Бұқтырма су қоймасының №5 және №10 балық шаруашылығы телімдерінде балық ресурстарының жай-күйін бағалау бойынша жұмыстар жүргізілді

Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының ихтиологиялық жұмыс жоспарына сәйкес, инспекция  қызметкерлері «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Алтай филиалының қызметкерлерімен бірлесіп және табиғат пайдаланушылардың қорықшылық қызметінің қатысуымен 2022 жылғы 23-24 сәуір аралығында Бұқтырма су қоймасының 5 және 10 балық шаруашылығы телімдерінде  балық ресурстарының жай-күйін бағалау бойынша жұмыстар жүргізілді.

Сонымен қатар, пайдалануға рұқсат етілген кәсіпшілік балық аулау құралдарының (капрон торлары) және қолдануға тыйым салынған балық аулау құралдарының (моножіптен және монофиламенттен жасалған торлар) балық аулау деңгейі мен селективтілігін зерттеу тұрғысынан жұмыс жүргізілуде. Аталған жұмыстар жалғасуда.