Ихтиология зертханасы «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Алматы филиалы берген зертханадағы өлшем құралдарының жағдайын бағалау актісі негізінде жұмыс істейді.
Зертхана барлық қажетті құрал-жабдықтармен, ғылыми-әдістемелік әдебиеттермен, ихтиологиялық мәліметтерді талдауға арналған мамандандырылған бағдарламалармен жабдықталған.
Қызметкерлер сынамаларды өңдеу, материалдарды талдау, есептер құрастыру бойынша жұмыстардың басым бөлігін жүзеге асырады, сонымен қатар Қапшағай су қоймасы мен Алакөл көлдерінің табиғат пайдаланушылары үшін кеңестер мен түрлі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Зертхана жыл сайын Қазақстанның әртүрлі жоғары оқу орындарынан «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық шаруашылығы» мамандығы бойынша ғылыми және өндірістік тәжірибеге студенттерді қабылдайды.
Зертхана қызметкерлері ғылыми әдебиеттерді зерделеу, ғылыми конференцияларға, семинарларға қатысу, өз қызмет бағыттары бойынша тағылымдамадан өту, халықаралық және республикалық форумдардың жұмыс топтарына белсенді қатысу, сондай-ақ БАҚ-та жұмыстың мәселелері мен нәтижелерін белсенді түрде көрсету арқылы үнемі өз біліктіліктерін арттырып отырады.
Зертхананың ғылыми-техникалық қызметінің негізгі нәтижелері Scopus/Web of Science деректер базасына енгізілген рейтингі жоғары шетелдік журналдарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынатын ғылыми басылымдар тізбесіне кіретін басылымдарда жарияланады.
Сондай-ақ, зертхана қызметкерлері Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының (Министрліктер, комитеттер, басқармалар, әкімшіліктер және т.б.) тапсырыстары және жеке жеке шаруашылықтар мен кәсіпкерлердің тапсырыстары бойынша жұмыстарды орындайды.