2022 жылдың 13-15 Маусым аралығында «БШҒӨО» ЖШС сынақ жетекшісі Айтқалиева А.А. «Қазақстанның Техникалық реттеу, метрология және басқару жүйелері институты» ЖШС-де МЕМСТ ISO/IEC 17043-2013 «Сәйкестікті бағалау. Біліктілікті тексеруге қойылатын негізгі талаптар» және ҚР СТ ISO 19011-2019 «Менеджмент жүйелерінің аудиті бойынша нұсқаулықтар» тақырыптары бойынша оқу курсын өтті.
Бағдарлама үш кундік тренингті қамтып, мына тақырыптар бойынша дәрістер және практикалық жұмыстар жүргізілді: ГОСТ ISO/IEC 17043-2013. Негізгі ережелер; Аккредиттеу органының іс жүргізу құжаттары; Басқару жүйесіне қойылатын талаптар; Зертханааралық салыстырмалы сынақтар мен салыстырулар; Зертханалардың жұмыс істеу статистикасын есептеу; Сынақ нәтижелерінің сапасы туралы қорытынды; Сапа көрсеткіштері бойынша біліктілікті тексеру бағдарламалары; Z-индекс, zʹ-индекс, ζ-индекс, En-индекс мәнін есептеу; Өлшемдердің белгісіздігін бағалауға қойылатын талаптар; А және В типтері үшін стандартты белгісіздікті есептеу, жалпы стандартты белгісіздік, кеңейтілген белгісіздікті есептеу; ҚР СТ ISO 19011-2019.
Курс соңында қатысушы емтиханды «өте жақсы» деген бағамен тапсырып, куәлік алды.