Жас ғалымдар кеңесі

«Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС – нің Жас ғалымдар кеңесі (бұдан әрі — Кеңес) ғылыми қызметті үйлестіретін және мекемеде жұмыс істейтін жас ғалымдар мен мамандардың мүдделері мен көзқарастарын тұрақты насихаттайтынконсультативтік-кеңесші орган болып табылады.

Кеңес құрамы 36 жасқа дейінгі жас ғалымдар мен мамандардан жасақталады. Кеңес мүшелері бас мекемеде және оның филиалдарында жұмыс істейтін жас ғалымдар мен мамандардың жалпыжиналысында ашық дауыс беру арқылы (көп дауыспен) үш жыл мерзімге сайланады.

Кеңес «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-нің Басдиректорына және Ғылыми кеңесіне есеп береді.

Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметініңактілері мен өзге де нормативтік құқықтық актілер.

Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы

Айткалиева Айгерим Айткалиевна

Төрағаның орынбасары

Алтаева Фаризат

Жас ғалымдар кеңесінің хатшысы

Мұқатай Аида

 

Кеңестің мақсаты жас ғалымдардың ғылыми зерттеулер жүргізудегі белсенділігін арттыру, жас ғалымдардың ғылыми және кадрлық әлеуетін дамыту, жас ғалымдардың проблемаларын шешудің тиімділігін арттыру және оларды шешуге жас ғалымдарды тікелей тарту (қатыстыру) болып табылады. 

Кеңестің негізгі міндеттері:

— жас ғалымдардың құқықтарын қорғау және уәкілетті ұйым рөлін атқару, ғылыми жастардың кәсіби қызметінің әртүрлі аспектілері мен әлеуметтік жағдайлары туралы пікірін білдіру;

— ғылыми зерттеу жүргізуге белсенді қатысатын жас ғалымдардың ғылыми мәселелерін шешу, сонымен қатар, олардың күш-жігерін біріктіру арқылы жастардың кәсіби өсуіне жәрдемдесу;

— жас ғалымдардың ғылыми жобаларға, ғылыми гранттарға, конкурстарға, бағдарламаларға, тағылымдамаларға, халықаралық гранттарға қатысу модельдерін жетілдіру (жас ғалымдардың рөлін күшейту);

— зерттеулердің өзекті мәселелері бойынша жас мамандарды ғылыми-зерттеу қызметтеріне тарту;

— Кеңестегі жұмыс топтарының қызметін ұйымдастыру;

— басқа ғылыми ұйымдардың, жоғары оқу орындарының және халықаралық ғылыми-зерттеу орталықтарының Жас ғалымдар кеңестерімен байланыс орнату және қызметін кеңейту;

— жастар арасында жас ғалымдардың имиджін қалыптастыру;

— жас ғалымдардың жетістіктерін, оларды нарықтық қатынастар жағдайында пайдалану мүмкіндіктерін насихаттау;

— жас ғалымдардың кадрлық әлеуетін, ғылыми ұрпақтар сабақтастығын сақтау және дамыту,зияткерлік әлеуеттін арттыру;

— республикалық және өңірлік деңгейлерде жас ғалымдардың қатысуымен ғылыми іс-шаралар өткізу.