Алакөл көлдер жүйесінің балық ресурстарын тұрақты дамыту бойынша жұмыстар атқарылуда

2025 жылдың 5 қыркүйегінен бастап бүгінгі күнге дейін «БШҒӨО» ЖШС қызметкерлері – С. Қарлыбайұлы, Ж. Баққожа, Б. С. Пангереев және Н. К. Сахарин – Алакөл көлдер жүйесінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Зерттеулер бюджеттік бағдарламалар шеңберінде  жүзеге асырылуда.

Қазіргі уақытта экспедициялық жасақ келесі бағыттар бойынша жұмыс істеуде:

  • Балықтардың негізгі биологиялық көрсеткіштеріне талдау жүргізіліп, ихтиологиялық материал жиналуда;
  • Су айдындарындағы кәсіптік маңызы бар ихтиофауна құрамы зерттелуде;
  • Бекітілген балық шаруашылығы учаскелерінде табиғат пайдаланушылардың кәсіптік аулау қызметі сарапталуда.

Жұмыстар Алакөл балық инспекциясы бөлімінің бас маманы Ш. Күленованың қатысуымен жүргізілуде.

Алакөл көлдер жүйесіндегі зерттеу жұмыстары жалғасуда.