Жайық өзеніндегі бекіре тұқымдас балық түрлерін қадағалау әдістері сынақтан өтті

2021-2023 жылдарға арналған «Қазақстанның негізгі балық аулау су қоймаларының балық ресурстары мен басқа да гидробионттарының жай-күйін жағдайын кешенді бағалау және оларды тұрақты пайдалану бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар әзірлеу.» бюджеттік бағдарламасының «Жайық-Каспий бассейнінің бекіре балық түрлерінің экологиялық-генетикалық мониторингі» тапсырмасы шеңберінде. бекіре тұқымдас балықтарды қадағалау әдістері сынақтан өтті. Бұл бекіре тұқымдас балықтардың уылдырық шашатын жерлерін қорғау және олардың уылдырық шашатын жерлерге өтуі бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында олардың уылдырық шашатын жерлерін анықтауға мүмкіндік береді. Балықтарға ихтиологиялық зерттеулер мен морфометриялық өлшемдер жүргізілді.

Жұмыс «Орал-Атырау Бекіре Балық Өсіру Зауыты» (УАОРЗ) базасында жүргізілуде. Жайық өзеніне шығу Атырау филиалдың «Аманғалиев Д.» экспедициялық кемесімен және «Мастер-класс» қайығындамен жүзеге асырылды.

Жұмысты «БШҒӨО» ЖШС бас бөлімшесінің қызметкерлері жүргізеді, атап айтқанда: бас директордың орынбасары, б.ғ.д. Асылбекова С.Ж., гидробионт генетикасы зертханасының меңгерушісі Шалгимбаева Г.М., ғылыми қызметкерлер Адырбекова Қ.Б., Маратова Г.М., аға лаборант Абишев А.А. және «БШҒӨО» ЖШС Атырау филиалдың қызметкерлері: филиал директоры Кадимов Е.Л., аға ғылыми қызметкер Өтеулиев Т.А., ғылыми қызметкер Джунусова Г.Г., кіші ғылыми қызметкерлер Абдошова М.М., Бектеміров Ж.С., Охасов М.Р., жобаның бірлескен орындаушылары ресейлік ВНИРО-ның шетелдік мамандарымен бірге: молекулярлық генетика кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.к. Мюге Н.С., молекулярлық генетика бөлімінің бас маманы Волков А.А.. Жұмысқа сонымен қатар: РГУ «Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» инспекторы Ахтанов А. және БАҚ өкілдері қатысты (Каспий жаңалықтары).