2024–2026 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламалар шеңберінде Ғылыми/Координациялық кеңестің отырысы
2025 дың 7–8 қазан аралығында  «Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС бас кеңсесінде 2024–2026 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламалар шеңберінде жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының 2025 жылға арналған есептерін қарау жөніндегі Ғылыми/Координациялық кеңестің отырысы өтуде.
 
Отырысты «БШ ҒӨО» ЖШС Бас директордың орынбасары, PhD Барақбаев Т.Т. жүргізуде.
 
Отырысқа келесі қатысушылар қатысуда:
  • Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінің өкілі — Кожаева З.С.;

Ғылыми-зерттеу жобаларының қосалқы орындаушылары:

  • Куанчалеев Жақсығали Батыргалиевич — С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің аңшылықтану және балық шаруашылығы кафедрасының аға оқытушысы;
  • Абдыбекова Аида Макеновна — ветеринария ғылымдарының докторы, профессор, «ҚазНИВИ» ЖШС Бас директордың орынбасары;
  • Қыдырманов Айдын Исағалиевич — ветеринария ғылымдарының докторы, PhD, профессор, «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС вирус экологиясы зертханасының меңгерушісі;
  • Габбасов Марс Беккалиевич — физика-математика ғылымдарының кандидаты, «Фактор» жүйелік зерттеулер компаниясы» ЖШС Бас директоры;
  • Баймуканов Мирғали Төлеуғалиұлы — биология ғылымдарының кандидаты, жоба жетекшісі, «Гидробиология және экология институты» мекемесі.
 
📑 Отырыстың күн тәртібі 2025 жылға арналған келесі ғылыми-зерттеу тақырыптары бойынша есептерді қарауды қамтиды:
1.«Қазақстанның әртүрлі өңірлерінің табиғи-климаттық жағдайларында экономикалық тұрғыдан тиімді инновациялық технологиялар мен аквакультураның жаңа нысандарын әзірлеу және енгізу»
(ЖТН: BR23591065, жоба жетекшісі — б.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі Асылбекова С.Ж.)
2.«Су айдындарының әлеуетін бағалау және қорлардың динамикасын модельдеу негізінде су биологиялық ресурстарын сақтау және орнықты пайдалану жөніндегі кешенді зерттеулер»
(ЖТН: BR23591095, жоба жетекшісі — б.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі Исбеков К.Б.)
 
Отырыстың нәтижелері бойынша 2025 жылға арналған есептер Ғылыми кеңесте мақұлданып, «БШ ҒӨО» ЖШС Бас директорына бекітуге және Тапсырыс берушіге белгіленген тәртіппен жолданатын болады.