2024-2026 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша ҒЗЖ бағдарламаларын қарастыру және бекіту бойынша ғылыми кеңес өтті

03.07.2024 ж., Бас бөлімде (Алматы қ.) 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстар бағдарламаларын қарастыру және бекіту бойынша Ғылыми/Үйлестіру кеңестері өттті. Отырыс офлайн және онлайн форматтарда ұйымдастырылған.

Отырысқа Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің өкілдері және бағдарламаларды бірлесіп орындаушылар ұйымдарының өкілдері қатысты:

— “С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті” КЕАҚ;

— Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринарлық институты;

— “Гидробиология және экология институты” мекемесі;

— “Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы” ЖШС;

— “Фактор” жүйелік зерттеулер компаниясы” ЖШС;

Күн тәртібінде:

— “Қазақстанның әртүрлі аймақтарының табиғи-климаттық жағдайларында инновациялық, экономикалық тиімді технологиялар мен жаңа аквакультура нысандарын әзірлеу және енгізу” тақырыбы бойынша жұмыс бағдарламаларын қарастыру. Бағдарлама жетекшісі: б.ғ.д., профессор, ҚР ҰАҒА академигі Асылбекова С.Ж.;

— “Су биологиялық ресурстарын сақтау және орнықты пайдалану үшін су айдындарының әлеуетін бағалау және қордың динамикасын модельдеу негізінде кешенді зерттеу “, тақырыбы бойынша жұмыс бағдарламаларын қарастыру. Бағдарлама жетекшісі: б.ғ.д., профессор, ҚР ҰАҒА академигі Исбеков Қ.Б.

Ғылыми/Үйлестіру кеңесінен кейін жобалар бойынша жиналыстар өткізу жоспарлануда.