сертификаттар табысталды.

Қиғаш өзеніндегі кешенді гидробиологиялық және ихтиологиялық зерттеулер

«Балық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығы» ЖШС ағымдағы жылы балық ресурстары бөлігінде Батыс Қазақстан өңірінің табиғи-шаруашылық жүйелерін дамытудың негізгі факторы ретінде Табиғи-ресурстық әлеуетті бағалау бойынша ғылыми зерттеулерді жалғастыруда (Атырау және Маңғыстау облыстарының).

«Балық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығы» ЖШС Атырау филиалының қызметкерлері Атырау облысының су қоймаларында мониторингтік зерттеулерді орындау кезеңіне кірісті.Қиғаш өзені бойындағы бақылау станцияларында 2025 жылғы 21–30 сәуір аралығында Атырау филиалының директоры Кадимов Е.Л., аға ғылыми қызметкер Өтеулиев Т.А., ғылыми қызметкер Кадимов Б.Л. және кіші ғылыми қызметкер Сүлейменов С.Б. құрамындағы экспедициялық топ гидрохимиялық, гидробиологиялық, ихтиологиялық үлгілерді зертханалық талдаулар үшін іріктеуді жүзеге асыруда, сондай-ақ зерттеу жүргізіліп жатқан ауданның метеорологиялық жағдайлары тіркелуде.

Сондай-ақ, ихтиологиялық зерттеулер шеңберінде мониторингтік станцияларда ғылыми-зерттеу аулау жүзеге асырылады.

Сыбайлас Жемқорлық Тәуекелдерінің Тізімі

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекеліТәуекелді жою жөніндегі ұсынымдарҰсынымды орындау нысаныУәкілетті мемлекеттік органның позициясы

*Ұсынымдарды басқа мемлекеттік органға жолдау кезінде
Орындау мерзімі
1.
Кадрлық процестердегі коррупциялық тәуекелдер (мысалы, қабылдау, ауыстыру, аттестаттау)
Кадрлық саясатты жетілдіру, ашықтықты қамтамасыз ету, тәуелсіз бақылау жүргізуІшкі бұйрықтар, ережелерге өзгерістер енгізуТұрақты
2.Мемлекеттік сатып алулардағы коррупциялық тәуекелдерСатып алу процестеріндегі бақылауды күшейту, ашық тендерлер өткізу, тәуелсіз бағалау жүргізуЕрежелерге өзгерістер енгізу, сатып алу комиссиясының жұмысын жақсартуТұрақты
3.Автокөлікті жеке мақсатта пайдалануКөлік қозғалысын бақылау жүйесін (GPS) тиімді пайдалану, көлік пайдалану ережелерін қатаңдатуЕрежелерге өзгерістер енгізу, бақылау жүргізу журналын енгізуТұрақты
4.Қызметкерлердің сыйлық алуы немесе коррупциялық құқық бұзушылыққа бейімдеу әрекеттеріҚызметкерлерге этика және қызметтік мінез-құлық нормаларын түсіндіру, коррупцияға қарсы шаралар туралы хабардар етуОқыту семинарларын өткізу, ережелермен таныстыруТұрақты
5.Ақпараттың қолжетімділігінің шектеулігіКоррупцияға қарсы ақпараттық ресурстарды (ыстық желілер, ақпараттық стендтер) қамтамасыз ету, ақпараттық жүйелерді жетілдіруАқпараттық материалдарды жаңарту, веб-сайтты жетілдіруТұрақты

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырайтын лауазымдардың реестрі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырайтын лауазымдардың реестрі

№ Р/НЖемқорлық тәуекелдеріне ұшырайтын лауазымҚұрамында жемқорлық тәуекелдері бар лауазым өкілеттіктеріЖемқорлық тәуекелдері
1.«Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы, Бас директор лауазымыСеріктестікке жалпы басшылық ету, бизнес процестерді басқару, барлық маңызды ішкі құжаттар мен шарттарға, соның ішінде мемлекеттік сатып алулар туралы шарттарға қол қою.Мемлекеттік сатып алу рәсімін жүргізуге байланысты тәуекелдер, шешім қабылдау кезінде заңсыз артықшылық беру.

Бағалы балық өсіру технологиялары бойынша семинар

14-і мен 18-ші сәуір аралығында «Хамит» АӨК базасында кәсіпкерлер мен балық өсіруші-фермерлерге арналған «FISH SCHOOL» аквакультураны оқыту орталығында «Бағалы балық түрлерін өсіру технологиясы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік семинар өткізілді.

«Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС және «Хамит» АӨК арасында жасалған ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде семинарды «БШҒӨО» ЖШС-сі аквакультура зертханасының ғылыми қызметкері А. У. Умиртаева жүргізді.

Семинар барысында тыңдаушылар Қазақстанның балық өсіру шаруашылықтары жағдайында бағалы балық түрлерін өсірудің дәстүрлі технологияларымен, перспективалы аквакультура объектілерін өсірудің инновациялық технологияларымен, сондай-ақ ҚР балық саласында шағын және орта бизнесті дамыту үшін мемлекеттік қолдау шараларымен танысты.

Сондай-ақ, бизнес-жоспарларды дайындауда оқытылады. Тәжірибелік сабақтар «Хамит» АӨК тоған шаруашылығында, «Vita» ЖШС тор шарбақты шаруашылығында, «Сұлтан» көл-тауар балық шаруашылығы шаруашылығында, «Бәйтерек» ЖК бассейн шаруашылығында және «Хамит» АӨК балық өңдеу зауытында өтілді.