Бекіре шаруашылығындағы бонитировка жұмыстары

2026 жылғы 15-24 қаңтар аралығында Маңғыстау облысында «Заңды бекіре өнімдерінің ассортименті мен көлемін ұлғайту, оның экспорттық және ішкі әлеуетін арттыру үшін тірілей әдіспен тағамдық уылдырық алу мақсатында аналық табынды дайындаудың инновациялық технологияларын енгізу» атты 019-бағдарлама аясында «Kazakh osseter» ҒӨК» ЖШС базасында бекіре тұқымдас балықтарды бонитировкалау бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде.

Бағдарламаның күнтізбелік жоспарына сәйкес, «БШҒОӨ» ЖШС аквакультура зертханасының ғылыми қызметкері Г.М. Маратова мен «Kazakh osseter» ҒӨК» ЖШС технологы келесі жұмыс түрлерін орындауда:

  • ПИТ-меткаларды қолдана отырып, уылдырық беретін аналықтарды таңбалау;
  • Уылдырық беретін аналықтарды бонитировкалау және іріктеу;
  • Қыстату кешенін дайындау және монтаждау жұмыстарын жүргізу;
  • Балықтарды бейімдеу және оларды қыстатуға орналастыру;
  • Судың гидрохимиялық режиміне, соның ішінде температуралық режим мен еріген оттегі концентрациясына, сондай-ақ балықтарды ұстаудың оңтайлы жағдайларын сақтау үшін қажетті су сапасының басқа да негізгі көрсеткіштеріне жүйелі бақылау жүргізу;
  • Маңызды әрі негізгі жұмыс — жоғары сапалы тағамдық уылдырық алуға ықпал ететін, уылдырық беретін аналықтардың оңтайлы қыстау жағдайларын ұйымдастыру және қамтамасыз ету.