2026 жылғы 8 мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін экспедициялық жасақ құрамында экспедициялық отрядтың жетекшісі С. Қарлыбайұлы, ғылыми қызметкер Д.С. Бектуров, ғылыми қызметкер м.а. Р. Игилик, кіші ғылыми қызметкер С.А. Өтеген және лаборант-жүргізуші Н.Б. Абишев 021 бюджеттік бағдарламасы (100 бағдарламалық тармақ) және 267 бюджеттік бағдарламасы (101 бағдарламалық тармақ) аясында Алакөл көлдер жүйесінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
Жұмыстың мақсаты – Алакөл көлдер жүйесінде балық ресурстары мен өзге де су жануарларының рұқсат етілетін шектеулі ауланатын мөлшерін есептеу және кәсіпті тиімді жүргізу жөнінде ұсыныстар беру үшін басты кәсіптік балық түрлерінің популяцияларының қазіргі кездегі жағдайын бағалау, сонымен қатар, биологиялық әртүрлілік динамикасын талдау және оны сақтау жөніндегі шараларды әзірлеу.
Қазіргі таңда экспедициялық отряд төмендегідей кешенді (гидрохимиялық, гидробиологиялық, ихтиологиялық) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде:
– Мониторингтік станциялардан гидробиологиялық, гидрохимиялық және ихтиологиялық сынамалар алынуды.
– Балық популяцияларының биологиялық көрсеткіштерін талдау, оның ішінде өлшемдік-салмақтық сипаттамаларын, сондай-ақ жынысы мен жетілу сатысын анықтау;
– Алакөл көлдер жүйесінде негізгі кәсіптік балық түрлерінің тұқымдылығын анықтау үшін сынамалар алу;
– Алдын ала белгіленген нүктелерде эхолоттық түсірілім жүргізу және зерттеу аймағындағы кәсіптік жағдайды талдау;
Алакөл көлдер жүйесінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу кезеңінде Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы (БАОББШИ) Алакөл балық инспекциясы бөлімінің бас маманы Куленова Ш.Б. қатысуда. Кешенді зерттеу жұмыстары 2026 жылдың 16 маусымына дейін жалғасады.

