Маңғыстау облысының бекіре шаруашылығына инновациялық технологияларды енгізу бағдарламасының іске асырылуы туралы
2026 жылғы 17 сәуірде Маңғыстау облысында «Заңды бекіре өнімдерінің ассортименті мен көлемін ұлғайту, оның экспорттық және ішкі әлеуетін арттыру үшін тірілей әдіспен тағамдық уылдырық алу мақсатында аналық үйірлерді дайындаудың инновациялық технологияларын енгізу» атты 019-бағдарламаны іске асыру аясында «БШҒӨО» ЖШС-ның практикалық іс-шаралары өтті.
Жұмыс барысында бекіре тұқымдас балықтардың овуляцияланған уылдырығын іріктеп алу және одан әрі тағамдық қара уылдырықты тұздау шаралары жүргізілді. Бұл технологияларды енгізу келесі мақсаттарға бағытталған:
-бекіре өнімдерінің ассортиментін кеңейту;
-заңды өндіріс көлемін арттыру;
-саланың экспорттық және ішкі әлеуетін дамыту.
Іс-шараға келесі тұлғалар қатысты:
-Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Асхат Оралов;
-Маңғыстау облысы балық шаруашылығы басқармасының басшысы Арман Бағытжанұлы Молдашев.
Жүргізілген жұмыстар акваөсіруді дамытуға және өңірдегі бекіре шаруашылығының тиімділігін арттыруға бағытталған жүйелі тәсілдің бір бөлігі болып табылады.
