Гидробиология зертханасы «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Алматы филиалы берген зертханадағы өлшем құралдарының жағдайын бағалау актісі негізінде жұмыс істейді.
Зертхана барлық қажетті құрал-жабдықтармен, ғылыми-әдістемелік әдебиеттермен, заманауи микроскоптармен жабдықталған.
Зертхана қызметкерлері гидробиологиялық үлгілерді өңдеу, материалды талдау, есептер құрастыру, мақалалар жазу жұмыстарын орындайды.
Сондай-ақ, зертхана қызметкерлері Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының (Министрліктер, комитеттер, басқармалар, әкімшіліктер және т.б.) тапсырыстары және жеке жеке шаруашылықтар мен кәсіпкерлердің тапсырыстары бойынша жұмыстарды орындайды.
Зертхана қызметкерлері ғылыми әдебиеттерді зерделеу, ғылыми конференцияларға, семинарларға қатысу және өз қызмет бағыттары бойынша тағылымдамадан өту арқылы өз біліктіліктерін үнемі арттырып отырады.
Зертхананың ғылыми-техникалық қызметінің негізгі нәтижелері Scopus/Web of Science деректер базасына енгізілген рейтингі жоғары шетелдік журналдарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынатын ғылыми басылымдар тізбесіне кіретін басылымдарда жарияланады.