25 тамыз күні «Қапшағай УШӨШ-1973» ЖШС базасында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты С.М. Пономарев және «Тұран ТВ» телеканалының бас директоры Р.Б. Ботабековпен кездесу өтті. Кездесу барысында «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС бас директоры Қ.Б. Исбеков қазіргі таңдағы балық шаруашылығы ғылымының жай-күйін және аталмыш шаруашылықпен бірлесіп жасалып жатқан ғылыми жобаларды таныстырды. Сондай-ақ, «Қапшағай УШӨШ-1973» ЖШС бас директоры А.К. Шадибеков шаруашылықтың ағымдағы жұмыстарын, түйткілді мәселелерін және алдағы жоспарларын баяндады.
Депутат С.М. Пономарев балық шаруашылығындағы қордаланған мәселелерді мәжіліс шеңберінде көтеретінін жеткізді.