Бүгін, 28.08.2024 ж., «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС бас кеңсесінде, 2024-2026 жылдарға арналған, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының аралық нәтижелерін қарауға арналған кеңес өтуде: «Қазақстанның әртүрлі аймақтарының табиғи-климаттық жағдайларында инновациялық, экономикалық тиімді технологиялар мен жаңа аквакультура нысандарын әзірлеу және енгізу» (ҚР АШМ).
Мақсаттары:
«Су биологиялық ресурстарын сақтау және орнықты пайдалану үшін су айдындарының әлеуетін бағалау және қордың динамикасын модельдеу негізінде кешенді зерттеу» (ҚР АШМ).
Мақсаттары:
1) Биологиялық әртүрлілікті талдау, бөтен текті түрлерді молекулярлық-генетикалық сәйкестендіру және балық шаруашылығы су қоймаларының гидробиоценоздарының сыртқы әсерлерге тұрақтылығын бағалау.
2) Қазақстанның негізгі балық кәсіпшілігі су айдындарында кәсіптік балық түрлерін ихтиопатологиялық зерттеу және балықтардың жұқпалы ауруларының жаппай таралу қаупін азайту бойынша кешенді іс-шаралар әзірлеу.
3) Каспий итбалығының өлім-жітімін экологиялық-демографиялық талдау, популяция динамикасына табиғи және антропогендік факторлардың әсерін зерттеу, түрдің санын сақтау және тұрақтандыру перспективалары.
4) Экспортқа бағдарланған биоресурс-гаммарустың Қазақстан су айдындарында оны тиімді пайдалану жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу үшін биологиялық және тұтынушылық сипаттамаларын зерттеу.
5) Балықтардың санын есепке алу және шекті рұқсат етілген аулауды есептеу бойынша бағдарламалық кешен мен отандық әдістемелік ұсынымдарды әзірлей отырып, ішкі кәсіпшілік су айдындарындағы қорлардың жай-күйін модельдеу.
Кеңес бас директор, биология ғылымдарының докторы, профессор Қ.Б. Исбековтың төралығымен, офлайн және онлайн форматтарда өтуде.