«Балықтардың жұқпалы аурулары пайда болған кезде әрекет ету» тақырыбында симуляциялық тренинг
Spread the love

2023 жылғы 26 мамырда Қонаев қаласында «балықтардың жұқпалы аурулары пайда болған кезде әрекет ету»тақырыбында симуляциялық тренинг өтті.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы арасындағы 2022-2023 жылдарға арналған симуляциялық тренинг жоспарына сәйкес ҚР Ветеринариялық қызметі арасындағы Келісім шеңберінде өтті.

Іс-шараға келесі ұйымдардың өкілдері  ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті, Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясы, Алматы облысының ветеринария басқармасы, Қонаев қаласы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы және «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталық» ЖШС қызметкерлері :  гидроаналитика зертханасының меңгерушісі м.а С. Ю. Долгополова, экспедициялық жасақтың бастығы С. Ж. Макамбетов және аға зертханашысы Игілік Р. қатысты.

Іс-шара барысында балықтардың жаппай қырылуына ден қою жөніндегі ұйымдардың өзара іс-қимылы туралы негізгі мәселелер талқыланып, ақпараттық ролик түсірілді.