Аквакультураның инновациялық технологияларын әзірлеу және енгізу: Балық шаруашылығы ҒӨО зерттеулерінің нәтижелері

«Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС 2024–2026 жылдары BR23591065 «Қазақстанның әртүрлі өңірлерінің табиғи-климаттық жағдайларында экономикалық тиімді инновациялық технологиялар мен аквакультураның жаңа объектілерін әзірлеу және енгізу» ғылыми-техникалық бағдарламасын іске асырды.

Бағдарлама бағалы балық түрлерін өсірудің құрама технологияларын апробациялау мен енгізуге, аквакультураның жаңа объектілерін көбейтудің биотехникасын әзірлеуге, сондай-ақ сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген балық түрлерінің генетикалық құрылымын ескере отырып, олардың жөндеу-аналық үйірлерін қалыптастыруға бағытталған.

Индустриялық балық өсіру, генетика, гидробиология және аквакультура объектілерін азықтандыру саласындағы зерттеулерді біріктіру отандық аквакультураны әртараптандыруды ғылыми негіздеуге, балық өсіру шаруашылықтарының экономикалық тиімділігін арттыруға және Қазақстанда балық өнімдерін импортты алмастыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

 

Зерттеулердің негізгі бағыттары

Бағдарлама шеңберінде мамандар Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде аквакультураның бағалы әрі перспективті объектілерін өсіру биотехнологияларын әзірлеу және жетілдіру бойынша зерттеулер жүргізді.

Жекелеген бағыт бақтақты (радужная форель) өсірудің құрама және бассейн-тоған әдістерін әзірлеуге, сондай-ақ оны артезиандық және аралас сумен қамтамасыз ету жағдайларында өсіру тиімділігін салыстырмалы бағалауға арналған.

Жұмыстың маңызды бөлігі бекіре балықтарының (соның ішінде сібір бекіресі мен сүйрік) жөндеу-аналық үйірлерін қалыптастырумен және Жайық-Каспий мен Ертіс бассейндеріндегі ақбалық (нельма) пен сүйріктің (стерлядь) популяциялық-генетикалық зерттеулерімен байланысты.

Сонымен қатар, ғалымдар аквакультураның жаңа объектілерін — Розенберг тұщы су шаянын (соның ішінде австралиялық қызыл шеңгелді шаянмен поликультурада) және оңғақты (линь) жасанды өсіру мен өсірудің биотехникасын әзірлеп, олардың өсуі мен өміршеңдік ерекшеліктерін зерттеді. Бұдан бөлек, бақтақ өсіруде гаммарусты азықтық қоспа ретінде пайдалану тиімділігін бағалау бойынша зерттеулер жүргізілді.

 

Ғылыми жарияланымдар және практикалық маңыздылығы

Зерттеу нәтижелері отандық және шетелдік жетекші ғылыми басылымдардағы жарияланымдарда, сондай-ақ пайдалы модельдерге рәсімделген қорғау құжаттарында көрініс тапты.

 

Web of Science және Scopus базаларында индекстелетін журналдардағы мақалалар:

  1. Aitkaliyeva A. et al. Experience of forming repair and brood stocks of sturgeon fish: Studies on the example of Siberian sturgeon and sterlet. Caspian Journal of Environmental Sciences, 2025, 23(2), 385–396. DOI: https://doi.org/10.22124/cjes.2025.8720
  2. Barakov R. T. et al. Morphological patterns of sterlet (Acipenser ruthenus L.) in the Zhaik–Caspian and Irtysh basins (Central Asia, Kazakhstan): a comparative analysis. Fishes, 2026, 11(3), Article 164. DOI: https://doi.org/10.3390/fishes11030164
  3. Barakov R. et al. Phenotypic variability and adaptive differentiation of tench (Tinca tinca L.) from Aquaculture and Natural Populations In Southern Kazakhstan. Fishes, 2026, 11(4), Article 238. DOI: https://doi.org/10.3390/fishes11040238
  4. Barakov R.T. et al. Biomorphological Indicators of Rainbow Trout (Oncorhynchus mykiss) Fry: Comparative Analysis in the Conditions of the Lower Kolsay and Fish Farms. OnLine Journal of Biological Sciences, 2026, 26(1), Article 23. DOI: https://doi.org/10.3844/ojbsci.2026.26.01.023
  5. Assylbekova S.Z. et al. Population Status and Conservation of Sterlet (Acipenser ruthenus L.) in the Transboundary Irtysh River Connecting China, Kazakhstan, and Russia: Evidence from Long-Term Monitoring and Broodstock Development. Fishes, 2026, 11(8), Article 464. DOI: https://doi.org/10.3390/fishes1108464

 

ҒЖБССҚК ұсынған басылымдардағы мақалалар:

  1. Бараков Р.Т., Шарахметов С.Е., Исбеков К.Б., Нуртазин С.Т. Морфологическая изменчивость сазана Cyprinus carpio (Linnaeus, 1758) в водоемах Балкаш-Алакольского бассейна. Центральноазиатский журнал исследований водных ресурсов. – 2024. – Т. 10, № 2. – С. 26–44.
  2. Ситахметова Г.Қ. Оценка морфологических признаков сибирского осетра на ранних этапах онтогенеза. Вестник науки Казахского агротехнического исследовательского университета имени Сакена Сейфуллина (междисциплинарный). – 2024. – № 3 (122). – С. 37–45. DOI: https://doi.org/10.51452/kazatu.2024.3(122).1726
  3. Абилов Б. И. и др. Комбинированный метод выращивания форели в условиях Алматинской области. Ізденістер, нәтижелер = Исследования, результаты. – 2025. – № 2 (106). – С. 5–17. DOI: https://doi.org/10.37884/2-2025/02
  4. Айткалиева А.А. и др. Особенности выращивания младшего ремонта осетровых рыб р. Иртыш в условиях УЗВ. Ғылым және білім. – 2025. – Т. 5, № 3 (80). – С. 233–244. DOI: https://doi.org/10.52578/2305-9397-2025-3-5-233-244
  5. Куанчалеев Ж.Б. и др. Оценка влияния плотности посадки пресноводной креветки Розенберга (Macrobrachium rosenbergii) на выживаемость и скорость роста. Вестник науки Казахского агротехнического исследовательского университета имени Сакена Сейфуллина (междисциплинарный). – 2025. – № 3 (127). – С. 257–267. DOI: https://doi.org/10.51452/kazatu.2025.3(127).2007
  6. Куанчалеев Ж. Б. и др. Опыт искусственного воспроизводства пресноводной креветки Розенберга (Macrobrachium rosenbergii). Вестник науки Казахского агротехнического исследовательского университета имени Сакена Сейфуллина (междисциплинарный). – 2025. – № 4 (128). – С. 75–86. DOI: https://doi.org/10.51452/kazatu.2025.4(128).2080
  7. Oskina A. A. et al. Comparative assessment of the efficiency of rainbow trout (Oncorhynchus mykiss) cultivation under artesian and mixed water supply in basin systems. Animal Husbandry and Aquaculture. – 2026. – Vol. 1, No. 1. – P. 229–237. DOI: https://doi.org/10.52578/3134-8572-2026-1-229-237
  8. Assylbekova S. Zh. et al. Population Genomics of Nelma from the Upper Ertys. Animal Husbandry and Aquaculture. – 2026. – Vol. 1, No. 2. – P. 219–229. DOI: https://doi.org/10.52578/3134-8572-2026-2-219-229
  9. Bulekov N. U. et al. Evaluation of the efficiency of basin-pond rearing of rainbow trout (Oncorhynchus mykiss) at the Agricultural Production Cooperative «Trout Kargaly» fish farm. Animal Husbandry and Aquaculture. – 2026. – Vol. 1, No. 3. – P. 3–12. DOI: https://doi.org/10.52578/3134-8572-2026-3-3-12
  10. Bulekov N. U. et al. Production of Gammarus in natural conditions and evaluation of its use as a feed supplement in the cultivation of rainbow trout. Animal Husbandry and Aquaculture. – 2026. – Vol. 1, No. 3. – P. 63–73. DOI: https://doi.org/10.52578/3134-8572-2026-3-63-73
  11. Куанчалеев Ж.Б. и др. Опыт выращивания пресноводной креветки Розенберга (Macrobrachium rosenbergii) в поликультуре с австралийским красноклешневым раком (Cherax quadricarinatus). Евразийский агротехнический журнал. – 2026. – № 3 (131). – С. 120–130. DOI: https://doi.org/10.51452/eaj.2026.3(131).2229

 

Қорғау құжаттары (Патенттер):

  1. ҚР Пайдалы модельге патент № 10490. Балық өсірудің аралас әдісі. Өтінім № 2025/0245.2, 18.02.2025 ж. Тіркелген. Жариял. 02.05.2025 ж., Бюл. № 18. Патент иеленушісі — «БШ ҒӨО» ЖШС.
  2. ҚР Пайдалы модельге патент № 10596. Бекіре балықтарының түрлерін сәйкестендіру әдісі. Өтінім № 2025/0267.2, 21.02.2025 ж. Жариял. 23.05.2025 ж. Патент иеленушісі — «БШ ҒӨО» ЖШС.
  3. ҚР Пайдалы модельге патент № 10643. Балық өсіретін шаруашылықтарда оңғақ өсіру әдісі. Өтінім № 2025/0322.2, 03.03.2025 ж. Жариял. 30.05.2025 ж., Бюл. № 22. Патент иеленушісі — «БШ ҒӨО» ЖШС.
  4. ҚР Пайдалы модельге патент № 12931. Балықтарды жасанды көбейтуге арналған мобильді инкубаторий. Өтінім № 2026/1297.2, 09.06.2026 ж. Жариял. 11.09.2026 ж., Бюл. № 36. Патент иеленушісі — «БШ ҒӨО» ЖШС.

 

Әзірленген технологиялар:

  1. Қазақстанның балық өсіру кәсіпорындарында албырт тұқымдас балықтарды өсірудің құрама технологиялары.
  2. Қазақстан шаруашылықтары жағдайында тұщы су шаянының отырғызу материалы мен тауарлы өнімін индустриялық өсірудің биотехникалық әдістері.
  3. Қазақстан шаруашылықтары жағдайында оңғақтың отырғызу материалы мен тауарлы өнімін индустриялық өсірудің биотехникалық әдістері.
  4. Қазақстан шаруашылықтары жағдайында генетикалық құрылымын ескере отырып, ақбалықтың жөндеу-аналық үйірлерін (ЖАҮ) қалыптастырудың биотехникалық әдістері.
  5. Қазақстан шаруашылықтары жағдайында генетикалық құрылымын ескере отырып, сүйріктің жөндеу-аналық үйірлерін (ЖАҮ) қалыптастырудың биотехникалық әдістері.

 

Енгізу актілері:

  1. Енгізу актісі: «Бастапқы өсіру кезеңінде бассейндерді пайдалана отырып, одан әрі торлы шарбақтарда (садок) өсіру арқылы радужная форельді (бақтақты) құрама өсіру технологиясын енгізу». Енгізу орны: «AQBALYQ KZ» ЖШС, ҚР, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Көлді ауылы. Енгізілген күні: 13.08.2026 ж.
  2. Енгізу актісі: «Бастапқы өсіру кезеңінде бассейндерді пайдалана отырып, одан әрі торлы шарбақтарда (садок) өсіру арқылы радужная форельді (бақтақты) құрама өсіру технологиясын енгізу». Енгізу орны: «Иназ» ШҚ, ҚР, Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Жасоркен ауылы, Жасоркен к-сі, 16. Енгізілген уақыты: 03.09.2026 ж.
  3. Енгізу актісі: «Бастапқы өсіру кезеңінде бассейндерді пайдалана отырып, одан әрі торлы шарбақтарда (садок) өсіру арқылы радужная форельді (бақтақты) құрама өсіру технологиясын енгізу». Енгізу орны: «Айжан» ШҚ, ҚР, Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Жасоркен ауылы. Енгізілген уақыты: 03.09.2026 ж.
  4. Енгізу актісі: «Қазақстанның балық өсіру шаруашылықтары жағдайында Розенберг тұщы су шаянының отырғызу материалы мен тауарлы өнімін индустриялық өсірудің биотехникалық әдістері». Енгізу орны: «Ailand Astana» ЖШС, ҚР, Астана қ., Nura ауданы, Қорғалжын тас жолы, 2. Енгізілген уақыты: 01.09.2026 ж.
  5. Енгізу актісі: «Қазақстанның балық өсіру шаруашылықтары жағдайында оңғақтың отырғызу материалы мен тауарлы өнімін индустриялық өсірудің биотехникалық әдістері». Енгізу орны: «Қапшағай уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы — 1973» ЖШС, ҚР, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шалқар ауылы. Енгізілген күні: 13.08.2026 ж.
  6. Енгізу актісі: «Генетикалық құрылымын ескере отырып, Қазақстанның балық өсіру шаруашылықтары жағдайында ақбалық шабақтарын өсірудің биотехникалық әдістерін енгізу». Енгізу орны: «OstFish» ЖШС, ҚР, Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Саратовка ауылы, «Есептік квартал 050» аумағы, 350-ғимарат. Енгізілген күні: 13.08.2026 ж.
  7. Енгізу актісі: «Генетикалық құрылымын ескере отырып, Қазақстанның балық өсіру шаруашылықтары жағдайында ақбалықтың жөндеу-аналық үйірлерін (ЖАҮ) қалыптастырудың биотехникалық әдістері». Енгізу орны: «Бұқтырма уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы» ЖШС, ҚР, Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Күршім ауылы, Солнечная көшесі, 19-ғимарат. Енгізілген күні: 13.08.2026 ж.
  8. Енгізу актісі: «Генетикалық құрылымын ескере отырып, Қазақстанның балық өсіру шаруашылықтары жағдайында сүйріктің жөндеу-аналық үйірлерін (ЖАҮ) қалыптастырудың биотехникалық әдістері». Енгізу орны: «OstFish» ЖШС, ҚР, Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Саратовка ауылы, «Есептік квартал 050» аумағы, 350-ғимарат. Енгізілген күні: 13.08.2026 ж.

 

Ресурсты үнемдейтін технологияларды әзірлеу, өсірудің жаңа объектілерін енгізу және индустриялық балық өсіруді ғылыми қамтамасыз ету — Қазақстанда аквакультураны табысты дамытудың маңызды шарттары.

Алынған ғылыми және практикалық нәтижелер балық өсіру шаруашылықтарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, өсірілетін өнім ассортиментін кеңейтуге және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазақстанның су биоресурстарын сақтау жолындағы ғылым: Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы зерттеулерінің нәтижелері

«Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС бірлесіп орындаушы ұйымдармен бірге 2024–2026 жылдарға арналған BR23591095 «Су айдындарының әлеуетін бағалау және қорлар динамикасын модельдеу негізінде су биологиялық ресурстарын сақтау мен тұрақты пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында су айдындарын кешенді зерттеу» ғылыми-техникалық бағдарламасын жүзеге асыруда.

Бағдарлама Қазақстан су айдындарының биологиялық алуантүрлілігін зерттеуге, су экожүйелері мен балық қорларының жай-күйін бағалауға, кәсіптік балықтардың ауруларын зерттеуге, сондай-ақ су биологиялық ресурстарын қорғау мен ұтымды пайдаланудың ғылыми негізделген тәсілдерін әзірлеуге бағытталған.

Бағдарламаны іске асыруға «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринариялық институты» ЖШС, «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС, «Гидробиология және экология институты» мекемесі және «Жүйелік зерттеулер компаниясы „Фактор“» ЖШС қатысуда.

Гидробиология, ихтиология, ветеринария, микробиология, вирусология және математикалық модельдеу салаларындағы ғылыми әлеуетті біріктіру су экожүйелерінің жай-күйін кешенді зерттеуге және балық шаруашылығындағы шешімдерді қабылдаудың ғылыми негізін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

 

Зерттеулердің негізгі бағыттары

 

Бағдарлама аясында мамандар балық шаруашылығы су айдындарына кешенді зерттеулер жүргізіп, су организмдерінің түрлік құрамы мен жай-күйін зерделейді, бөгде түрлерді анықтайды және экожүйелердің сыртқы әсерлерге төзімділігін бағалайды.

Жеке бағыт кәсіптік балықтардың ихтиопатологиялық зерттеулеріне және жұқпалы аурулардың таралу қаупін төмендету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге арналған. Жұмыстың маңызды бөлігі Каспий итбалығы өлім-жітімінің себептерін, табиғи және антропогендік факторлардың оның популяциясына әсерін, сондай-ақ Каспий теңізі фаунасының бірегей өкілін сақтау перспективаларын зерттеумен байланысты.

Ғалымдар сонымен қатар экспорттық әлеуеті бар құнды су биоресурсы — гаммарусты зерттеп, оны тиімді пайдаланудың ғылыми негіздерін әзірлеуде. Балық қорларын басқаруды жетілдіру мақсатында математикалық модельдеу, балықтардың санын бағалау және шекті рұқсат етілген аулау көлемін анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 

Ғылыми жарияланымдар және практикалық маңызы

Зерттеу нәтижелері отандық және шетелдік ғылыми басылымдардағы жарияланымдарда, әдістемелік ұсынымдарда, монографияларда және практикалық қолдануға арналған әзірлемелерде көрініс табуда.

 

Scopus дерекқорында индекстелетін журналдардағы мақалалар

  1. Barakov R.T. et al. Biological and ecological characteristics of common carp (Cyprinus carpio Linnaeus, 1758) in Kapchagay Reservoir, Kazakhstan. Egyptian Journal of Aquatic Research, 2024. DOI: https://doi.org/10.1016/j.ejar.2024.07.004
  2. Satbek A. et al. Diet Composition and Trophic Niches of the Fish Community in Lake Balkhash. Diversity, 2026, 18, Article 201. DOI: https://doi.org/10.3390/d18040201
  3. Aubakirova M. et al. Long-Term Variability in Zoobenthic Communities in Lake Balkhash (Kazakhstan): Community Composition, Taxonomic Richness, and Potential Drivers. Diversity, 2026, 18(7), Article 409. DOI: https://doi.org/10.3390/d18070409
  4. Umirtayeva A. et al. Population Structure of Lenok (Brachymystax savinovi) in Lake Markakol and Preliminary Strategies for Species Conservation and Population Recovery. Animals, 2026, 16(16). DOI: https://doi.org/10.3390/ani16162558
  5. Berdiakhmetkyzy S. et al. Parasitofauna of commercial fish species of the Northern (Small) Aral Sea. International Journal for Parasitology: Parasites and Wildlife, 2026. DOI: https://doi.org/10.1016/j.ijppaw.2026.101225
  6. Kumar M. et al. Metagenomic Characterization and Molecular Screening of Pathogens in Freshwater Amphipods (Gammarus lacustris) from Kazakhstan: Implications for Aquaculture Biosecurity. Pathogens, 2026, 15(7), Article 663. DOI: https://doi.org/10.3390/pathogens15070663
  7. Baimukanov M. et al. Distribution patterns of Caspian seal island haul-outs under Caspian Sea regression. Frontiers in Marine Science, 2026. https://www.frontiersin.org/journals/marine-science/articles/10.3389/fmars.2026.1832798/full
  8. Court R. et al. Rapid decline of Caspian Sea level threatens ecosystem integrity, biodiversity protection, and human infrastructure. Communications Earth & Environment, 2025. DOI: https://doi.org/10.1038/s43247-025-02212-5
  9. Kumar M. et al. Bacterial Taxonomic Profiling of Freshwater Fish across Hydrographic Basins of Kazakhstan. Fishes, 2026, 11(10), 581. DOI: https://doi.org/10.3390/fishes11100581
  10. Zhaksylykova A. et al. Occurrence and molecular identification of Paracoenogonimus ovatus and Holostephanus dubinini, with a tentative detection of Diplostomum spathaceum, in commercial fish. German Journal of Veterinary Research, 2026, 6(3), 107–118. DOI: https://doi.org/10.51585/gjvr.2026.3.0205
  11. Pangereyev B. et al. DNA barcoding of epigean amphipods in Central Asia reveals deep cryptic montane diversity, widespread cross‑steppe dispersal, and range expansion of invasive species. Hydrobiologia, 2026. DOI: https://doi.org/10.1007/s10750-026-06439-x

 

Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған басылымдардағы мақалалар

  1. Shapen K.M. et al. Mathematical modeling of fish resources assessment. Journal of Mathematics, Mechanics and Computer Science, 2024, 123(3), 147–156. DOI: https://doi.org/10.26577/JMMCS2024-v123-i3-12
  2. Barakov R.T. et al. Morphological variability of Cyprinus carpio (Linnaeus, 1758) in water bodies of the Balkash-Alakol basin. Central Asian Journal of Water Research, 2024, 10(2), 144–157. DOI: https://doi.org/10.29258/CAJWR/2024-R1.v10-2/144-157.eng
  3. Аблайсанова Г.М. и др. Қапшағай суқоймасындағы көксеркенің (Sander lucioperca) морфобиологиялық сипаттамасы және қазіргі кездегі жағдайы. Вестник науки Казахского агротехнического исследовательского университета имени Сакена Сейфуллина, 2025, № 2 (125), 84–96.
  4. Калымбетова М.Т., Фефелов В.В., Пангереев Б.С. Продуктивность популяций гаммарид в некоторых водоемах Казахстана. Наука и образование, 2025, № 2–5 (79), 199–207. DOI: https://doi.org/10.52578/2305-9397-2025-2-5-199-207
  5. Тулеуов А. М., Шукуров М. Ж. Батыс Қазақстан облысының негізгі кәсіпшілік су айдындарындағы өзен шаяндары етіндегі уытты элементтер мен радионуклидтердің мөлшерін зерттеу // Ғылым және білім. – 2025. – № 3–5(80). – Б. 307–317. – ISSN 2305-9397.
  6. Адырбекова К. Б. и др. Қазақстанның әртүрлі су айдындарындағы гаммарустардан Gammarus spp. (Crustacea: Amphipoda) ДНҚ бөліп алу тиімділігі мен сапасын бағалау // Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Ғылым жаршысы: пәнаралық. – Астана: С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, 2025. – № 3 (127). – Б. 71–80. org/10.51452/kazatu.2025.3(127).1996
  7. Крайнюк В. Н. и др. Рыбец Vimba vimba (L., 1758) (Cyprinidae) – новый инвазивный вид в реке Жайык // Ғылым және білім. – 2025. – № 3–5(80). – Б. 283–295. – ISSN 2305-9397. КОКСНВО.
  8. Қуанышбекова Г. Қ. и др. Ретроспективный анализ и текущие тенденции заболеваемости промысловых видов рыб водоёмов Ертисского бассейна (Казахстан, Центральная Азия) // Вестник науки Казахского агротехнического исследовательского университета имени Сакена Сейфуллина: междисциплинарный. – Астана: С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, 2025. – № 2 (125). – Р. 108–117. org/ 10.51452/kazatu.2025.2(125).1893
  9. Shapen K.M., Akhmedov A., Rakhymova A.T. Application of Bayesian analysis for comprehensive assessment of the state of fish resources in freshwater ecosystems // Вестник КазНПУ им. Абая. Серия: Физико-математические науки. – 2024. – № 4 (88). – С. 71–80.
  10. Pangereyev B., Assylbekova S., Fefelov V. Evaluation of the biochemical composition and nutritional value of Gammarus // Bulletin of Shakarim University. Technical Sciences. – 2025. – № 2(18). – P. 200–206.
  11. Аблайсанова Г.М. и др. Іле–Балқаш бассейнінің жергілікті маңызы бар су айдындарында Балқаш алабұғасының (Perca schrenki) таралуы. Ізденістер, нәтижелер – Исследования, результаты, 2025, № 4 (108), 74–84. DOI: https://doi.org/10.37884/4-2025/09
  12. Ablaisanova G. et al. Assessment of the Current State of Ichthyofauna in the Rivers of the Zhambyl Region (Southeastern Kazakhstan). Animal Husbandry and Aquaculture, 2026, 1(2), 335–346. DOI: https://doi.org/10.52578/3134-8572-2026-2-335-346
  13. Баққожа Ж.М. и др. Қапшағай су қоймасындағы каспий қаракөзі Rutilus Caspicus (Yakovlev 1870) популяциясының морфологиялық белгілерін талдау // Ізденістер, нәтижелер – Исследования, результаты. №4 (108) (Dec. 2025), – С. 86–97. https://doi.org/10.37884/4-2025/10
  14. Тулеуов А. М. и др. Батыс Қазақстан облысының негізгі кәсіпшілік су айдындарындағы өзен шаяндар етінең тағамдық құндылығын зерттеу // Наука и образование: науч.-практ. журн. Западно-Казахстанского аграрно-технического университета имени Жангир хана. – 2025. – Т. 5, вып. 3 (80). – С. 307–317. https://doi.org/10.52578/2305-9397-2025-3-5-307-317
  15. Oskina A. Comprehensive Assessment of the Ecological Status of the Zhayik River in West Kazakhstan Region Based on Macrozoobenthos Structure and Integrated Biotic Indices. Animal Husbandry and Aquaculture, 2026, 1(2), 196–205. DOI: https://doi.org/10.52578/3134-8572-2026-2-196-205
  16. Самбаев Н.С. и др. Оценка влияния экологических факторов на биологические показатели промысловых рыб Шардаринского водохранилища (Арало-Сырдарьинский бассейн, Казахстан). Центральноазиатский журнал исследований водных ресурсов, 2026, 12(1), 93–118. DOI: https://doi.org/10.29258/CAJWR/2026-R1.v12-1/93-118.rus
  17. Suleimenova S.A. et al. Identification of potential bacterial pathogens in the microbiome of wild Cyprinid (Cyprinidae) fish from the Ishim (Esil) River using high-throughput sequencing. Здоровье животных и биобезопасность, 2026, 82(4), 362–373. DOI: https://doi.org/10.52578/3134-8114-2026-4-362-373
  18. Suleymenova S. et al. Shotgun Metagenomic Sequencing for the Characterization of Bacterial Communities Associated with Gammarus lacustris from Freshwater Ecosystems in Kazakhstan. Animal Health and Biosafety, 2026, 82(4), 374–384. DOI: https://doi.org/10.52578/3134-8114-2026-4-374-384
  19. Shapen K.M. et al. Assessment of fish population dynamics in Lake Zaisan using a cohort approach based on research and commercial catch data. Bulletin of Abai KazNPU. Series of Physical and Mathematical Sciences, 2025, № 3 (91), 79–90. DOI: https://doi.org/10.51889/2959-5894.2025.91.3.007

 

Қорғау құжаттары

  1. ҚР пайдалы модельге № 9746 патенті. Гаммарусты аулауға және жинауға арналған құрылғы. Өтінім № 2024/1096.2, 10.09.2024 ж. Патент иеленуші — «БШ ҒӨО» ЖШС.
  2. ҚР пайдалы модельге № 10491 патенті. Ихтиофаунаның биологиялық алуантүрлілігін зерттеу әдісі. Өтінім № 2025/0246.2, 18.02.2025 ж. Патент иеленуші — «БШ ҒӨО» ЖШС.
  3. ҚР пайдалы модельге № 10492 патенті. Ихтиопатологиялық зерттеулер кезінде балықтарды ұстауға және бекітуге арналған құрылғы. Өтінім № 2025/0248.2, 18.02.2025 ж. Патент иеленуші — «БШ ҒӨО» ЖШС.
  4. ҚР пайдалы модельге № 10565 патенті. Паразитологиялық зерттеулер кезінде тірі балықтарды уақытша ұстауға арналған құрылғы. Өтінім № 2025/0333.2, 04.03.2025 ж. Патент иеленуші — «БШ ҒӨО» ЖШС.
  5. ҚР пайдалы модельге № 10566 патенті. Су айдындарындағы бөгде балық түрлерінің құрамын анықтау әдісі. Өтінім № 2025/0335.2, 04.03.2025 ж. Патент иеленуші — «БШ ҒӨО» ЖШС.
  6. ҚР пайдалы модельге № 11201 патенті. Каспий итбалығына арналған жеке тасымалданатын қоршау. Патент иеленуші — «Гидробиология және экология институты» мекемесі.
  7. ҚР пайдалы модельге № 12875 патенті. Бағалы балық түрлерін азықтандыруға арналған гаммарусты өсіру әдісі. Өтінім № 2026/0823.2, 13.04.2026 ж. Патент иеленуші — «БШ ҒӨО» ЖШС.

 

Авторлық құқық куәліктері

  • «Итбалық дискі» фотосурет туындысы, № 59588, 11.06.2025 ж.
  • «Жүректегі итбалықтар» фотосурет туындысы, № 60019, 19.06.2025 ж.

 

Биоалуантүрлілікті сақтау, балық ресурстарын ұтымды пайдалану және қорларды бағалаудың заманауи әдістерін енгізу — Қазақстанның балық шаруашылығын тұрақты дамытудың маңызды құрамдас бөліктері.

Алынған ғылыми нәтижелер су биоресурстарын басқару жүйесін жетілдіруге және еліміздің табиғи байлығын келешек ұрпақ үшін сақтауға ықпал етуге бағытталған.

Элистадағы Халықаралық сараптамалық диалог: Каспийдің су ресурстарын сақтау саласындағы ынтымақтастық

2026 жылғы 25–28 қазан аралығында Элиста қаласында Б. Б. Городовиков атындағы Қалмақ мемлекеттік университетінің базасында «Жаһандық өзгерістер мен су ресурстары тапшылығы жағдайындағы Каспий өңірі: бастамалар мен даму перспективалары» тақырыбында Халықаралық сараптамалық диалог өтуде.

Халықаралық сараптамалық диалог жұмысына «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС өкілдері қатысты. Атап айтқанда, Бас директордың бірінші орынбасары, биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚААА академигі С. Ж. Асылбекова, атқарушы директор, биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚААА академигі К. Б. Исбеков және Атырау филиалының директоры Е. Л. Кадимов Каспий өңірінің өзекті мәселелеріне арналған баяндамалар жасады.

Халықаралық сараптамалық диалогтың маңызды нәтижелерінің бірі — Б. Б. Городовиков атындағы Қалмақ мемлекеттік университеті (ФМБББМ ЖБ «ҚалмМУ») мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылуы болды.

Меморандум Тараптар арасында академиялық, ғылыми және мәдени салаларда өзара тиімді ұзақ мерзімді халықаралық ынтымақтастық орнатуға бағытталған. Оның жасалуы әріптестік байланыстарды дамытуға, ғылыми тәжірибе алмасуға және бірлескен бастамаларды іске асыруға негіз қалайды.

«Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС өкілдерінің Халықаралық сараптамалық диалогқа қатысуы Каспий өңіріндегі өзекті экологиялық мәселелерді талқылауға, ғылыми білім мен тәжірибе алмасуға, сондай-ақ су биологиялық ресурстарын сақтау және өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету бағытындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.

Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының жас ғалымы мемлекеттік қолдау аясында пәтер алды

Жас ғалымдарды қолдау және олардың кәсіби тұрғыда дамуына жағдай жасау — Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының маңызды бағыттарының бірі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының 80 жылдығына арналған іс-шаралар және Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын іске асыру аясында маңызды оқиға орын алды.

Жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету — маңызды әлеуметтік мәселені шешу ғана емес, сонымен қатар Қазақстан ғылымының болашағына қосылған үлес. Мұндай қолдау шаралары кадрлық әлеуетті нығайтуға, болашағынан үміт күттіретін зерттеушілерді қолдауға және ғылыми қызметтің дамуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Жас ғалымдардың әлеуметтік қажеттіліктеріне ерекше көңіл бөлу тұрақты ғылыми қауымдастықты қалыптастыруға, білікті кадрларды сақтап қалуға және мамандарды ғылыми зерттеулер мен кәсіби өсуге ынталандыруға мүмкіндік береді.

Айткалиева Айгерімнің пәтер алуы — оның әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етуге және одан әрі кәсіби дамуына жаңа мүмкіндіктер ашатын маңызды оқиға.

Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының ұжымы Айткалиева Айгерімді осы қуанышты оқиғамен құттықтап, жаңа қонысына құт-береке, шаңырағына шаттық пен жылулық, жұмысына табыс және Қазақстан ғылымының дамуына қосар үлесі жолында жаңа жетістіктер тілейді!

Астанада Kazakh Fish Academy аясында балық ауруларын диагностикалау бойынша практикалық курс өтті

2026 жылғы 24 қыркүйекте Астана қаласында аквакультура саласының мамандарына арналған балық ауруларын диагностикалау, алдын алу және емдеу мәселелеріне бағытталған практикалық оқу курсы өтті.

Kazakh Fish Academy тыңдаушыларына арналған «Балық денсаулығы – тұрақты аквакультураның негізі: аурулар, қауіптер және шешу жолдары» тақырыбындағы курсты «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС генетика және гидробионттар зертханасының ғылыми қызметкері Ургенишбаева Ж.И. өткізді.

Курс барысында қатысушылар балық ауруларының негізгі себептері мен белгілерін, диагностикалау, емдеу және алдын алудың заманауи тәсілдерін қарастырды. Практикалық жұмыстарға ерекше назар аударылды: тыңдаушылар балыққа сыртқы тексеру жүргізіп, ішкі ағзаларын зерттеді, олардың жағдайын бағалады, биологиялық материал алу әдістерін меңгеріп, микроскопиялық зерттеу жүргізді.

Курстың практикалық форматы теориялық білімді бекітуге және ауруларды уақтылы анықтауға қажетті дағдыларды меңгеруге мүмкіндік беріп, мамандардың кәсіби даярлығын арттыруға және аквакультурада аурулардың алдын алу мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті.

Ихтиопатология және биоқауіпсіздік саласындағы практикалық құзыреттерді дамыту – балық денсаулығына төнетін қауіптерге тиімді әрекет ете алатын және саланың тұрақты дамуына үлес қосатын мамандарды даярлаудың маңызды бөлігі.

 

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша Ғылыми кеңестің отырысы өтті

Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының (БШҒӨО) бас бөлімшесінде Ғылыми/Үйлестіру кеңесінің отырысы өтуде. Жетекші ғалымдар мен сала сарапшылары 2026 жылғы ғылыми-зерттеу жұмыстарының (ҒЗЖ) есептерін қарастырып, сондай-ақ 2024–2026 жылдарға арналған үш жылдық бағдарламалардың іске асырылу қорытындыларын шығарады.

Отырыс орталықта және онлайн режимде қосылған қатысушылармен гибридті форматта өтуде.

Күн тәртібінде екі ғылыми-зерттеу бағдарламаның нәтижелерін қарау мәселесі тұр:

─ «Қазақстанның әртүрлі аймақтарының табиғи-климаттық жағдайларында инновациялық, экономикалық тиімді технологиялар мен жаңа аквакультура нысандарын әзірлеу және енгізу», бағдарлама жетекшісі: б.ғ.д., профессор, ҚАҒА академигі Асылбекова С.Ж.;

─ «Су биологиялық ресурстарын сақтау және орнықты пайдалану үшін су айдындарының әлеуетін бағалау және қордың динамикасын модельдеу негізінде кешенді зерттеу», бағдарлама жетекшісі: б.ғ.д., профессор, ҚАҒА академигі Исбеков Қ.Б..

Кеңес жұмысына ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің өкілдері: Балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу басқармасының басшысы Қалмұратов М.Қ. және Аквашаруашылықты дамыту басқармасының басшысы Рүстемов Б.У. қатысуда.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін талқылауға онлайн режимде БШҒӨО филиалдарының басшылары мен мамандары, сондай-ақ жетекші ғылыми ұйымдар — бағдарламалардың бірлесіп орындаушыларының өкілдері қосылды:

— «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ;

— «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринариялық институты» ЖШС;

— «Гидробиология және экология институты» мекемесі;

— «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС;

— «Фактор» жүйелік зерттеулер компаниясы» ЖШС.

 

«БШҒӨО» қызметкерлері Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының корреспондент-мүшелері болып сайланды

2026 жылғы 18 қыркүйекте Алматы қаласында Қазақ аграрлық ғылым академиясының (ҚАҒА) Жалпы жиналысы – Сессия отырысы өтті.

Отырыста Қазақстан аграрлық ғылымын дамытудың өзекті мәселелері қаралды. Атап айтқанда, ҚАҒА -ның 2025 жылғы және 2026 жылдың алғашқы алты айындағы қызметінің қорытындылары, еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін ғылыми қамтамасыз етудің одан арғы тұжырымдамалық басымдықтары, аграрлық ғылымды қаржыландыруды жетілдіру және ғылыми зерттеулер нәтижелерін бағалау мәселелері талқыланды. Ғылыми білімді тарату жүйесін дамытуға, ғылыми кадрларды даярлауға және аграрлық білім беруді жетілдіруге ерекше назар аударылды.

Сессияның маңызды оқиғаларының бірі – Қазақ аграрлық ғылым академиясының жаңа толық мүшелерін (академиктерін) және корреспондент-мүшелерін сайлау болды.

Дауыс беру қорытындысы бойынша «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС қызметкерлері ҚАҒА корреспондент-мүшелері болып сайланды:

Баракбаев Тынысбек Темірханұлы — «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Бас директорының инновациялық және өндірістік қызмет жөніндегі орынбасары;

Болатбекова Замира Тураровна — «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Бас ғалым хатшысы.

Қазақ аграрлық ғылым академиясының корреспондент-мүшелері құрамына сайлану – мамандардың ғылыми және кәсіби жетістіктерінің, отандық аграрлық ғылым мен балық шаруашылығын дамытуға қосқан үлесінің маңызды мойындалуы.

«Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС үшін бұл оқиғаның маңызы ерекше. Орталықтың екі өкілінің ҚАҒА корреспондент-мүшелері болып сайлануы БШ ҒӨО-нің жоғары ғылыми әлеуетін және су биологиялық ресурстарын зерттеу, сақтау және ұтымды пайдалану, аквакультура мен балық шаруашылығы саласында қызмет атқаратын мамандардың кәсіби мойындалуын көрсетеді.

Бүгінде Қазақстанның аграрлық ғылымының алдында ауқымды міндеттер тұр. Олардың қатарында АӨК салаларын ғылыми қамтамасыз етудің тиімділігін арттыру, ғылыми зерттеулерді қаржыландыру және олардың нәтижелерін бағалау тетіктерін жетілдіру, зерттеушілердің жаңа буынын даярлау және ғылыми әзірлемелерді практикаға енгізу бар.

Балық шаруашылығы ғылымы осы үдерістің маңызды бөлігі болып табылады. Ол биоалуантүрлілікті сақтау, су биологиялық ресурстарын тұрақты пайдалану, елдегі балық шаруашылығы мен аквакультураны дамыту мәселелерін ғылыми тұрғыдан қамтамасыз етеді.

«Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Тынысбек Темірханұлы Баракбаев пен Замира Тұрарқызы Болатбекованы Қазақ аграрлық ғылым академиясының корреспондент-мүшелері болып сайлануымен шын жүректен құттықтайды!

Жаңа корреспондент-мүшелерге алдағы ғылыми қызметтеріне табыс, маңызды зерттеу жобаларын жүзеге асыруды, жаңа кәсіби жетістіктер мен Қазақстан Республикасының ғылымын, балық шаруашылығы мен аквакультура саласын дамытуға қосар елеулі үлестерін тілейміз!

Қазақстанның IX Халықаралық балық өнеркәсібі форумына қатысуы

2026 жылғы 16-18 қыркүйек аралығында Санкт-Петербургта IX Халықаралық балық өнеркәсібі форумы және балық өнеркәсібі, теңіз өнімдері мен технологияларының Global Fishery Forum & Seafood Expo Russia 2026 көрмесі өтуде.

Форум ұйымдастырушы – Ресей Федерациясы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен Ресей Федерациясы Балық шаруашылығы жөніндегі федералдық агенттігінің – шақыруымен іс-шараға Қазақстан Республикасының атынан «БШҒӨО» ЖШС-і Бас директорының бірінші орынбасары, б.ғ.д., профессор, ҚАҒА академигі Асылбекова С.Ж. қатысты.

Форумның іскерлік бағдарламасы аясында Асылбекова С.Ж. «Шекарасыз Каспий: балық шаруашылығы кешенінің мүддесі үшін ғылым, экология және цифрлық технологиялар» тақырыбындағы секцияда спикер ретінде баяндама жасады. Баяндамада Қазақстан Республикасының ғылыми әлеуетіне назар аударылып, Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау, қалпына келтіру және ұтымды пайдалану бойынша негізгі тәсілдер атап өтілді.

Дөңгелек үстел барысында Каспий теңізінің экологиялық жағдайы, су биологиялық ресурстарын сақтау, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту және цифрлық технологияларды енгізу мәселелері қарастырылды.

Каспий экожүйесіне түсетін антропогендік жүктеме, экологиялық мониторингте жасанды интеллектті қолдану, трансшекаралық өзара іс-қимылды дамыту, кадрлар даярлау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланудың бірыңғай тәсілдерін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қазақстан Республикасының халықаралық форум жұмысына қатысуы Каспий маңы мемлекеттерімен ғылыми және кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға, халықаралық өзара серіктестікті дамытуға, сондай-ақ Каспий теңізінің экожүйесін сақтау және өңірдің балық шаруашылығы кешенін тұрақты дамыту бойынша бірлескен тәсілдерді әзірлеуге ықпал етеді.

Камила Адырбекованың «Болашақ» бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамасы

Адырбекова Камила Болатқызы, Ph.D., «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС гидробионттар генетикасы зертханасының меңгерушісі, «Болашақ» бағдарламасы («500 ғалым») аясында АҚШ-тың University of Illinois Urbana-Champaign университетінде бір жылдық ғылыми тағылымдаманы сәтті аяқтады.

2025 жылғы 1 қыркүйектен 2026 жылғы 31 тамызға дейін Камила Болатқызы Illinois Natural History Survey табиғатты қорғау геномикасы зертханасында шақырылған ғылыми қызметкер ретінде тағылымдамадан өтті.

Тағылымдама аясындағы ғылыми жұмыс су экожүйелерінің биоалуантүрлілігін мониторингтеу және инвазиялық түрлерді анықтау мақсатында қоршаған орта ДНҚ-сын (eDNA) талдауға негізделген заманауи молекулалық-генетикалық тәсілдерді қолдануға, сондай-ақ жаңа буын секвенирлеу (NGS) және қауымдастықтар метабаркодингі деректерін өңдеу мен талдау үшін биоинформатикалық әдістерді пайдалануға арналды.

Зерттеудің негізгі бағыттарының бірі инвазиялық тұқытәрізді балық түрлерінің eDNA-мониторингі болды: ақ дөңмаңдай (Hypophthalmichthys molitrix), шұбар дөңмаңдай (Hypophthalmichthys nobilis), ақ амур (Ctenopharyngodon idella) және қара амур (Mylopharyngodon piceus).

Қоршаған орта ДНҚ-сы (eDNA) табиғи ортада кездесетін организмдердің генетикалық материалын білдіреді. eDNA-ны талдау су экожүйелерін зерттеудің заманауи тәсілі болып табылады және түрлердің бар-жоғын анықтауға, биоалуантүрлілік мониторингін жүргізуге, соның ішінде инвазиялық түрлерді анықтауға мүмкіндік береді.

Тағылымдама барысында Камила Болатқызы зерттеу тобына балықтардың популяциялық генетикасы саласындағы өзінің диссертациялық зерттеуінің нәтижелерін де таныстырды.

Бір жылдық тағылымдама су экожүйелерін молекулалық-генетикалық зерттеу саласындағы заманауи әдістер мен тәсілдермен жұмыс істеудің практикалық тәжірибесін алуға мүмкіндік берді. Алынған тәжірибе Қазақстанның су экожүйелерінің биоалуантүрлілігін және генетикалық мониторингін одан әрі зерттеуде қолданылуы мүмкін.

Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар су айдындарында жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстары

2026 жылғы 24 тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-нің қызметкерлері: экспедициялық отряд жетекшісі — Баққожа Ж.М., кіші ғылыми қызметкер – Өтеген С.А., ғылыми қызметкер – Бектуров Д. С. және жүргізуші – Сахарин Н.К. 021 (100 бағдарлама тармағы) және 267 (101 бағдарлама тармағы) бағдарламалар бойынша Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар су айдындарында кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Жұмыстың мақсаттары – Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар су қоймалары акваториясы бойынша балық және өзге де су биологиялық ресурстарының таралуын, сондай-ақ олардың кәсіптік қорларының жағдайын бағалау мақсатында зерттеу жүргізу, сонымен қатар, Шу-Талас бассейніне жататын өзендерде биологиялық әртүрліліктің динамикасын талдау және оны сақтау шараларын әзірлеу.

Қазіргі уақытта экспедициялық жасақ су айдындарының физика-географиялық және гидрологиялық ерекшеліктерін зерделеуді, судың гидрохимиялық режимін талдауды, жай-күйін бағалауды қамтитын кешенді гидрохимиялық, гидробиологиялық және ихтиологиялық зерттеулер жүргізеді

Бүгінгі таңда экспедициялық жұмыстар барысында 16 гидрохимиялық және 16 гидробиологиялық сынама алынды. Гидробиологиялық зерттеулер шеңберінде зоопланктонның 8 сынамасы, зообентостың 8 сынамасы, биогендік құрамға 8 сынама және судың тұздылық құрамына 8 сынама, барлығы 32 сынама жиналды.

Ихтиологиялық зерттеулер шеңберінде балықтардың 164 данасына биологиялық талдау жүргізілді, оның ішінде түрге жататындығын және негізгі биологиялық көрсеткіштерін анықтау.