Бүгін, 2022 жылғы 11 Мамырда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Көлді ауылында аймақта балық шаруашылығының түйткілді мәселелері бойынша жиын өтті.
Отырысқа қатысқандар: Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Бахиянов А.Қ., Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының (БАМБИРХ) бастығы А.С.Суюбаев, Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының бас директоры Исбеков Қ.Б., «БШҒӨО» ЖШС қызметкерлері : м.а. Ихтиология зертханасының меңгерушісі Сансызбаев Е.Т., Ихтиология зертханасының жетекші ғылыми қызметкері Исмуханов Х.К., сонымен қатар ауданның жергілікті атқарушы органының, балық шаруашылығы бірлестіктерінің, балық шаруашылығы субъектілерінің өкілдері және балықшылар қатысты.
Қойылған сұрақтардың ішінде: Қапшағай су қоймасында кәсіптік балық аулауға мораторий енгізу мәселесін талқылау, балық аулау лимиттерін арттыру, бассейннің су айдындарында балық аулау күшінің нормаларын қайта қарау, мал жаюға арналған жайылымдық жердің болмауы және Шілік тоған шаруашылығын мемлекет меншігіне қайтару.
Жиын нәтижесінде барлық көтерілген мәселелер бойынша ауыл тұрғындарына түсініктемелер берілді. Атап айтқанда, кәсіптік балық аулауға мораторий енгізу мәселесі бүгінде ерте.
Лимиттерді ұлғайту және балық аулау күшінің нормаларын қайта қарау мәселесі бойынша қазір тиісті жұмыс топтары құрылды, бассейндік инспекциялар балық шаруашылығы ғылыми ұйымымен бірлесіп тиісті тәжірибелік зерттеулер жүргізеді.
Ғылыми зерттеулер мен су қоймаларында жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бойынша қорытынды кеңес өткізу жоспарлануда, онда жұмыс нәтижелері мен олар бойынша қабылданған шешімдер жарияланады.