Іле өзенінің ихтиофаунасына кешенді зерттеу жүргізу

Балқаш филиалының қызметкерлері 021 (100) бюджеттік бағдарламасын іске асыру аясында 18-25 сәуір аралығында Іле өзенінің Тасмұрын магистральдық арнасы мен Бақанас ауылы ауданында кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізді. Бірлескен жұмыстарға Төменгі Іле балық инспекциясы бөлімінің бас маманы А.А. Асылбек қатысты.

Жұмыс барысында мамандар гидрологиялық көрсеткіштерді анықтады, гидрохимиялық және гидробиологиялық сынамалар алды, балықтарға биологиялық талдау жасады және уылдырық шашу алдындағы жағдайды бағалады. Ықпа торлардың көмегімен ақ балығының (жерех) уылдырық шашу алдындағы өрісі анықталды. Сондай-ақ, сүзекі ауымен бөтен және сор балық түрлерін аулау және оларға кейіннен морфологиялық талдау жұмыстарын жасау жүзеге асырылды.