«Маңғыстау облысында заңды бекіре балық өнімдерінің түрлері мен санын көбейту және олардың экспорттық және ішкі әлеуетін арттыру үшін тірі әдісті қолдана отырып, тағамдық уылдырық алу үшін толықтырушы аналық үйірлерді дайындаудың инновациялық технологияларын енгізу» 019 бағдарламасы
Өтініш беруші: Маңғыстау облыстық балық шаруашылығы департаменті
Грант алушы: «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС
Жоба мақсаты: Маңғыстау облысындағы балық өсіру зауытында өнімділікті арттыру және жоғары сапалы тағамдық уылдырықтың тұрақты өндірісін қамтамасыз ету үшін толықтырушы аналық үйірлерді дайындаудың тиімді әдістерін енгізу.
Жоба мақсаттары (20 ай ішінде 3 іс-шара):
— жыныс өнімдері пісіп-жетілген толықтырушы аналық үйірлерін сұрыптаудың технологиялық әдістерін енгізу;
— Тағамдық уылдырық өндірісінің тиімділігін арттыру үшін толықтырушы аналық үйірлерді арнайы жемдерді енгізу;
— Қайталап пайдалану үшін пайдаланылған аналық үйірлерді сақтау және қалпына келтіру мүмкіндігімен тағамдық бекіре уылдырығын жыл сайын өндірудің технологиялық әдістерін енгізу.
Жобаның орналасқан жері: Kazakh Osseter» ғылыми-өндірістік мекемесі
Жобаның ұзақтығы: 2025-2027
Күтілетін нәтижелер:
— Аналық үйірлерді мақсатты түрде тағамдық уылдырық алуды қалыптастырудың технологиялық бағалау әдістері әзірленеді және енгізіледі;
— «Kazakh Osseter» ҒӨМ-де аналық үйірлерді күтіп ұстау жағдайларын оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірленеді және жоғары сапалы тағамдық уылдырық өндіру үшін енгізіледі.
— Маңғыстау облысындағы «Kazakh Osseter» ҒӨМ –де аналық үйірлерді күтіп ұстаудың инновациялық тәжірибелері әзірленеді және енгізіледі.
— Маңғыстау облысындағы агробизнес субъектілеріне аймақтағы балық фермаларында өндірілген балық өнімдерін сатуға көмек көрсетіледі.
— «Kazakh Osseter» ҒӨМ ЖШС негізгі қызметкерлері жоғарыда аталған инновациялық әдіс бойынша оқытылады және тұрақты өндірісті одан әрі қамтамасыз ету құзыреттілігіне ие болады.
2025-2026 жылдары алынған нәтижелер:
Бекіре балықтарын сұрыптау (бекіре балықтарының өнімділік қасиеттерін кейіннен пайдалану үшін бағалау) және түгендеу жүргізілді;
Тағамдық уылдырық өндіру үшін перспективалы аналықтар таңдалды.
Аналық уылдырық овуляциялық жетілу үшін қыстату бассейнінде ұсталды.
Тірі әдіспен 20 кг тағамдық уылдырық алынды