Балық қорларын есептеу және бағалау тақырыбындағы семинар

№ BR2359l095 БНҚ аясында, «Балықтардың санын есепке алу және шекті рұқсат етілген аулауды есептеу бойынша бағдарламалық кешенді және отандық әдістемелік ұсынымдарды әзірлей отырып, ішкі кәсіпшілік су айдындарындағы қорлардың жай-күйін модельдеу» жобасы бойынша «Компания системных исследований «Фактор» ЖШС балық қорларын есептеу және бағалау үшін ақпараттық жүйе әзірлеуде.

Бүгін «Компания системных исследований «Фактор» ЖШС-нің бас директоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты Габбасов Марс Беккалиевич «Балық ресурстары қорларын бағалаудың жылдық көптүрлі когорттық математикалық модельдері» тақырыбында онлайн-семинар өткізді.

Семинар барысында келесі мәселелер қарастырылды:

  1. Қорларды математикалық модельдеу;
  2. Шефердің біртүрлі айырмашылық моделі;
  3. Шефердің көптүрлі айырмашылық моделі;
  4. Жас топтарына арналған көптүрлі модель;
  5. Балықтардың әрбір жасына арналған көптүрлі когорттық модель;
  6. Балық түрлерінің өзара әсері;
  7. Жыртқыш балық түрлеріне арналған динамикалық модель теңдеулері;
  8. Жыртқыш балық түрлеріне арналған жартылай динамикалық модель теңдеулері;
  9. Қоршаған орта факторларының әсері.