«Балық шаруашылығы су айдындарының және/немесе олардың учаскелерінің балық өнімділігін анықтау, балық және басқа да су жануарларын аулаудың шекті рұқсат етілген көлемінің биологиялық негіздемелерін әзірлеу; халықаралық, республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарында және Балқаш-Алакөл бассейнінің ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын су айдындарында балық аулау режимі мен реттеу. Бөлімі: Алакөл көлдер жүйесі.» тақырыбы бойынша 15-29 Шілде аралығында экспедиция тобы құрамында: ихтиологтар – аға ғылыми қызметкер Данко Е.К., экспедиция тобының бастығы Қарлыбайұлы С., кіші ғылыми қызметкер Пангереева Б., гидробиологтар – экспедиция тобының бастығы Минат А. және аға лаборант Замандинова З.Алакөл көлдер жүйесінде зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Іссапар барысында Алакөл және Қошқаркөл көлдерінің балық аулау аймақтарының (батыс және оңтүстік) мониторинг пункттерінен ихтиологиялық, гидробиологиялық және гидрологиялық материалдар жиналды. Алакөл көлінің оңтүстік және батыс аймағында балықтардың санын есепке алу үшін дыбыстық жаңғырық зондтау жүргізілді. Сондай-ақ Қошқаркөл көлдерінде бақылау балық аулау жүргізілді. Қазіргі уақытта Сасықкөл көлінде және Алакөл көлінің шығыс аймағында бақылау балық аулау бойынша зерттеулер жүргізілуде. Сонымен қатар, Алакөл ауданындағы жергілікті маңызы бар 6 тау су қоймалары: Майқанкөл, Әбжанов, Жазылбеков, Сатыбай, Колесников және Дәулет балық шаруашылығына жарамдылығын бағалау мақсатында зерттеулер жүргізілді. Үшарал инспекциясының басшысы Жұманқұлов Қ. жұмысқа қатысты.