
ЖТН AP09058158 Экспортқа бағытталған — Artemia franciscana биоресурсын ҚР тұзды суқоймаларының өнімділігін арттыру үшін, оларды жерсіндіру бойынша биологиялық негіздеме әзірлеу мақсатында зерттеу
Artemia franciscana — Қазақстан үшін жаңа түр оны енгізу арқылы ҚР ащы – тұзды су қоймаларының өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Жұмыстың өзектілі ретінде, Артемия цисталарының қоры мен сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар осы уақытқа дейін ҚР-да болмаған.
ҚР тұзды көлдерінің өнімділігін арттыру, ішкі және сыртқы нарықтарға жоғары сапалы бәсекеге қабілетті өнім шығару мақсатында Artemia franciscana шаянының тіршілік етуінің мүмкіндіктері мен негізгі өлшемдерін зерттеу және екі құнды биоресурстың – Artemia parthenogenetica және Artemia franciscana популяциясының өндірістік сипаттамаларын салыстыру.
Жоба шеңберінде Қазақстанның ащы-тұзды су айдындарында кәсіпшілік бағалы омыртқасыздарды жерсіндіру және ұтымды пайдалану бойынша биологиялық негіздеме әзірленетін болады. Қойылған міндеттерді іске асыру шаян тәрізділердің екі популяциясының популяцияаралық бәсекеге қабілеттілігін, олардың тіршілік ету дәрежесін анықтауға көмектеседі, нәтижесінде басым өнімді популяция анықталады. ҚР аймақтарында артемияны өсірудің экономикалық аспектілерін анықтайтын зерттеулер іс жүзінде жоқ, осыған байланысты Артемия цисталарын табиғи су қоймаларына енгізу кезінде Artemia franciscana-ның өндірістік популяциялық сипаттамаларына әртүрлі факторлардың әсерін бағалау үшін жұмыстар жүргізу қажеттілігі бар.
Навигациялық құрылғылармен, ұшқышсыз ұшу аппаратпен және т.б. пайдалана отырып, Павлодар облысының ащы-тұзды су қоймаларының физикалық-географиялық және морфологиялық сипаттамалары зерттелді. Артемия цисталарының шоғырлану орындарын анықтау үшін ащы-тұзды су қоймаларында зерттеулер жүргізілді. Шығыс материалдарын жеткізулілерді іздеу жұмыстары жүргізіліп, олармен материалдарды жеткізу туралы келісім-шарт жасалды. Жобаны іске асыру үшін қажетті жабдықтар мен шығыс материалдары сатып алынды. Павлодар облысының ащы-тұзды көлдерінде зерттеу жұмыстары жүргізілген. ҚР таңдалған көлдерінің гидрохимиялық режиміне баға берілген, артемия популяциясының құрылымдық сипаттамалары көлдер бойынша зерттелді. Гидробиология, гидрохимия, генетика және биохимия бойынша материалдар жиналды. Қазақстан Республикасының таңдалған ащы-тұзды су объектілерінде ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Су қоймаларындағы артемия популяциясының тіршілік ету ортасы, таралуы және құрылымы туралы нәтижелер алынған. Молекулалық-генетикалық әдістермен (ядролық және митохондриялық D1IK маркерлері) Artemia parthenogenetica және Artemia franciscana цисталары мен шаяндарының генетикалық алуантүрлілігі анықталды. Алынған материалды өңдеу және деректерге талдау жүргізілді, ҚР БҒМ КОКСОН ұсынған рецензияланатын шетелдік басылымда 1 (бір) мақала жарияланды. Алынған деректерге талдау жүргізілді, МЕМСТ сәйкес ҒЗЖ туралы аралық есеп ресімделді және тапсырылды.
Жұмыстқа қажетті жабдықтар дайындалды. Артемияның шабақтарын өсіру кезінде әртүрлі қоректік компоненттерін қолданудың тиімділігін анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді. Шаяндардың дернәсілдері мен науплиялары үшін қолайлы қоректік объектілерін анықтау бойынша зерттеулер жүргізілді.Коммерциялық мақсатта шаяндардың екі популяциясының және олардың цисталарының (жұмыртқа) биосалмағының биохимиялық құрамы мен энергетикалық құндылығын бағалау жұмыстары жүргізілді. Зертханада артемия цисталарының биохимиялық құрамы анықталады, содан кейін алынған нәтижелер ғылыми талданды.Таңдалған тұзды су айдындарында (Арал теңізі: Тұщыбас және Чернышев шығанақтары) зерттеу жұмыстары жүргізілді. ҚР таңдалған су айдындарының гидрохимиялық режимін бағалау, зерттелетін су айдындарының артемиясы популяциясының құрылымын анықтау жүргізіледі. Гидробиология, гидрохимия, генетика және биотехнология бойынша материалдар жиналды.Әр түрлі жағдайларда омыртқасыздардың дернәсілдері мен шабақтарын отырғызудың оңтайлы тығыздығы орнатылды. Эксперименттік жұмыстар жүргізілді. ҚР таңдалған тұзды су айдындарында зерттеу жұмыстары жүргізілді. ҒЖББСҚК ұсынған шетелдік және (немесе) отандық басылымдарда 2 (екі) мақала жарияланды. Артемия цисталарын тасымалдау немесе аулау үшін пайдалы модельге 1 патент алынды. 1 оқыту семинары өткізілді.Артемия цисталары мен шаяндардың генетикалық әртүрлілігі Artemia parthenogenetica және Artemia franciscana молекулалық-генетикалық әдістерімен (ядролық және митохондриялық ДНҚ маркерлері) бағаланды. Арал теңізінің Тұщыбас шығанағының микросателлиттік (STR) және митохондриялық (CTB гені) ДНҚ маркерлерін қолдана отырып, Artemia parthenogenetica және Artemia franciscana шаяндарының популяциясы арасындағы айырмашылықтар анықталды. Алынған деректерге талдау жүргізілді және МЕМСТ сәйкес есеп ресімделді.
Артемия шаянтәрізділердің екі популяциясын (гидрохимиялық режимі, биологиялық деректері, оңтайлы отырғызу тығыздығын есептеу) францискандықтардың сақтау және өсіру жағдайларының уақытша стандарттарын әзірлеу бойынша жұмыс басталды. Шаянтәрізділердің мөлшері мен өсу жылдамдығын анықтау үшін артемиялардың морфометриялық өлшемдері (дене ұзындығы мен абдомен ені) жүргізілді. Зерттеу жұмыстары таңдалған ащы-тұзды су айдындарында (Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласының маңында) жүргізілді. Қазақстан Республикасының таңдалған су қоймаларының гидрохимиялық режимін бағалау жүргізілді, зерттелетін су қоймаларының артемия популяциясының құрылымы анықталады. Шаянтәрізділердің тіршілік ету ортасының гидрологиялық және гидрохимиялық көрсеткіштері, олардың 2023 жылдың жаз айының басында 4 көлдегі (Жамантұз көлі, Менгесор көлі, Становое көлі, Қалибек көлі) маусымдық өзгермелілігі анықталды. Фитопланктон Артемия шаян тәрізділер үшін қорек негізі ретінде зерттелген. Артемияның екі популяциясының морфо-биологиялық және популяциялық ерекшеліктері анықталды. Олардың шоғырлану орындарын анықтау үшін артемия шаянтәрізділердің популяцияларына зерттеулер жүргізілді. Артемияның екі түрінің қоршаған орта параметрлерінің (тұздылық, оттегі мөлшері, температура және рН мәні) ауытқуларына сезімталдығы бағаланды. Екі түрдегі артемия шаянтәрізділерінің цисталарының, дернәсілдерінің және науплийлерінің генетикалық полиморфизміне баға берілді, Artemia parthenogenetica шаянтәрізділердің әртүрлі популяцияларына молекулярлық-генетикалық талдау жасалды. Митохондриялық ДНҚ-ның цитохромоксидаза (COI) және цитохром b (ctb) генінің секвенирленуі нәтижесінде ұзындығы 648 және 750 негіз жұбы болатын нуклеотидтер тізбегінің фрагменті алынды. Табиғат пайдаланушылар мен балық шаруашылығы қызметкерлерінің арасында «Артемия желбезек шаяндарының биологиялық сипаттамаларын зерттеудің және цисталардың сапасын бағалаудың заманауи әдістері» тақырыбында қоғамның назарын аудару мақсатында семинар ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының тұзды және/немесе жоғары тұзды су объектілерінің өнімділігін арттырудың биологиялық негіздемесін әзірлеу басталды. ҒЖБССҚЕ ұсынған отандық журналда 1 ғылыми мақала жарияланды.