Қазіргі кезде «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС «Сирек кездесетін түрлердің жасанды өсімін молайту және бөгде балық түрлері мен басқа да гидробионттардың таралуын болдырмау бойынша ұсыныстарды жасау мақсатында сирек және жойылып кету қаупі бар балық түрлері популяцияларын және бөгде гидробионттарды зерттеу» МҚБ жобасы аясында зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Пілмайды ғылыми-зерттеу тұрғысынан аулау Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Рұқсаты (20.05.2022 ж.) бойынша жүргізілуде. 2022 ж. маусым айының 15-ші жұлдызында Қапшағай суқоймасының оң жақ жағалауының жоғарғы бөлігінен ғылыми-зерттеулік аулау кезінде құрма ауға 5 дана пілмай ауланды. Ауланған балықтардың ұзындықтары 29,0-32,0 см, дене салмақтары 99,7-118,6 г аралығында болды. Ауланған 5 дана пілмай уақытша ұстау үшін «Қапшағай уылдырық шашу — өсіру шаруашылығы-1973» ЖШС-на жөнелтілді. Ары қарай тәжірбиені жалғастыру үшін ұсталған пілмайлар тірі күйінде «БШҒӨО» ЖШС-ң Балқаш филиалына жіберіледі.