2026 жылғы 07 сәуірден бастап БМҚ шеңберінде «Қазақстанның балық өсіру шаруашылықтары жағдайында перспективалы акваөсіру нысандарын өсірудің тиімді биотехникалық тәсілдерін сынақтан өткізу және енгізу, оларды ДНҚ-маркерлерді қолдана отырып, генетикалық сәйкестендіру» жобасы бойынша іс-шаралар жүзеге асырылуда.
️Қазіргі уақытта инкубациялық цех жағдайында Розенберг тұщы су шаяндыры және шағын тоғандар жағдайында мөңкені эксперименттік өсіруді жүргізу үшін база дайындау жұмыстары жүріп жатыр. Шағын-ТСЖҚ (тұйық сумен жабдықтау қондырғысы) орнатылды, тоған алқаптарын дайындау жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, «Қапшағай УШӨШ-1973» ЖШС базасында уылдырық шашу науқанын өткізу бойынша әдістемелік көмек көрсету аясындағы іссапар кезінде тұқы тұқымдас балықтарды табысты өсіруге бағытталған дайындық іс-шараларының кешені жалғасуда.
Мамандар аквакультураның негізгі нысандарына кіретін аналық балықтарға бонитировка (сапалық бағалау) жүргізді:
• тұқы (карп)
• сазан
• ақ амур
• ақ дөңмаңдай
Жұмыс барысында өндірушілердің физиологиялық жағдайына, олардың уылдырық шашуға дайындығына баға берілді, сондай-ақ одан арғы жұмыс үшін топтар жасақталды.
