Бүгін, 02.06.2022, Алматы қаласында Ⅰ «ӘЛЕМДІК АКВАӨСЕРУ: БҮГІН ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ» атты халықаралық конференциясы өтті.
Конференцияға Балық Шаруашылығы Ғылыми-Өндірістік орталығының (БШҒӨО) бас директоры, б.ғ.д. Исбеков Қ.Б. қатысты және «Балық шаруашылығын дамытуға ғылыми көзқарас» атты баяндама жасады. Шара барысында Қазақстанның үздік балық өсірушілері, сонымен қатар Польша, Түркия, Өзбекстан және Ресейден келген сарапшылар мен кәсіпкерлер тәжірибелерімен бөлісті.
Конференцияны Қазақстан Республикасы Экология, Геология және Табиғи Ресурстар Министрлігі (ҚРЭГТРМ) Балық шаруашылығы комитетінің қолдауымен «Балық Мектеп» ЖШС ұйымдастырды.