«Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-нің 2026 жылғы 08 сәуріріндегі № 36-К бұйрығына сәйкес, 09 сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін экспедициялық жасақ құрамында: зертхана меңгерушісі Сансызбаев Е.Т., экспедициялық отрядтың жетекшісі Макамбетов С.Ж., ғылыми қызметкер Қарлыбайұлы С. және зертханашы Сахарин Н.К. 021 бағдарлама (100 бағдарлама тармағы) аясында Қапшағай су қоймасында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
Зерттеу жүргізу кезеңінде келесі жұмыстар атқарылуда:
– балық популяцияларының биологиялық көрсеткіштерін талдау, оның ішінде өлшемдік-салмақтық сипаттамаларын, сондай-ақ жынысы мен жетілу сатысын анықтау;
– Қапшағай су қоймасы мен Іле өзеніндегі негізгі кәсіптік балық түрлерінің тұқымдылығын анықтау үшін сынамалар алу;
– алдын ала белгіленген нүктелерде эхолоттық түсірілім жүргізу және зерттеу аймағындағы кәсіптік жағдайды талдау;
– балықшылардың кәсіптік аулауларына мониторинг жүргізу.
• Қапшағай суқоймасында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу кезеңінде Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы (БАОББШИ) Қапшағай балық инспекциясы бөлімінің бас маманы Советхан Ш.С. қатысуда.
• Кешенді зерттеу жұмыстары 2026 жылдың 25 сәуіріне дейін жалғасатын болады.

