«КБИӨ» (Кубань бекіре өсіру институты) ЖШС «БШҒӨО» ЖШС-мен бірлесіп пілмай тұқымдас балықтардың бағалау (бонитировка) беруде

Қазіргі уақытта, «Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген балық түрлерінің және бөтен гидробионттардінің популяциясын зерттеу және сирек кездесетін түрлердің жасанды көбеюі және бөтен балық түрлерінің және басқа да су организмдерінің таралуының алдын алу бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында» БМҚ жобасы аясында ,«КБИӨ» (Кубань бекіре өсіру институты) ЖШС «БШҒӨО» ЖШС қызметкерлерінің қатысуымен: бас директордың орынбасары, биология ғылымдарының докторы Асылбековамен С.Ж. және гидробионт генетикасы зертханасының меңгерушісі Шалғымбаевамен Г.М. генетикалық ДНҚ талдауын пайдалана отырып, Орал және Арал популяцияларын анықтау үшін бірлесіп пілмай тұқымдас балықтардың бағалау (бонитировка) беруде.

2022 жылғы 20-26 Сәуір аралығында Қазақстан мен Өзбекстан делегациялары Таиланд астанасы Бангкок қаласында болды

2022 жылғы 20-26 Сәуір аралығында GIZ аймақтық жобасы аясында «Арал өңірінің экологиялық бағдарланған өңірлік дамуы» Қазақстан мен Өзбекстан делегациялары Таиланд астанасы Бангкок қаласында болды. Сапардың мақсаты «Таиландта артемия және басқа да акваөсіру өнімдерін өсіру бойынша тәжірибе алмасу».

Қазақстаннан қатысушылар Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің бас сарапшысы Е.Суықбаев және Мажибаева Ж., «БШҒО» ЖШС-тың гидробиология және гидроаналитика зертханасының меңгерушісі. Өзбекстан тарапынан тиісті министрліктер, мекемелер мен салалық ғылым өкілдері қатысты.

Жалпы брифинг өтті, конференцияға қатысушылар Тайландтың Балық шаруашылығы департаментінде (DOF), Азия-Тынық мұхиты аймағындағы аквамәдениет орталықтары желісінде (NACA) және т.б. болды. Құттықтау сөзімен DOF бас директоры және профессор Патрик Соргелоос сөз сөйледі. Одан кейін Тайландтағы акваөсіру секторының презентациялары өтті, онда көп жақты қатысуға (мемлекеттік және жеке сектор, білім беру және ҒЗТКЖ, ғылымды кеңейту қызметтері, фермерлер қауымдастығы және т.б.) назар аударылды.

Өзбекстан делегациясы және профессор Патрик Соргелооспен бірге Тайландты акваөсіру, стартерлік жем ретінде артемияны өсіру және олардың технологияларын біздің елдерге енгізу мүмкіндіктері туралы түрлі мәселелер талқыланды.

Шортанның аналық тұқымын қалыптастыру және оны көбейту бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде

«Инновациялық технологияларды және жаңа балық өсіру объектілерін әзірлеу және енгізу арқылы Қазақстандағы акваөсіру шаруашылығын кешенді дамытуды ғылыми-технологиялық қамтамасыз ету», «Қазақстандағы балық өсіру кәсіпорындарының жағдайында балық шаруашылығының перспективалық объектілерін және омыртқасыз жануарлардың гидробионттарын өсірудің индустриялық технологияларын әзірлеу және енгізу» БМҚ бағдарламасына сәйкес, БШҒӨО» ЖШС-ның акваөсіру зертханасының қызметкерлері (аға ғылыми қызметкері Булавина Н.Б., ғылыми қызметкер Булавин Е.Ф.) «Бұқтырма уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы» (БУШӨШ) ЖШС-мен бірлесіп шортан тұқымдастарының ауыстырмалы тұқымын қалыптастыру оны көбейту бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде. 

Қазіргі уақытта шортан өндірушілерден жыныстық өнімдерді таңдау бойынша жұмыстар жүргізілді. Ұрықтанғаннан кейін уылдырық одан әрі инкубациялау үшін инкубацияға жіберілді.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде пайда болған дернәсілдер айналмалы сумен жабдықтау қондырғысының бақыланатын жағдайында өсіріледі, содан кейін олар одан әрі өсіру және шортан тұқымын қалыптастыру үшін тоғандарға жіберіледі.

«БШҒӨО» ЖШС-нің қызметкерлері Долгополова С.Ю. (АҒҚ) және Мұқатай А.А. (ҒҚ) оқу офлайн курстар өтті.

Бағдарлама үш күндік тренингті қамтып, мына тақырыптар бойынша дәрістер жүргізілді: «ГОСТ ИСО/МЭК 17025-2019 сәйкес өлшемдердің белгісіздігін бағалауға қойылатын талаптар; өлшемдердің белгісіздігін бағалаудың нормативтік базасы; өлшем белгісіздігін өрнектеу бойынша нұсқаулық; өлшемдердің белгісіздігін бағалау кезеңдері; өлшемдердің белгісіздік көздерінің негізгі топтары; себептілік диаграммасы». Мына тақырыптар бойынша тәжірибелік сабақтар жүргізілді: белгісіздікті есептеу және өлшеу нәтижелері; корреляция коэффициенті; белгісіздік коэффициенті мен бюджетті есептеу; өлшемдердің анықталмағандығы туралы есеп дайындау; өлшеу белгісіздігінің елеулі үлестерін басқару. 

Курс соңында қатысушылар емтиханды «өте жақсы» деген бағамен тапсырып, куәліктер алды.

Бекіре тұқымдас балықтардың генетикалық сараптамасы үшін сынамаларды іріктеудің бірінші кезеңі өтуде.

«ҚР бекіре өсіру шаруашылықтарындағы генетикалық алуантүрліктерді ескере отырып бекіре балықтарының толықтырушы–аналық үйірлерін қалыптастыру және тиімді пайдалану» жобасын іске асыру шеңберінде, «Орал-Атырау бекіре балық өсіру зауыты» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында «БШҒӨО» ЖШС қызметкерлері: бас директордың орынбасары, биология ғылымдарының докторы,  Асылбекова С.Ж. және гидробионттар генетикасы зертханасының меңгерушісі Шалгимбаева Г.М. қатысуымен бекіре тұқымдас балықтардың генетикалық сараптамасы үшін сынамаларды іріктеудің бірінші кезеңі өтуде. Генотиптеу нәтижелері бойынша, балық-шаруашылығы ғылыми-зерттеу Орталығы аналық-ремонттық үйірге іріктеліп алынған бекіре тұқымдас балықтардың генетикалық паспорттарын әзірлеп табыстайды.

Бұқтырма су қоймасының №5 және №10 балық шаруашылығы телімдерінде балық ресурстарының жай-күйін бағалау бойынша жұмыстар жүргізілді

Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының ихтиологиялық жұмыс жоспарына сәйкес, инспекция  қызметкерлері «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Алтай филиалының қызметкерлерімен бірлесіп және табиғат пайдаланушылардың қорықшылық қызметінің қатысуымен 2022 жылғы 23-24 сәуір аралығында Бұқтырма су қоймасының 5 және 10 балық шаруашылығы телімдерінде  балық ресурстарының жай-күйін бағалау бойынша жұмыстар жүргізілді.

Сонымен қатар, пайдалануға рұқсат етілген кәсіпшілік балық аулау құралдарының (капрон торлары) және қолдануға тыйым салынған балық аулау құралдарының (моножіптен және монофиламенттен жасалған торлар) балық аулау деңгейі мен селективтілігін зерттеу тұрғысынан жұмыс жүргізілуде. Аталған жұмыстар жалғасуда.

 

Зайсан-Ертіс бассейнінің су айдындарына 20 млн. данадан астам ақсаха тұқымдас балық түрлерінің дернәсілдері жіберілді

Зайсан-Ертіс бассейнінің су айдындарына 20 млн. данадан астам ақсаха тұқымдас балық түрлерінің дернәсілдері жіберілді.

Балық ресурстарының жасанды өсімін молайту бойынша 2022 жылға арналған мемлекеттік тапсырысты орындау шеңберінде бүгін “Шығыс Универсал» ЖШС Бұқтырма су қоймасына 4,5 млн.дана көкшұбар балығының дернәсілдерін жіберді.

Су айдындарына балық жіберу Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының, жергілікті атқарушы органның, “Балық шаруашылығы қауымдастығы – BD» балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығының, «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Алтай филиалының өкілдерінен құралған комиссия арқылы бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен жүзеге асырылды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін осы жылдың 18-20 сәуір аралығында «Шығыс Универсал» ЖШС мемлекеттік тапсырысты орындау аясында Шүлбі су қоймасына 17,1 млн.данадан астам ақсахатұқымдас балық түрлерінің дернәсілдерін жіберген болатын.

Республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарына балық жіберу жөніндегі іс-шаралар жалғасуда.

Дәстүрлі балық аулау құралдарының (капрон торларлары) және моножіпті торлардың (желі) селективтілігіне тәжірибе жалғасуда

Балқаш көлда дәстүрлі балық аулау құралдарының (капрон торларлары) және моножіпті торлардың (желі) селективтілігіне тәжірибе жалғасуда торлы қадамы 30-дан 100 мм-ге дейін. Іс-шараны бақылау балық аулау аясында «БШҒӨО» ЖШС-тың Балқаш филиалының қызметкерлері, Балық шаруашылығы бойынша Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік инспекциясының (БАМБИРХ) Балқаш бөлімінің инспекторларымен бірлесіп өткізеді.

«БШҒӨО» ЖШСБалқаш бас директоры, Қ.Б.Исбеков орындалып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

Жеке серіктес «Қапшағай НВХ-1973» ЖШС-нің базасында сазан балықтарының өсімін молайту бойынша жұмыстар жүргізуде

«БШҒӨО» ЖШС қызметкерлері «Алдағы уақытта ҚР табиғи су айдындарын балықтандыру үшін сазанның отырғызылатын балық  материалдарын  жасанды ұдайы өндіру және өсіру» коммерцияландыру жобасы аясында жеке серіктес «Қапшағай НВХ-1973» ЖШС-нің базасында сазан балықтарының өсімін молайту бойынша жұмыстар жүргізудеЖШС-нің базасында сазан балықтарының өсімін молайту бойынша жұмыстар жүргізуде. Сонымен қатар, «БШҒӨО» ЖШС мен «Қапшағай НВХ-1973» ЖШС арасындағы ынтымақтастық Меморандумға сәйкес тұқы балықтарының  уылдырық шашу науқанына ғылыми қолдау көрсетуде. 

Дәстүрлі балық аулау құралдарының (капрон) және моножіпті торлардың (желі) ерекше анықтау бойынша тәжирбиелік жүмыстар жүргізілуде

2022 жылғы 15 сәуірден бастап, Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы (Балқаш балық шаруашылығы инспекциясы басқармасы) және «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» Балқаш филиалының қатысуымен дәстүрлі балық аулау құралдарының (капрон торлары) және торлы қадамы 30-дан 100 мм-ге дейінгі моножіпті торлардың (желі) селективтілігін анықтау бойынша тәжирбиелік жүмыстар жүргізілуде. 

 Ғылыми-зерттеу жұмыстары батыс Балқаш бойынша 15.04 – 22.04.2022 жылдар аралығында, Шығыс Балқаш бойынша 20.04 – 27.04.2022 жыл аралығында жүргізіледі. 

Нәтижелері бойынша балық ресурстарын сақтау және өсімін молайтуды қамтамасыз ету үшін шабақтарды (жас балықтарды) (өндірістік көлемде емес, яғни жыныстық жетілмеген) қосымша аулауға жол бермейтін ең аз тор мөлшері бар балық аулау құралдары бойынша ұсыныстар беріледі. 

Шараға барлық қызығушылығы бар тұлғаларды қатысуға шақырамыз!

Аулауға қатысу мәселелері бойынша келесі байланыс нөмірлеріне хабарласуыңызға болады: 

  • +7(707)404-96-17 Қапшағай балық инспекциясы бөлімінің бас маманы Асемханов Әділет. 
  • +7(776)831-81-72 «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Балхаш филиалының экспедиция жасағының басшысы  Тағаев Досжан Оспанбекович