Зайсан-Ертіс бассейнінің су айдындарына 20 млн. данадан астам ақсаха тұқымдас балық түрлерінің дернәсілдері жіберілді.
Балық ресурстарының жасанды өсімін молайту бойынша 2022 жылға арналған мемлекеттік тапсырысты орындау шеңберінде бүгін “Шығыс Универсал» ЖШС Бұқтырма су қоймасына 4,5 млн.дана көкшұбар балығының дернәсілдерін жіберді.
Су айдындарына балық жіберу Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының, жергілікті атқарушы органның, “Балық шаруашылығы қауымдастығы – BD» балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығының, «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Алтай филиалының өкілдерінен құралған комиссия арқылы бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен жүзеге асырылды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін осы жылдың 18-20 сәуір аралығында «Шығыс Универсал» ЖШС мемлекеттік тапсырысты орындау аясында Шүлбі су қоймасына 17,1 млн.данадан астам ақсахатұқымдас балық түрлерінің дернәсілдерін жіберген болатын.
Республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарына балық жіберу жөніндегі іс-шаралар жалғасуда.