Қиғаш өзенінде кешенді мониторинг жүргізу

2026 жылғы 19-31 мамыр аралығында «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС қызметкерлері «Магистральдық су құбыры» ЖШС-мен жасалған келісімшарт аясында трансшекаралық Қиғаш өзенінде кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге кірісті. Зерттеу тақырыбы: «Астрахань–Маңғышлақ» магистральдық су құбырының «Қиғаш» бас су айдау сорғы станциясының су тарту құрылысының шаруашылық қызметі нәтижесінде Қиғаш өзенінің балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін залалдың өтемақы мөлшерін бағалау (есептеу), сондай-ақ балық қорғау құрылғысының тиімділігін анықтау».

Маусымдық мониторинг аясында «БШҒӨО» ЖШС бас бөлімшесінің ғалыми қызметкерлер Асылбекова С.Ж., сондай-ақ Атырау филиалының мамандары Кадимов Б.Л., Сүлейменов С.Б. және Абдошова М.М. балық ресурстарының және олардың қоректік базасының, соның ішінде зоопланктон мен фитопланктонның жай-күйін бағалауға бағытталған гидробиологиялық сынамалар алуда. Сонымен қатар жұмыстар барысында су тарту құрылыстарында орнатылған балық қорғау құрылғыларының шабақтардың қырылуын болдырмау мақсатындағы тиімділігі зерттелуде.

Қиғаш өзені трансшекаралық су нысаны болып табылады. Жүйелі ғылыми бағалау осы стратегиялық маңызы бар өңірдегі биоалуантүрлілікті сақтау, балықтардың көші-қон жолдарын және олардың табиғи көбею жағдайларын қорғау бойынша тиімді шараларды әзірлеуге мүмкіндік береді.