«БШ ҒӨО» ЖШСның Бас бөліміне ғылыми қызметкер қажет
Біліктілігі мен жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:
- жоғары кәсіби білім, магистратура;
- ғылыми дәрежесі болған немесе тағылымдамадан өткен жағдайда – жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
- тиісті мамандық бойынша кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі болғаны жөн;
- мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеру;
- Windows, Microsoft Office, Internet бағдарламаларын пайдаланушы деңгейінде меңгеру.
Қосымша артықшылық беретін тәжірибе, білім мен дағдылар:
- Шет тілдерін меңгеруі – құпталады.
- ҚР Конституциясын, ҚР Еңбек кодексін, «Ғылым және технологиялық саясат туралы», «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы», «ҚР-дағы тілдер туралы» Заңдарын, «Сапа менеджменті жүйесінің талаптары» мемлекеттік стандартын, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын және осы лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін ҚР басқа да нормативтік-құқықтық актілерін білу.
- Жүргізілетін зерттеулер мен әзірлемелердің мақсаттары мен міндеттерін, осы зерттеулер мен әзірлемелер бойынша отандық және шетелдік ақпаратты білу.
- Зерттеулер мен әзірлемелерді жоспарлау мен ұйымдастырудың заманауи әдістері мен құралдарын білу.
Тұлғалық қасиеттері:
- аналитикалық ойлау;
- креативтілік;
- тұлғааралық қарым-қатынас және келіссөздер жүргізу дағдылары;
- мақсатқа ұмтылушылық;
- ізеттілік;
- орындаушылық;
- өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу.
Барлық сұрақтар бойынша хатты info@fishrpc.kz электрондық поштасына жіберулеріңізді сұраймыз. Немесе мына телефон бойынша хабарласыңыз: +7 (727) 383-17-16 – Кадр менеджері.