Бүгін «Қазақстанның басты балықкәсіпшілігі суқоймаларының балық ресурстары мен басқа да гид-робионттарының жағдайын кешенді бағалау, оларды тұрақты пайдалану бойынша ғылыми-негізделген ұсыныстарды жасау» Ғылыми-техникалық бағдарламасының шеңберінде 2023 жылғы ҒЗЖ туралы жылдық (қорытынды) есептерінің қаралуына «БШҒӨО» Ғылыми Кеңесінің екінші күні өтіп жатыр (ҒТБ басшысы, б.ғ.д., қауым.профессор (доцент), ҚР АШҒА академигі К. Б. Исбеков).
Ғылыми Кеңес отырысына «Qazaq balyk» ЗТБ-нің басқарма төреғасы Рысбай Әмірбек Жұмағалиұлы қатысып отыр.
Ғылыми-зерттеулік жұмыстарының нәтижесінде келесі қорытынды оң ҒЗЖ нәтижелері алынған:
Табиғи ресурстарды тұрақты дамыту мен ұтымды пайдалану жолдарын анықтау үшін Балқаш-Алакөл және Ертіс бассейіні үлгісінде су биологиялық ресурстарын және экожүйе қызметінің құны бағаланды.
Балықтар мен балықтардың қоректік қорының компоненттері – гидробионттарды интродукциялау және реинтродукциялау жолымен балық шаруашылық су айдындардың балық өнімділігін арттыру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар әзірленді.
Сирек кездесетін түрлердің жасанды өсімін молайту және бөгде балық түрлері мен басқа да гидробионттардың таралуын болдырмау бойынша ұсыныстарды жасау мақсатында сирек және жойылып кету қаупі бар балық түрлері популяцияларын және бөгде гидробионттарды зерттеу бойынша ұсыныстар әзірленді.
Суқойма ихтиоценозының ерекшеліктері мен басқа да биотикалық және абиотикалық жағдайларын ескере отырып, ірі балық шаруашылық су айдындарында аулау құралдарының оңтайлы кешені әзірленді, жетілдірілді және негізделді.
Қазақстанның басты балық кәсіпшілігі су айдындарында спорттық-әуесқойлық балық аулаудың рөлін және ихтиоценозға әсері бағаланды.
Жайық-Каспий бассейініндегі бекіре балық түрлерінің экологиялық-генетикалық мониторингі жүргізілді.
Қазақстан суқоймаларында артемия цистасын сертификаттау бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін өнімділік, генетикалық, химиялық және микробиологиялық өлшемдерін баға берілді.
Регрессия кезінде Каспий теңізінің қазақстан бөлігіндегі каспий итбалығы популяцияларының саны, таралуы мен құрылымы және түрдің тіршілік ету орнын сақтаудың ұсыныстар әзірленді.
Ғылыми кеңес аяқталғаннан кейін хаттама ресімделеді.