Балық шаруашылығы комитеті төрағасы табиғат пайдаланушылармен кездесу өткізді
Spread the love

2022 жылы ақпан айының 10 күні ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Нариман Талғатұлы Жүнісов іс -сапармен Қызылорда қаласына келді.

Іс-сапар барысында, Арал ауданы әкімінің орынбасары Әбішев Еркін Жұмаханұлы, Табиғи ресрустар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Шаменов Бауыржан Серікұлы, «БШҒӨО» ЖШС-нің Арал филиалы директоры Барақбаев Тынысбек Темірханұлы және «Балық шаруашылықтардың қауымдастығы-BD» директоры Балкеев Абзал Пернебайұлының қатысуымен Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы мәжіліс залында табиғат пайдаланушылармен жиналыс өткізді.

Жиын барысында өңірдегі балық шаруашылығы мәселелері талқыланып, табиғат пайдаланушылар тарапынан ұсыныстар тыңдалды.