Балық шаруашылығы ғылымын дамыту: «Ауыл» партиясымен кездесу күн тәртібі
«Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-де «Ауыл» партиясының Алматы қалалық филиалының төрағасы Қонырбаев Ахметбек Байоразұлының қатысуымен кездесу өтті.
 
Сапар барысында Ахметбек Байоразұлы Орталық ұжымымен кездесіп, ұйымның қызметімен танысты. Кездесу аясында ол бастапқы партия ұйымының жаңа төрағасы болып тағайындалған Баракбаев Тынысбек Темірханұлын құттықтады.
 
Өз сөзінде Ахметбек Байоразұлы балық шаруашылығы саласындағы ғылыми әлеуетті дамытудың маңыздылығын атап өтіп, оның елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі және су биологиялық ресурстарын ұтымды пайдаланудағы маңызды рөлін ерекше атап өтті. Сондай-ақ Орталық мамандарының отандық балық шаруашылығы ғылымы мен аквакультураны дамытуға қосқан үлесіне ерекше назар аударылды.