«ҚР бекіре өсіру шаруашылықтарындағы генетикалық алуантүрліктерді ескере отырып бекіре балықтарының толықтырушы–аналық үйірлерін қалыптастыру және тиімді пайдалану» жобасын іске асыру шеңберінде, «Орал-Атырау бекіре балық өсіру зауыты» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында «БШҒӨО» ЖШС қызметкерлері: бас директордың орынбасары, биология ғылымдарының докторы, Асылбекова С.Ж. және гидробионттар генетикасы зертханасының меңгерушісі Шалгимбаева Г.М. қатысуымен бекіре тұқымдас балықтардың генетикалық сараптамасы үшін сынамаларды іріктеудің бірінші кезеңі өтуде. Генотиптеу нәтижелері бойынша, балық-шаруашылығы ғылыми-зерттеу Орталығы аналық-ремонттық үйірге іріктеліп алынған бекіре тұқымдас балықтардың генетикалық паспорттарын әзірлеп табыстайды.