«Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС ұжымы «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Батыс Қазақстан филиалы директоры РhD Туменов Артур Насибуллаұлын 40100 – «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» ғылыми бағыты бойынша Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алуымен шын жүректен құттықтайды! Бұл – сіздің жоғары кәсібилігіңізді, көпжылдық еңбегіңізді және ғылым мен білімнің дамуына қосқан зор үлесіңізді айқындайтын лайықты жетістік.
Артур Насибуллаұлы 2019 жылдан бері «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» Батыс Қазақстан филиалы директоры қызметінде жұмыс жасайды, 19 жылдық ғылыми еңбек өтілімі бар кәсіби маман. Ғылым жолында Web of Science, Scopus және т.б. базасындағы ғылыми журналдарында 46 мақала жарияланды, 6 монография және 1 оқу-әдістемелік құрал басып шығарылды және 8 инновациялық патенті бар. 2023 жылы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі бұйрығымен «Балық шаруашылығы саласына мінсіз қызметі үшін» Төсбелгісімен марапатталды. Өз саласында балық ресурстарын сақтау және көбейту, аквакультура жүйесін дамыту, балық ресурстарын тиімді пайдалану, өндірістік тәжірибеге заманауи технологияларды енгізу бағыттарына негізделген бағдарламалар мен жобаларда ауқымды жұмыстар жүргізуде.
Артур Насипбуллаұлының көшбасшылығы, өз ісіңе деген адалдығы мен жауапкершілігі, кәсіби жан-жақтылығы ұжымдағы әріптестер мен жас ғалымдарға үлгі болмақ!
Сізге зор денсаулық, амандық, жаңа ғылыми жетістіктер және қызметіңізде толағай табыстар тілейміз! Кәсіби көкжиегіңіз шексіз болсын! Ғылыми ізденістеріңіз әрдайым жаңалыққа толы болсын!