Аквашаруашылықты мемлекеттік қолдау: субсидиялау талаптары мен тәртібі

Республика аквашаруашылық өндірісінің құнын төмендетуге, оның өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық шаруашылығын дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыруда.

Мемлекеттік қолдау нақты өндіріс шығындарының бір бөлігін өтеу арқылы жүзеге асырылады:

— шығындардың 30%-ы – аквашаруашылық түрлерін өсіруде пайдаланылатын азық сатып алуға;

— шығындардың 50%-ы:

шабақтарды сатып алуға;

аналық балық үйірін сатып алу және күтіп ұстауға;

балық өсіру биологиялық негіздеме алуға;

аквашаруашылықта қолданылатын препараттарды сатып алуға.

Қалай өтініш беруге болады?

Өтініш берудің мерзімі: 1 ақпаннан 20 желтоқсанға дейін

Өтініш беру: электрондық үкімет порталы және агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі (АӨК СМАЖ) арқылы онлайн режимінде

Қарау: кезек бойынша

Төлем: жергілікті бюджет қаражаты шегінде

электрондық қолтаңба және АӨК СМАЖ-да жеке кабинет қажеттің болуы

Негізгі талаптар

⸙ Өндірістік инфрақұрылымның болуы (мамандар тобының қорытындысы);

⸙ Расталған электрондық шот-фактуралардың немесе кедендік құжаттардың болуы;

⸙ Аквашаруашылық өндірісінің көлемін растау;

⸙ Өндірістік процестердің фото- және бейнежазбасы.

Толық талаптар: ҚР АШМ- 2025 жылғы 1 қарашадағы №412 бұйрығында және жергілікті атқарушы органдардың ресми сайттарында қолжетімді.