Сынақ орталығы (бұдан әрі СО) «БШҒӨО» ЖШС-ның негізінде құрылды (Бұйрық № 22-ф сәйкес 05.03.16 ж.) және «Сынақ орталығы туралы ережеге» сәйкес жұмыс істейді.
СО Қазақстан Республикасының техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінде МЕМСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыретіне қойылатын жалпы талаптар» талабына сай № KZ.T.02.Е1276 2022 жылғы 27 тамыздан аккредиттеу куәлігінің талаптарына сәйкес аккредиттелген.
Сынақтар жүргізу кезінде аккредиттеудің мәлімделген саласына сәйкес барлық қажетті ресурстар бар, оның ішінде:
— зертханалық бөлмелер;
— өлшеу құралдары және сынақ жабдықтары;
— мемлекеттік стандартты үлгілер (МЕМСҮ);
— нормативтік – құқықтық және нормативтік-техникалық база;
— Құзыретті, тәжірибелі және білікті мамандар.
Сынақ зертханаларын ұйымдастыру бойынша қазіргі әлемдік деңгейге сәйкес болу үшін Орталықтың сынақ базасы өлшеу және сынау техникасының жаңа үлгілерімен үнемі толықтырылып отырады, бұл жүргізілген сынақтар нәтижелерінің объективтілігін, толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз етеді.
СО қаржылық тұрақтылыққа ие, СО қызметкерлері сапалы сынақ жұмыстарын жүргізу мақсатында сынақ жабдықтармен, қажетті кеңсе техникаларымен қамтамасыз етілген.
Сынақ орталығының құрылымына 4 зертхана кіреді:
МЕМСТ ISO/IEC 17025-2019 талаптарының негізінде сапа жүйесі әзірленіп, енгізілген. Келісім — шарт жасалған сәттен бастап сынақ хаттамасы берілген сәтке дейін, қате нәтижелер беріліп кетпеу мақсатында, жүйенің әрбір элементін қатаң бақылауға алынады.