PHP_INJECT_OKPHP_INJECT_OKPHP_INJECT_OKPHP_INJECT_OK
2026 жылғы 24 қыркүйекте Астана қаласында аквакультура саласының мамандарына арналған балық ауруларын диагностикалау, алдын алу және емдеу мәселелеріне бағытталған практикалық оқу курсы өтті.
Kazakh Fish Academy тыңдаушыларына арналған «Балық денсаулығы – тұрақты аквакультураның негізі: аурулар, қауіптер және шешу жолдары» тақырыбындағы курсты «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС генетика және гидробионттар зертханасының ғылыми қызметкері Ургенишбаева Ж.И. өткізді.
Курс барысында қатысушылар балық ауруларының негізгі себептері мен белгілерін, диагностикалау, емдеу және алдын алудың заманауи тәсілдерін қарастырды. Практикалық жұмыстарға ерекше назар аударылды: тыңдаушылар балыққа сыртқы тексеру жүргізіп, ішкі ағзаларын зерттеді, олардың жағдайын бағалады, биологиялық материал алу әдістерін меңгеріп, микроскопиялық зерттеу жүргізді.
Курстың практикалық форматы теориялық білімді бекітуге және ауруларды уақтылы анықтауға қажетті дағдыларды меңгеруге мүмкіндік беріп, мамандардың кәсіби даярлығын арттыруға және аквакультурада аурулардың алдын алу мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті.
Ихтиопатология және биоқауіпсіздік саласындағы практикалық құзыреттерді дамыту – балық денсаулығына төнетін қауіптерге тиімді әрекет ете алатын және саланың тұрақты дамуына үлес қосатын мамандарды даярлаудың маңызды бөлігі.

