Қапшағай суқоймасында және Іле өзенінде жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстары

2026 жылғы 12 мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін экспедициялық жасақ құрамында экспедициялық отрядтың жетекшісі С.Ж. Макамбетов, ихтиология зертханасының меңгерушісі Е.Т. Сансызбаев, ғылыми қызметкерлер Б.С. Пангереев пен Л.А. Жданко, әкімшілік-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі Е.Ж. Кошербаев, сондай-ақ жүргізушілер Н.К. Сахарин және А.Ж. Сазанбаев 021 бюджеттік бағдарламасы (100 бағдарламалық тармақ) және 267 бюджеттік бағдарламасы (101 бағдарламалық тармақ) аясында Қапшағай су қоймасы мен Іле өзенінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Жұмыстың мақсаты – Қапшағай суқоймасында, құярлық аймақта, Іле өзенінде (жоғары ағысы) балық ресурстары мен өзге де су жануарларының рұқсат етілетін шектеулі ауланатын мөлшерін есептеу және кәсіпті тиімді жүргізу жөнінде ұсыныстар беру үшін басты кәсіптік балық түрлерінің популяцияларының қазіргі кездегі жағдайын бағалау, сонымен қатар, биологиялық әртүрлілік динамикасын талдау және оны сақтау жөніндегі шараларды әзірлеу.

Қазіргі таңда экспедициялық отряд төмендегідей кешенді (гидрохимиялық, гидробиологиялық, ихтиологиялық) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде:
– Мониторингтік станциялардан гидробиологиялық, гидрохимиялық және ихтиологиялық сынамалар алынуды.
– Балық популяцияларының биологиялық көрсеткіштерін талдау, оның ішінде өлшемдік-салмақтық сипаттамаларын, сондай-ақ жынысы мен жетілу сатысын анықтау;
– Қапшағай су қоймасы мен Іле өзеніндегі негізгі кәсіптік балық түрлерінің тұқымдылығын анықтау үшін сынамалар алу;
– Алдын ала белгіленген нүктелерде эхолоттық түсірілім жүргізу және зерттеу аймағындағы кәсіптік жағдайды талдау;
Қапшағай суқоймасында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу кезеңінде Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы (БАОББШИ) Қапшағай балық инспекциясы бөлімінің бас маманы Советхан Ш.С. қатысуда.

 Кешенді зерттеу жұмыстары 2026 жылдың 13 маусымына дейін жалғасады.